Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 20 шілдедегі N 174 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы N 246 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 қарашада N 3055 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 20 шілдедегі N 174 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3028 тіркелген және 2009 жылғы 6 тамыздағы облыстық "Орал өңірі" газетінің N 87 санында жарияланған) төмендегідей толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесіндегі Зеленов ауданы бөлімі төмендегідей "25-1" деген реттік жолмен толықтырылсын:
      "25-1. Гремячий тоғаны, 3 гектар".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Б. Ізмұхамбетов