Пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 ақпанда № 6784 тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының 17-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның содан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі орынбасары -
      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрі                                          Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрінің     
орынбасары - Индустрия және 
жаңа технологиялар министрінің
2011 жылғы 28 қаңтардағы  
№ 17 бұйрығымен бекітілді 

Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның (бұдан әрі - БИОК) міндеттерін, қызметтерін, құқықтарын, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтар кен орындарын іздестіру, бағалау және игеру жөніндегі материалдарды және құжаттарды жинау мен сақтау тәртiбiн айқындайды.
      2. БИОК қатты пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтар кен орындарын іздестіру, бағалау және игеру жөніндегі жобалық құжаттарды қарау мақсатында құрылған алқалық, консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      БИОК өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. БИОК құрамын Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бірінші басшысы бекітеді. БИОК құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ тау-кен өндіру мен қайта өңдеу салаларының мамандары кіреді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 26.08.2013 № 257 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. БИОК-ты төраға, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады.
      5. БИОК қызметін ұйымдастыруды, іс жүргізуді, БИОК материалдары мен құжаттарын жинау мен сақтауды жүзеге асыратын БИОК-тың жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті болып табылады.
      Ережеде қолданылған терминдер 2010 жылғы 24 маусымдағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалған мағынада пайдаланылады.

2. БИОК міндеті мен функциялары 

      6. БИОК-тың негізгі міндеті қатты пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтар кенорындарын барлау және игерудiң анағұрлым тиiмдi әдiстерiн қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.
      7. БИОК мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) қатты пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтар кенорындарын барлау және игеру жөнiндегі жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жобалау құжаттарын, оларға толықтырулар мен өзгерiстердi бекiту не бекiтуден бас тарту жөнiндегi ұсыныстарды қарайды және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға енгiзедi;
      2) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға қатты пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтар кенорындарын бағалау және тәжірибелік-өнеркәсіп өндіру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы ұсыныстар жібереді;
      3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға жобалау ұйымдары мен жер қойнауын пайдаланушылар үшін, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтар кен орындарын тиімді және кешенді пайдалануды арттыру бойынша ұсынымдарды жiбередi;
      4) жобалау құжаттарда қатты пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтар кенорындарын барлау және игерудiң анағұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын қолдануды қамтамасыз етедi;
      5) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдары мен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды нақты есепке алу, ұтымды әрi кешендi пайдалану мәселелерi жөнiндегi әзiрлемелерді қарайды;
      6) ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарынан және жер қойнауын пайдаланушылардан жер қойнауын пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды тиімді әрi кешендi пайдалану мәселелерi бойынша анықтамалық және басқа да материалдарды сұрайды;
      7) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынылатын жобалау құжаттарына жер қойнауын пайдаланушылардың өз құзыретi шегiнде ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мемлекеттiк органдарда қосымша сараптамалар жүргiзу қажеттiгi туралы ұсынымдар жiбереді;
      8) жобалау ұйымдары мен жер қойнауын пайдаланушыларға ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарының және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды нақты есепке алу, ұтымды әрi кешендi пайдалану мәселелерi бойынша жаңа нысандар мен әдiстер қолдануды ұсынуға құқылы.

