Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 317-IV шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2010 жылғы 28 сәуірде N 2566 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 207-VI шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 207-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су кодексінің 38 бабының 5 тармағына сәйкес IV шақырылған облыстықмәслихат кезекті XXI cессиясында ШЕШТІ:

      1. Жер үсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Облыстық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 30 қарашадағы № 263-ІІІ "Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2454 рет санымен тіркелген, 2006 жылы 2 ақпанда "Атырау" газетінде № 14 жарияланған);

      2) Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 шілдедегі № 318-ІІІ "Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 30 қарашадағы № 263-ІІІ "Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2470 рет санымен тіркелген, 2006 жылы 24 тамызда "Атырау" газетінде № 101 жарияланған).

      5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (М. Шырдабаев) жүктелсін.

      Облыстық мәслихаттың
XXI сессиясының төрағасы
Е. Дүйсемалиев
      Облыстық мәслихат хатшысы Ж. Дүйсенғалиев

  Облыстық мәслихатының
2010 жылғы 31 наурыздағы N 317-IV
шешіміне қосымша

Каспий теңізінің және Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембі өзендерінің бассейіндерінің жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларының мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Атырау облыстық мәслихатының 16.11.2015 № 407-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


п/п

Арнайа су пайдалану түрі

Өлшем бірлігі

Төлем нормативтері
(ставка)

1.

Тұрғын-эксплуатациялық және коммунальдық қызметтер

(теңге /1000
текше.метр)

76,3

2.

Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп (өндірістік қажеттілік)

(теңге /1000
текше.метр)

436,8

3.

Ауыл шаруашылығы

(теңге /1000
текше.метр)

61,5

4.

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

(теңге /1000
текше.метр)

594

5.

алып тасталды - Атырау облыстық мәслихатының 16.11.2015 № 407-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6.

Су көлігі

(теңге /1000 тонна
километр)

148,4