Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне сәйкес және Рудный қаласының жерлерін аймақтарға бөлу сұлбасының негізінде мәслихат ШЕШТІ:
1. Автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 381-бабымен белгіленген жер салығының базалық ставкаларын түзету қосымшаға сәйкес жүзеге асырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Он бірінші кезекті сессияның
төрағасы, Қалалық мәслихаттың
хатшысы В. Лощинин
КЕЛІСІЛДІ:
Рудный қаласы әкімдігінің
"Рудный қалалық қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ М. Досболов
08.02.2010
Рудный қаласы әкімдігінің
"Рудный қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ С. Искуженов
08.02.2010
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша салық
департаментінің Рудный қаласы
бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________ Е. Зикеев
08.02.2010
Мәслихаттың
2010 жылғы 8 ақпандағы
№ 287 шешіміне қосымша
Автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген
(бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 381-бабымен белгіленген жер салығының базалық ставкаларын түзету
Аймақтың |
Жер салығының базалық ставкаларын төмендету (-) немесе жоғарылату (+) пайыздары |
1 |
+50 |
2 |
+30 |
3 |
+20 |
4 |
0 |
5 |
-30 |