3. БИОК-та материалдарды қарау тәртібі

      8. Жер қойнауын пайдаланушы БИОК-қа 3 (үш) данада қағаз және 10 (он) данада электрондық тасығыштарда жобалық құжаттарды, түсініктемені, сондай-ақ Ережесінің қосымшасына сәйкес өтінішін жібереді.
      9. БИОК-ке мынадай жобалық құжаттар:
      1) iздестіру, бағалау және тәжірибелік-өнеркәсiптiк өндіру жұмыстарының жобалары:
      мемлекеттік экологиялық;
      өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы;
      санитарлық-эпидемиологиялық міндетті сараптамаларымен;
      2) өнеркәсiптiк әзірлемелер жобалары:
      мемлекеттік-экологиялық;
      неркәсіптік қауіпсіздік саласындағы;
      санитарлық-эпидемиологиялық;
      жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану саласындағы міндетті сараптамаларымен ұсынылады.
      Техникалық-экономикалық негіздеме міндетті түрде экономикалық сараптауға жатады.
      10. Осы Ереженің 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген сараптамалармен іздеу, бағалау және тәжірибелік-өнеркәсiптiк өндіру жұмыстарының жобалары БИОК-та жобаның келiп түскен күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні iшiнде қаралады.
      11. БИОК осы Ереженің 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген сараптамалармен іздеу, бағалау және тәжірибелік-өнеркәсiптiк өндіру жұмыстары жобаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасын түскен күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды.
      12. Ереженің 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген сараптамалармен өнеркәсiптiк әзірлемелер жобасы келiп түскен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде БИОК-та қаралады.
      13. БИОК осы Ереженің 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген сараптамалармен өнеркәсiптiк әзірлемелер жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасын БИОК–қа келiп түскен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды.
      14. БИОК-тың жұмыс органы жобалық құжаттар түскеннен соң жер қойнауын пайдаланушыға тәуелсіз сараптама өту қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
      Жер қойнауын пайдаланушы БИОК айқындаған сарапшылар құрамынан жобалық құжаттарды тәуелсіз сараптамадан өткізу үшін өз еркімен сарапшы таңдайды.
      15. Жобалық құжаттамаға тәуелсіз сараптама ұсыну үшін БИОК белгілеген мерзім тәуелсіз сарапшыға оның түскен күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
      16. Тәуелсіз сараптаманың қорытындысы ұсынымдық сипатта болады және құжаттама жобаларының міндетті қосымшасы болып табылады.
      Өндіру жұмыстарын жүрізуге арналған жобалау құжаттамалары бойынша тәуелсіз сараптаманың қорытындысы жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы сараптауды қамтуы тиіс.
      Тәуелсіз сарапшыны тарту азаматтық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушымен шарт негізінде жүзеге асырылады.
      17. Жобалық құжаттарға тәуелсіз сараптама жүргізу шығындары жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу шығындарының құрамына кіреді.
      18. Сараптамалық қорытынды алынғаннан кейін БИОК ұсынылған жобалық құжаттарды қарайды.
      19. БИОК ұсыныстары хаттамамен рәсiмделеді. БИОК отырысының хаттамасын ресімдеуді БИОК хатшысы жүзеге асырады. БИОК отырысының хаттамасына БИОК-тың мәжiлiске қатысқан барлық мүшелерi қол қояды.
      20. БИОК ұсыныстары шешім қабылдау үшін жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті органға жолданады.
      21. БИОК өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді қарау мерзімдері 5 (бес) айдан аспауға тиіс.
      22. БИОК ұсыныстары отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
      23. БИОК мәжiлiстерi егер оған БИОК мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды деп саналады.
      БИОК мүшелері өздерінің қызметтеріне ауыстырылу құқығынсыз қатысады.

4. БИОК қызметiнiң тоқтатылуы

      24. БИОК Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы негiзiнде өз қызметін тоқтатады.

Пайдалы қазбаларды барлау және 
игеру жөніндегі орталық комиссия
туралы ережеге қосымша    

Нысаны
 

Пайдалы қазбаларды барлау
және игеру жөніндегі    
орталық комиссияға      

___________________________________________
(жобалық құжаттың атауы)
жобалық құжатты қарауға арналған
өтініш

1. Жер қойнауын пайдаланушы _________________________________________
                                 (Аты-жөні, заңды тұлғаның атауы)
2. Лицензия, сериясы, № ____________________________________ берілген
                           (Объектілер, қолдану мерзімі)
Берілген күні _______________________________________________________
Берілген мақсаты ____________________________________________________
                         (игеру, барлау және игеруді қоса атқару)
3. Жер қойнауын пайдалануға _________________________________________
                      (құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушы)

____________ арасында бекітілген _______________________ келісімшарт.
   (күні)

Мемлекеттік тіркеу актінің №__________, Күні ________________________

4. Жобалық құжатты әзірлеуші-ұйымның атауы __________________________
Жобалық жұмысты жүргізу құқығына берілетін Лицензияның (сертификаттың) нөмірі, күні және мерзімі ___________________________
_____________________________________________________________________
Өтінішке жобалық құжаттың 3 (үш) данасы қоса беріледі.
      Жобалық құжатты ұсынатын кәсіпорын басшысының аты-жөні және қолы
 

М.О.