Шиелі кенті әкімінің 2010 жылғы 01 қыркүйектегі "Шиелі кенті "Көкшоқы" мөлтек ауданынан атауы жоқ көшеге Исатай Әбдікәрімовтың есімін беру туралы" N 994 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігі Шиелі кенті әкімінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 1106 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 25 қаңтарда N 10-9-190 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шиелі кенті әкімінің 2010 жылғы 01 қыркүйектегі "Шиелі кенті "Көкшоқы" мөлтек ауданынан атауы жоқ көшеге Исатай Әбдікәрімовтың есімін беру туралы" (нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 09 қыркүйектегі N 10-9-136 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетіне 2010 жылдың 15 қыркүйек N 75 санымен жарияланған) N 994 шешіміне төмендегі өзгеріс енгізілсін.
      1-тармағындағы "Көкшоқы" мөлтек ауданы" деген сөз алынып тасталынып, Шиелі кентінде болып оқылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау кент әкімінің орынбасары Түменов Ермахан Байназарұлына жүктелсін.

      КЕНТ ӘКІМІ                             М. МОЛДАБАЕВ