Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы  

Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 30 қарашадағы N 263-ІІІ шешімі Атырау облыстық әділет Департаментінде 2005 жылғы 28 желтоқсанда N 2454 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы N 317-IV шешімімен

      Бағалы қағаздар рыногының айқындылық дәрежесін және оның қызмет етуінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін мынадай нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.01.26 N 8 Қаулысы.

      2) Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.27  № 224(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      3) күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.09.2013 № 248 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.09.2013 № 248 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне және "Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың шараларын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға