Лисаков қаласының өнеркәсіптік аймағы ауданында орналасқан № 1 өнеркәсіптік кешенінің Тобыл өзені су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруақорлықпен пайдалану тәртібін белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 327 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 7 қазанда № 3735 тіркелді

Қолданыстағы

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде Лисаков қаласының өнеркәсіптік аймағы ауданында орналасқан № 1 өнеркәсіптік кешенінің Тобыл өзені су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.
      2. 2-қосымшаға сәйкес Лисаков қаласының өнеркәсіптік аймағы ауданында орналасқан № 1 өнеркәсіптік кешенінің Тобыл өзені су қорғау аймағы мен белдеуінің шаруақорлықпен пайдалану тәртібі және негізгі жағдайлары белгіленсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Кулагин

Әкімдіктің        
2010 жылғы 27 тамыздағы  
№ 327 қаулысына 1-қосымша 

Лисаков қаласының өнеркәсіптік аймағы ауданындағы
орналасқан № 1 өнеркәсіптік кешенінің су қорғау
аймағы мен белдеуі

Су объектісі, оның
телімі

Су қорғау аймағы

шекараның
ұзақтығы,
ұзындығы
(метр)

шекараның
ұзақтығы,
ауданы,
(гектар)

шекараның
ұзақтығы,
ені
(метр)

Тобол өзені
Лисаков қаласының
өнеркәсіптік аймағы
ауданындағы орналасқан
№ 1 өнеркәсіптік
кешені:
№ 1 учаске – спирт
сақтау орны өлшеуіш
бөлімінің құрылысы;
спирт, алкогольді және
алкогольсіз ішімдіктер
шығару
№ 2 учаске – сыра
өндіру бойынша цех және
қазандық
(Су қорғау аймағы мен
белдеуін белгілеу
жобасына тапсырыс
беруші – "Алтын Омир"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі)

 
 
 
 
 
 
 
350
 
 
 
 
90

 
 
 
 
 
 
 
10,325
 
 
 
 
2,835

 
 
 
 
 
 
 
250-340
 
 
 
 
300-330

      кестенің жалғасы:

Су қорғау белдеуі

шекараның ұзақтығы,
ұзындығы (метр)

ауданы
(гектар)

ені (метр)

орташа көп
жылдық
судың
сабалық
кемері
(метр)

350

90

3,5

0,9

100

100

165,0

165,0

Әкімдіктің        
2010 жылғы 27 тамыздағы  
№ 327 қаулысына 2-қосымша 

Лисаков қаласының өнеркәсіптік аймағы аумағында
орналасқан № 1 өнеркәсіптік кешенінің Тобыл өзені
су қорғау аймағы мен белдеуінің шаруақорлықпен
пайдалану тәртібі және негізгі жағдайлары

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық және өзге де қызметке;
      2) Су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 125-бабы 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
      7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.
      2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайта жаңғыртылған объектілерді пайдалануға беруге;
      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерді қайта құруды жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбілдер, құбырлар және басқа да коммуникацияларды орнату, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге.
      Осы тармақшаның ережесі Су кодексінің 125-бабының 3 және 7-тармақтарымен және 126-бабының 1-тармағымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пунктерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
      5) жұмыс істеу нормасынан артық мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
      7) мүмкін шекті концентрациясы жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.