Шиелі кенті,"Көкшоқы" мөлтек ауданынан атауы жоқ көшеге Исатай Әбдікәрімовтың есімін беру туралы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті әкімінің 2010 жылғы 01 қыркүйектегі N 994 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 09 қыркүйекте N 10-9-136 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа алып, Аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 02 маусымдағы N 4 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Шиелі кентінде атауы жоқ көшеге, мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Исатай Әбдікәрімовтың есімі берілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігі Шиелі кенті әкімінің 2010.12.28 N 1106 шешімімен.    
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме жүктелсін.

      Кент әкімінің міндетін атқарушы                  Е. Түменов