Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың тәуекелдер дәрежелерін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 17 ақпандағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 наурызда № 6818 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика минстрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 446 бұйрығымен

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне қауіп төндіретін ахуалдың туындауын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 4381376013 (төрт миллиард үш жүз сексен бір миллион үш жүз жетпіс алты мың он үш) теңге, оның ішінде:
      1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына – 4362090000 (төрт миллиард үш жүз алпыс екі миллион тоқсан мың) теңге;
      2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне - 19286013 (он тоғыз миллион екі жүз сексен алты мың он үш) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.15 № 1540 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оған қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов