Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесін және олардың үлгілік нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 15 ақпанда № 6778 тіркелді

Қолданыстағы

      «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының 22-1-бабының 4-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесі (Бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. Астана, Алматы қалалары және облыстар Ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықтың талаптарына сәйкес жол полициясы бөлінісінің жұмысын ұйымдастырсын.
      3. Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Қ.С. Тыныбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және оның жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Қ.С. Тыныбеков) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                  С. Баймағанбетов

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы Қаржы
      нарығын және қаржы ұйымдарын
      реттеу мен қадағалау агенттігінің
      төрайымы _________ Е.Л. Бахмутова
      2011 жылғы 11 ақпан

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің  
2011 жылғы 9 ақпандағы № 52
бұйрығына қосымша   

Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесі

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол полициясы бөліністерінің көлік оқиғалары болған кезде жұмысын жүзеге асыруына қатысты талаптарды белгілейді.
      2. Көлік құралдардың, жүктердің, жолдардың, жол құрылыстарының немесе өзге де мүліктің зақымдануына әкеп соққан, оның ішінде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ ереже бұзушылық жасаған кезде жол полициясының лауазымды адамдары көлік оқиғасының сызбасын, оған қосымша оқиғаның қатысушылары мен куәгерлерінің түсініктемелерін, көлік құралдарының зақымдағаны туралы анықтаманы жасайды және хаттамаға тігеді. Көлік құралдарының жүргізушілеріне көлік құралдарының зақымдағаны туралы анықтаманы көлік оқиғасы фактісі бойынша әкімшілік істі тіркегеннен кейін жол полициясы кезекші бөлімдерінің уәкілетті лауазымды адамдары береді.
      3. Анықтама тіркеу нөмірін көрсете отырып, жеке журналда тіркелуі және көлік оқиғасының қатысушысына қол қойғызып, берілуі тиіс.
      4. Көлік оқиғасының сызбасында:
      1) көлік оқиғасының орны (жол, көше, елді мекен, аумақ және жер учаскесі);
      2) жүріс бөлігінің ені, әрбір бағытқа арналған қозғалыс жолағының саны;
      3) соқтығысқан орынды көрсете отырып, көлік құралдарының соңғы жағдайындағы (артқы және алдыңғы доңғалақтардың осьтері бойынша) көлік құралдарының (көлік құралының) сызбалық суреті;
      4) көлік оқиғасы орын алғанға дейін оған қатысушылардың қозғалысының бағыты;
      5) бар болған жағдайда - әрекеті көлік оқиғасы орын алған жол учаскесіне әсер ететін жол таңбасының, жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының (белгілер, бағдаршам объектілері, қоршаулар және т.б.), қауіпсіздік белгілері, қоғамдық көліктің аялдамалары, жарық тіреулер, жарнама қалқандары, электр беру және байланыс желілері, қоршаулар, тротуарлар, гүлзарлар, жасыл алқаптар, көлік оқиғасы орнына жақын орналасқан құрылыстардың бар-жоғы;
      6) бар болған жағдайда - көше (көшелердің) атауы, жақын орналасқан үйдің (үйлердің) нөмірлері, жақын орналасқан шақырым көрсеткіш, жақын орналасқан елді мекендердің атаулары көрсетіледі.
      5. Сызбада көрсетілген объектілерді көрсету әр түрлі құрылыстар, белгілер, бағдаршам объектілері, қоршаулар, бағдаршам тіреуіштері, жарнама қоршаулары және басқа да стационарлық объектілер болуы станционарлық бекетке (стационарлық бекеттерге) бекіте отырып, көлік құралындағы (доңғалақтардың тепкішегі, тіркеу күршегі және көлік құралындағы басқа да базалық нүктелер) базалық нүктелерден ұзындығы мен ені бойынша екі мөлшерді белгілеу арқылы жүргізіледі. Көлік құралдарының қалпын тіркеу көлік құралының кемінде екі базалық нүктелері бойынша жүргізіледі.
      6. Жол белгілері мен таңбаларын көрсету «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Жол қозғалысы ережесіне сәйкес олардың сандық белгілері бойынша жүргізіледі.
      7. Егер жабынның тозуынан немесе қардан жол жүрісінің жиегі анық көрінбесе немесе болмаса көрінбесе (құм жолдар), онда өлшеу алдында жерде базалық сызық жүргізіледі. Екі стационарлық объектінің арасында лентамен немесе жіппен (арқан) тартады және оларды базалық деп аталатын алынған сызықтан өлшейді. Базалық сызықты бірдей тең ұзындыққа-1 метрге бөледі.
      8. Көлік оқиғасының қатысушылары осы Ережеге № 1 қосымшада көзделген Көлік оқиғасы бойынша мәліметтер тізбесіне сәйкес көлік оқиғасының мән-жайларын көрсетеді.
      9. Суретке түсіретін құралдар бар болған жағдайда көлік оқиғасы әр түрлі нүктелерден суретке түсіріледі.
      10. Осы Ережеге № 23456 қосымшада Көлік оқиғасының сызбасына оны жасаған лауазымды тұлға, жүргізушілер және куәгерлер қол қояды.
      11. Жол полициясының уәкілетті лауазымды адамы:
      1) Жол қозғалысы ережесін бұзу туралы хаттаманың және оқиға сызбасының көшірмелерін жол-көлік оқиғаларының қатысушыларына не олардың өкілдеріне тегін негізде қол қоюымен дереу береді;
      2) сақтандырушы өтініш білдірген жағдайда ішкі істер органдары бөліністерінің басшысы қол қойған, осы сақтандырушымен келісім-шарт жасасқан адамның қатысуымен болған көлік оқиғасы және көлік оқиғасының салдары туралы (көлік оқиғасы фабуласы, қайтыс болған, жарақат алған адамдар туралы, көлік оқиғасы нәтижесінде көлік құралы алған зақымдар туралы мәліметтер) ақпаратты және көлік оқиғасына қатысты құжаттардың көшірмелері тегін негізде ұсынады.

