Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2011.04.01 N 53 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, 23-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы негізінде Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бастөбе ауылы, С. Юн көшесі, N 22 мекен-жайындағы шақыру учаскесінде Қаратал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізу 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сай құрамда құрылсын.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 және 3-қосымшаларға сай бекітілсін.
4. Қала мен ауылдық округтердің әкімдері 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру кезеңінде әскер қатарына шақырылғандарды олардың шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
5. "Қаратал ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (М. Қорғанбаев, келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру, Қаратал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер туралы хабарлау ұсынылсын.
6. Қаратал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі N 76 "Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы" қаулысының, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 13 мамырындағы 2-12-106 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 29 мамырындағы N 23 "Қаратал" газетінде жарияланған, орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының жүзеге асуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Байтаеваға жүктелсін.
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім: Қ. Медеуов
Аудан әкімдігінің 2010 жылдың
01 сәуіріндегі N 46 "Қазақстан
Республикасының азаматтарын 2010
жылдың сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында кезекті
мерзімді әскери қызметке
шақырылуын жүргізуді
ұйымдастырып, қамтамасыз
ету туралы" қаулысына
1 қосымша
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2010.09.27 245 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Аудандық шақыру комиссиясының
құрамы
Ержан Сансызбайұлы |
Қаратал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы |
Бағлан Қанапияұлы Берлінбаев: |
Аудан әкімі аппаратының әскери жұмылдырушылық жұмыстар, бастауыш әскери дайындық, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
Серікжан Қалтайұлы Қалтаев: |
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары |
Жанетта Сейткаліқызы Оязбаева: |
Аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссия төрағасы |
Сандуғаш Сақмолдақызы Егинбаева: |
Аудандық аурухана медбикесі, комиссия хатшысы |
Аудан әкімдігінің 2010 жылдың
01 сәуіріндегі N 46 "Қазақстан
Республикасының азаматтарын 2010
жылдың сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында кезекті
мерзімді әскери қызметке
шақырылуын жүргізуді
ұйымдастырып, қамтамасыз
ету туралы" қаулысына
2-қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
Кестесі
N |
Ауылдық |
Шақырылғандар |
сәуір |
мамыр |
||||||
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
12 |
13 |
14 |
|||
1 |
Үштөбе |
85 |
50 |
35 |
||||||
2 |
Балпық |
32 |
32 |
|||||||
3 |
Бастөбе |
38 |
38 |
|||||||
4 |
Елтай |
9 |
9 |
|||||||
5 |
Ескелді |
25 |
25 |
|||||||
6 |
Қабақты |
15 |
15 |
|||||||
7 |
Қарашеңгел |
12 |
12 |
|||||||
8 |
Қызылбалық |
9 |
9 |
|||||||
9 |
Айту би |
15 |
15 |
|||||||
10 |
Тастөбе |
10 |
10 |
|||||||
Жиынтығы |
250 |
50 |
50 |
50 |
50 |
50 |
Аудан әкімдігінің 2010 жылдың
01 сәуіріндегі N 46 "Қазақстан
Республикасының азаматтарын 2010
жылдың сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында кезекті
мерзімді әскери қызметке
шақырылуын жүргізуді
ұйымдастырып, қамтамасыз
ету туралы" қаулысына
3-қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
Кестесі
N |
Ауылдық |
Шақырылғандар |
Қазан |
|||||||||||||
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
19 |
20 |
21 |
22 |
|||
1 |
Үштөбе |
207 |
50 |
50 |
50 |
7 |
50 |
|||||||||
2 |
Балпық |
20 |
20 |
|||||||||||||
3 |
Бастөбе |
28 |
28 |
|||||||||||||
4 |
Елтай |
12 |
12 |
|||||||||||||
5 |
Ескелді |
32 |
10 |
22 |
||||||||||||
6 |
Қанбақты |
21 |
15 |
6 |
||||||||||||
7 |
Қарашеңгел |
30 |
15 |
15 |
||||||||||||
8 |
Қызылбалық |
15 |
15 |
|||||||||||||
9 |
Айту би |
13 |
13 |
|||||||||||||
10 |
Тастөбе |
22 |
22 |
|||||||||||||
Жиынтығы |
400 |
50 |
50 |
50 |
50 |
50 |
50 |
50 |
50 |