Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 шешімі. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 қыркүйекте № 9-10-147 тіркелді

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасы негізінде, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабы 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   Г. Подваленчук

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Г. Алпысбаева

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жітіқара ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________ И. Григорьева

      "Жітіқара ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ Г. Жидебаева

Мәслихаттың      
2010 жылғы 20 тамыздағы 
№ 269 шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жітіқара ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      Жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатындарға коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2011.02.08 № 329 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және өз әрекетін 2010.09.01 бастап туындаған қатынастарға таратады) шешімімен.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) (бұдан әрі - өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) өтініш жасайды және мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      азаматтың (отбасының) табысын растайтын құжаттар;
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      3. Уәкілетті органға құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері беріледі. Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      Уәкілетті органның қызметкерлерімен куәландырылған құжаттардың көшірмелері іске тіркеледі.
      4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажет құжаттарды беру күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде, ал егер ақпаратты өзге субьектілерден, лауазымды тұлғалардан алу не мекен-жайы бойынша барып тексеру қажет болған жағдайда күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды, оның бір данасы өтініш берушіге беріледі.
      5. Егер ұсынылған құжаттар күмән туғызатын болса, уәкілетті орган тиісті органдардан өтініш берушіге тұрғын үй көмегін тағайындауды және төлеуді растайтын мәліметтерді сұратады.
      6. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және жылыту маусымының соңына дейін тағайындалатын жылдың бірінші тоқсанын қоспағанда, өтініш беруші өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі. Зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үй көмегін тағайындау бүкіл жылыту маусымына жүзеге асырылады.
      7. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары туралы, сондай-ақ оның дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      8. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      9. Өтініш беруші жалған мәлімет беру арқылы заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға жол бергені айқындалған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу оны тағайындау мерзіміне тоқтатылады.
      Артық төленген сомалар бюджетке қайтарылады, ал алушы өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган аударылған төлемдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төлетеді.
      10. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегін алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады мән-жайлар.
      Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті органмен әділет органдарынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер бойынша жүргізіледі.
      11. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері жөнінде туындаған келіспеушіліктер әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін белгілеу

      12. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алуға ниет білдіруші отбасының жиынтық табысы немесе азаматтың табысын негізге ала отырып анықталады.
      13. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін уәкілетті органмен азаматтың (отбасының) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегіне өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
      14. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, мүгедектер және бір айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан тұлғаларды, күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтіп бағумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыссыз адамдар жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органынан жұмыссыз ретінде тіркелуі жөніндегі құжаттарды тапсырады.
      15. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі жиынтық табысын 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:
      1) бір отбасы мүшесіне – көп бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін пайдалы алаңының 18 шаршы метрі, отбасына оған қоса 9 шаршы метрін қосымша; бір бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін – тұрғын жайдың жалпы алаңы;
      2) жалғыз тұратын азаматтар үшін – пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.
      17. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
      Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
      18. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.
      19. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бір адамға 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылытқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығыстардан асырмай жүргізіледі.
      20. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      21. Осы Қағидамен белгіленген нормалардан тыс ақысы тұрғын жайдың меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізіледі.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      22. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.
      23. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.