Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су кодексінің 39 бабына, 116 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ембі, Сағыз, Темір өзендері мен олардың салаларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болдырмау үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ембі, Сағыз, Темір өзендері мен олардың салаларында су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ені бекітілген жобаның негізінде белгіленсін.
2. Ембі, Сағыз, Темір өзендері мен олардың салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ бекітілген жобалық құжаттаманы Ембі, Сағыз, Темір өзендері мен олардың салаларының ластануына, қоқысталуына және сарқылуына жол бермеу және су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағын пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірлеу үшін Байғанин, Темір, және Мұғалжар аудандарының әкімдеріне тапсырсын.
4. Мұғалжар, Байғанин және Темір аудандарының әкімдері:
суды қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын нақтылы түрге ауыстыру, оларды белгілермен, аншлагтармен бекіту, жер есебі құжаттарына өзгерістер енгізу және бұл жұмыстардың жүргізілуіне ұдайы бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін тиісті бюджеттерде қаржы қаражаттарының бөлінуін қарастырсын;
осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап әрбір жер пайдаланушыға су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгіленген шекараларын және оларды шаруашылықта пайдалану режимін жеткізсін;
су қорғау аймақтары және белдеулері шегінде шаруашылық қызметін жүргізу үшін жер телімдерін бөлуді, су объектілерінің ластануына, қоқыстануына және сарқылмауына жол бермейтін тиісті пайдалану режимі сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың қатаң келісімімен жүргізсін.
5. Мұғалжар, Байғанин және Темір аудандарының, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері және пайдалануында Ембі, Сағыз, Темір өзендері мен салаларының су қорғау аймақтары және белдеулері шегінде орналасқан жер алқаптары бар кәсіпорындардың, ұйымдардың және басқа да шаруашылық жүргізуші нысандардың басшылары олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан:
бекітілген жобаға сәйкес су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде орналасқан және олардың жай-күйіне зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыстар жүргізсін;
олардың тиісті санитарлық күйде күтіп ұсталуын, шаруашылықта пайдалану режимін сақтауды, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтығын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы І. Өмірзақов
Облыс әкімдігінің
2010 жылғы 15 қазандағы
№ 309 қаулысына қосымша
Ембі, Сағыз, Темір өзендері мен олардың салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі
1. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
авиациалық - химиялық жұмыстар жүргізілмейді;
өсімдіктердің зиянкестеріне, ауруларына және арамшөптерге қарсы химиялық құралдар қолданылмайды;
топырақтарды тыңайту үшін көң ағындары пайдаланылмайды;
улы химикаттар, миниралдық тыңайтқыштар және жанар-жағар май материалдары қоймалары, аппаратураларға улы химикаттар құю алаңдары, мал шаруашылығы кешендері мен фермалары, өндірістік, тұрмыстық және ауыл шаруашылығы қалдықтарын үю және көму орындары, молалар мен малкөмінділері, сарқынды сулар жинағыштар орналастырылмайды;
көң және қоқыс жинақталмайды;
техникалық қызмет көрсету пунктерінде, автомобильдерге, тракторларға және басқа да машиналар мен механизмдерге отын құйылмайды, оларды жуу және жөндеу жүргізілмейді;
су қорғау аймақтары 100 метрден кем болған және іргелес жатқан аумақ баурайының тіктігі 3 градустан асқан кезде саяжайлық және бау-бақшалық учаскелер орналастырылмайды;
көлік құралдарының тұрақтары, соның ішінде олар саяжайлық және бау-бақшалық учаскелердің аумақтарында да орналастырылмайды;
басты мақсатта ағаш кесілмейді;
(жергілікті атқарушы органдардың және су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жер ресурстарын басқару, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында уәкілетті органдардың келісімінсіз ғимараттарды, имараттарды, коммуникациялар мен басқа нысандарды реконструкциялау, пайдалы қазбалар өндіру, жер қазу жұмыстарды және басқа жұмыстар жүргізілмейді.
2. Су қорғау белдеулері шегінде мыналарға жол берілмейді:
жүйелі түрде жер жыртылмайды, тыңайтқыштар пайдаланылмайды;
шайылған топырақ үйінділері жиналмайды;
мал жайылмайды және олардың жазғы лагерьлері (дәстүрлі суат орындарын қоспағанда) ұйымдастырылмайды;
маусымдық стационарлық палаткалық қалашықтар орнатылмайды және жайластырылмайды;
саяжайлық және бау-бақшалық учаскелер жайғастырылмайды;
жеке тұрғын үй немесе саяжайлық және басқа құрылыстарға учаскелер бөлінбейді;
арнайы мақсаттағы техниканы қоспағанда, автомобильдердің, тракторлардың және механизмдердің қозғалысына жол берілмейді.