«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6369 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 246-247 (26307-26308) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау ережесін:
1-тармағында «уақытша әкелу кезінде» деген сөздердің алдынан «олар» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармағында:
бірінші бөлігінде «уақытша әкелу кезінде» деген сөздердің алдынан «олар» деген сөзбен толықтырылсын;
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті;»;
екінші бөлігінде «уақытша әкелінген тауарлар» деген сөздер «осындай уақытша әкелінген тауарлардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармағында:
14) тармақшасында:
«уақытша әкелінген тауарлар» деген сөздерден кейін «бойынша» деген сөзбен толықтырылсын;
«көрсетіледі.» деген сөз «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) салық салу базасы көрсетіледі.»;
көрсетілген Ережеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Министр Б. Жәмішев
«Тұрақты мекеме құрмай қызметін
жүзеге асыратын резидент емес
заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасының аумағына уақытша
әкелінуі қосылған құн салығын
төлеуден босатылатын тауарлар
тізбесінде көзделмеген тауарларды
Қазақстан Республикасының аумағына
уақытша әкелу кезінде қосылған құн
салығы бойынша салық міндеттемесін
орындау ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 350 бұйрығына толықтырулар мен
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Қаржы министрінің
2011 жылғы 25 ақпандағы № 101
бұйрығына қосымша
«Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге
асыратын резидент емес заңды тұлғалардың
Қазақстан Республикасының аумағына
уақытша әкелінуі қосылған құн салығын
төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде
көзделмеген тауарларды Қазақстан
Республикасының аумағына уақытша әкелу
кезінде қосылған құн салығы бойынша салық
міндеттемесін орындау ережесіне қосымша
нысан
Уақытша әкелінген тауарлар, оның ішінде
көлік құралдары туралы мәлімет
Нөмір Күні Айы Жылы
Беті | 1 | -ден | |
Тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын уақытша әкелуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі СТН/(БСН|ЖСН) |
01 _________________________________________________________________ |
02 _________________________________________________________________ |
03 Шарттың (келісімшарттың)№ ______ |
№ р/с |
Тауардың атауы |
СЭҚ ТН коды |
Тауардың өлшем бірлігі |
Тауар саны |
Тауардың құны |
Валюта |
Салық салу базасы |
ҚҚС сомасы |
Көлік (тауарға ілеспе) құжат |
Әкелу күні |
Болжамды әкету күні |
||
Коды |
Коды |
Сериясы, нөмірі |
Күні |
||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
Барлығы: |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
______________________________/__________/ «____»_________20____жылғы
(салық төлеушінің атауы) (қолы) (күні)
М.О.
___________________________________________/_____________/
(нысанды қабылдаған қызметкердің аты-жөні) (қолы)
Нысанды қабылдау күні «____»__________________20____ жылғы салық қызметі органның М.О.