Көлік оқиғасының сызбасын
жасау ережесіне   
1-қосымшасы     

Көліктік оқиға бойынша мәліметтер тізбесі

Көліктік оқиға бойынша мәліметтер тізбесі

Көлік оқиғасына қатысушалар толтыратын мәліметтер

1.

Көлік оқиғасына қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты

1..................
2..................
3..................

2.

Көлік оқиғасына қатысушылардың тұратын жерлері, байланыс телефондары

1..................
2..................
3..................

3.

Көлік оқиғасына қатысушылардың әрқайсысының жүргізуші куәлігінің нөмірі, кім және қашан берілді

1..................
2..................
3..................

4.

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (сақтандыру полисінің) келісім-шартының сериясы, нөмірі, сақтандыру полисін берген сақтандыру ұйымының атауы

5.

Көлік оқиғасы куәгерлерінің тектері, аттары, әкелерінің аттары

1..................
2..................
3..................

6.

Көлік оқиғасы куәгерлерінің тұратын жерлері, байланыс телефондары

1..................
2..................
3..................

7.

Көлік оқиғасының жасалған күні мен уақыты

8.

Көлік оқиғасына қатысқандардың басқаруындағы көлік құралдарының түрі, маркасы, моделі және тіркеу нөмірі

1..................
2..................
3..................

9.

Көлік оқиғасы жасалған орын (мысалы, км, тас жол); №___ үйге қарама-қарсы көше; көше мен даңғыл қиылысы және т.с.с.

10.

Көлік оқиғасының түрі (адам басып кету, соқтығысу, аударылу және т.с.с.)

11.

Жол жүрісі бөлігінің жағдайы (көлденең, ойлы, қазылған, шұңқырлары бар және басқа да сипаттамалар)

12.

Көлік құралдарының ақаусыз болуы (ақауы болған жағдайда - көрсетілсін, қашан байқалды және оны жою үшін қандай шаралар қабылданды)

13.

Көлік оқиғасына қатысушылардың қозғалыс бағыты (стационарлық объектіден солға немесе оңға)

14.

Көлік оқиғасына дейінгі көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы (сағ/км)

15.

Жол жүрісі бөлігі жабынының жағдайы (асфальт, бетон және басқа)

16.

Жол жабынының жағдайы (құрғақ, сулы, батпақ, мұз жабынған және басқа)

17.

Жол жабынының бағытқа арналған (бір, екі) ені (метрмен)

18.

Тәулік уақыты (қараңғы, жарық)

19.

Оқиға болған сәттегі метеорологиялық жағдай

20.

Осы учаскедегі қозғалысты реттеу тәсілі (бағдаршам, реттеуші, жол белгілері)

21.

Көлік оқиғасы болған жердегі жол белгілері (олардың атаулары)

22.

Көрінуі (метрлерде) (тәуліктің қараңғы уақыты жағдайында не көрінуі шектелген, көлік құралында қандай жарық беру құралы қосылғаны көрсетілсін)

Фарлардың жарығы сөндірілген метр: алыстан метр; жақыннан метр; күндізгі жарық кезінде метр.

23.

Көлік оқиғасы болған жердің жарығы (қалалық электр жарығы, айналадағы үйлердің жарығы, жарықтың басқа да көздері)

24.

Жүріп келе жатқан автомобильдің жолағынан жүргізуші кабинасынан көрінуі (метрлерде)

оңға метр; солға метр.

25.

Сызба жасалған кезде (суретке, бейне жазбаға, аудио жазбаға) түсіріледі.

Көлік оқиғасына қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты:
1. _______________________ ________________
                              (қолы)

2. _______________________ ________________
                              (қолы)

3. ...

Көлік оқиғасының куәгерлерінің тегі, аты, әкесінің аты:
1. _______________________ ________________
                              (қолы)
2. _______________________ ________________

3....

Көлік оқиғасының сызбасын
жасау ережесіне   
2-қосымшасы    

КӨЛІК ОҚИҒАСЫНЫҢ СЫЗБАСЫ

      Сызбамен келісеміз

      1. Жүргізуші _________________________________________________
      2. Жүргізуші _________________________________________________

      Куәгерлер: 1. _______________________________________________
                 /Т.А.Ә., тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

                   2. _______________________________________________
                 /Т.А.Ә., тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

Лауазымды адамның қолы ____________________________________________

Сызбаның көшірмесін алдым _________________________________________

Көлік оқиғасының сызбасын
жасау ережесіне   
3-қосымшасы    

4-қосымшасы    

5-қосымшасы    

6-қосымшасы    