РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылымы туралы Заңдарына, Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 26 қарашадағы N 9/4 ұйғарымына сәйкес IV шақырылған Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда қаласының "Ақмешіт" мөлтек ауданындағы Иван Журба көшесіне перпендикуляр, Мұрат Саламатов көшесінің оң жағындағы параллель орналасқан атауы жоқ бірінші көше Сахи Романов есімімен аталсын.
2. Қызылорда қаласындағы Смағұл Ысқақов көшесін қиып өтетін, Күдерқожа Көшекұлы көшесінің сол жағында параллель орналасқан "N 303 квартал" аталып кеткен көше Есет батыр Көкіұлы есімінен аталсын.
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихаттың
кезектен тыс отыз алтыншы
сессиясының төрағасы Қ. ЕРНАЗАРОВ
Қызылорда қаласының әкімі М. ЖАЙЫМБЕТОВ
Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