РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына сәйкес азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізетін аудандық шақыру комиссиясының құрамында өзгеріс болуына байланысты Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаратал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі N 46 "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы" қаулысына (Қаратал ауданының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 28 сәуірде 2-12-145 нөмірімен тіркелген, "Қаратал" газетінің 2010 жылғы 14 мамырда 21-нөмірінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
1 қосымшада:
комиссия құрамына Ержан Сансызбайұлы Асылбеков Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы комиссия төрағасы ретінде (келісім бойынша) енгізілсін;
комиссия құрамынан Ғалымжан Қуанышбайұлы Жантурин шығарылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Байтаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ. Медеуов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қаратал ауданының | |
қорғаныс істері жөніндегі | |
бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы: | Ержан Сансызбайұлы Асылбеков |
"Қаратал ауданының | |
орталық аудандық ауруханасы" | |
мемлекеттік қазыналық | |
кәсіпорнының бас дәрігері: | Біржан Асқарұлы Құмаров |
"Қаратал ауданының ішкі | |
істер бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы: | Мәулен Бейсебекұлы Қорғанбаев |