Қала көшелеріне жаңадан атау беру туралы

Қызылорда облысы Қызылорда қалалық 2010 жылғы 29 қарашадағы мәслихатының N 36/4 қала әкімдігінің N 417 бірлескен шешім мен қаулы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 желтоқсанда N 10-1-158 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулы мен шешім жаңа редакцияда - Қызылорда қаласы мәслихатының 18.02.2014 N 26/4 шешімімен және Қызылорда қаласы әкімдігінің 18.02.2014 N 1610 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына және Қызылорда қалалық ономастика комиссиясының 2010 жылғы 26 қарашадағы N 9/4 ұйғарымына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда қаласының "Ақмешіт" мөлтек ауданындағы Иван Журба көшесіне перпендикуляр, Мұрат Саламатов көшесінің оң жағындағы параллель орналасқан атауы жоқ бірінші көше Сахи Романов есімімен аталсын.
      2. Қызылорда қаласындағы Смағұл Ысқақов көшесін қиып өтетін, Күдерқожа Көшекұлы көшесінің сол жағында параллель орналасқан "N 303 квартал" аталып кеткен көше Есет батыр Көкіұлы есімінен аталсын.
      3. Осы қаулы мен шешiм олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қалалық мәслихаттың
      кезектен тыс отыз алтыншы
      сессиясының төрағасы                             Қ. ЕРНАЗАРОВ

      Қызылорда қаласының әкімі                        М. ЖАЙЫМБЕТОВ

      Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы           И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