Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы» Ордабасы ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 23 наурыздағы № 98 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-8-19 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 6 мамырда «Ордабасы оттары» газетінің № 19 нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Төлебаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Ш.Кенжеев
Ордабасы ауданы әкімдігінің
28 қаңтардағы 2010 жылғы № 30
қаулысымен бекітілген қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы
1. Бұл Қағида (бұдан әрі – Қағида) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қазандағы № 84 Заңына сәйкес әзірленген және жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада пайдаланатын ұғымдар:
1) Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен (оның уәкілетті органымен) шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орын;
2) жұмысқа орналастыру – халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
3) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде осы заңмен белгіленген адамдар топтары;
4) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
5) уәкілетті орган – жергілікті атқарушы органдарының аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган);
6) Жұмыс іздеп жүрген, бірақ уәкілетті орган жұмыссыз деп танымаған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға осы Қағида қолданылмайды.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтіндердің еңбек және басқа қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмыс берушілерді іріктеу
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді жергілікті атқарушы орган іріктеу тәртібімен төмендегі сипаттар негізінде жүзеге асырады:
1) қаржы ауқаттылығы;
2) материалдық базасының барлығы және техникалық қамтамасыздандырылуы.
6. Жұмыс беруші, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде жүзеге асырады. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады.Оның мынадай ерекшеліктері болады:
1) нысаналы топтарға әдейі арналады;
2) жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
7. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрмақшы болған жұмыс берушілер, уәкілетті органға құрылатын жұмыс орындарының саны, еңбек ақы мөлшері көрсетілген еркін нысанды мәлімет береді және оған мына құжаттарды қоса өткізеді:
1) кәсіпорынның, мекеменің Жарғысының көшірмесі;
2) кәсіпорынның, мекеменің мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
3) жеке тұлғаға салық органынан тіркелгендігі туралы куәлік көшірмесі.
8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган жасап, жұмыс берушілерді іріктеу үшін жергілікті атқарушы органға ұсынады. Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерді іріктеп, уәкілетті органға екі жақты «Уәкілетті орган- Жұмыс беруші» шартын жасау үшін жолдайды. Тараптардың әр қайсысында шарттың бір данасынан сақталады.
9. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс.
3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жіберу
10. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жіберуді екі жақты жасасқан шарттың негізінде, жұмыссыздың келісімі мен уәкілетті орган жүзеге асырады.
11. Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа қабылдағандығы туралы бұйрықтың көшірмесін жұмыс беруші үш күн мерзімде уәкілетті органға ұсынады.
12. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар, өз бетінше себепсізден жұмысты тоқтатқан жағдайда, жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен үш ай өткеннен кейін әлеуметтік жұмыс орнына жаңадан жіберілуі мүмкін.