Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 287 шешімі. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 ақпанда № 9-2-153 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда" сөздері "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 386-бабының 1-1-тармағында көрсетілгеннен басқа, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда" сөздерімен ауыстырылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2010.10.22 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 386-бабының 1-1-тармағында көрсетілгеннен басқа, автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда" деген  сөздер "Автотұраққа (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда" деген сөздермен ауыстырылсын - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2010.12.23 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне сәйкес және Рудный қаласының жерлерін аймақтарға бөлу сұлбасының негізінде мәслихат ШЕШТІ:
      1. Автотұраққа (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 381-бабымен белгіленген жер салығының базалық ставкаларын түзету қосымшаға сәйкес жүзеге асырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Он бірінші кезекті сессияның
      төрағасы, Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    В. Лощинин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________ М. Досболов
      08.02.2010

      Рудный қаласы әкімдігінің
      "Рудный қалалық экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________ С. Искуженов
      08.02.2010

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігі Салық комитетінің
      Қостанай облысы бойынша салық
      департаментінің Рудный қаласы
      бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________ Е. Зикеев
      08.02.2010

Мәслихаттың       
2010 жылғы 8 ақпандағы 
№ 287 шешіміне қосымша 

Автотұраққа (паркингтерге), автомобильге май құю
станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино
орналасқан жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық
кодексі) Кодексінің 381-бабымен белгіленген жер салығының
базалық ставкаларын түзету

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2010.10.22 № 363 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

Аймақтың
нөмірі

Жер салығының базалық ставкаларын төмендету
(-) немесе жоғарылату (+) пайыздары

1

+50

2

+30

3

+20

4

0

5

-30