Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы

Астана қаласының әкімдігі 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 24 маусымдағы нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 633 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін.
      2. «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 27-585қ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» ММ бастығы осы
қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

      Әкім                                     И. Тасмағамбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет министрі
      __________ М. Құл-Мұхаммед
      2010 ж.

Астана қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 3 маусымдағы
№ 27-492қ қаулысына  
қосымша       

Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі

Р/с №

Ескерткіштің атауы

Ескерткіштің түрі

Ескерткіштің орналасқан жері

1

2

3

4

1.

Көпес И.С. Силиннің үйі (Қызыл гвардияның 2-ротасы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медицина орталығы, Қазақстан Республикасының астанасын көшіру жөніндегі комиссия штабы, Беларусь Республикасының Елшілігі) ХІХ-ХХ ғ.басы, 1918 ж., 1997-98 жж.

қала құрылысы және сәулет

Кеңесары к-сі, 35

2.

Ерекше міндет бөлім отрядтары құрылған үй (Қазақстан Компартиясының облыстық комитеті, 1-ші қалалық аурухана, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қалалық сот және Соттар әкімшілігі) 1914 ж., 1921 ж.

қала құрылысы және сәулет

Ж. Омаров к-сі, 57

3.

Теміржолшылар сарайы (К. Бәйсейітова атындағы опера және балет театрының ғимараты) 1954 ж.

қала құрылысы және сәулет

Ақжайық к-сі, 10

4.

1954 жылы алғашқы тың игерушілер эшелоны келген вокзал және вокзал маңындағы алаң 05.03.1954 ж.

қала құрылысы және сәулет

310-дивизия атындағы вокзал маңындағы алаң

5.

Сәкен Сейфуллиннің ескерткіші 5. 11. 1972 ж.

қала құрылысы және сәулет

Жеңіс даңғылы, 62

6.

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің ескерткіші 1995 ж.

қала құрылысы және сәулет

Жеңіс даңғылы, Ұлттық музыка академиясы жанында

7.

Бозоқ қалашығы Х-ХІV ғғ.

археология

Бұзықты көлінің шығыс жағалауында

8.

Константин және Елена шіркеуі 1854-1900 жж.

қала құрылысы және сәулет

Республика даңғылы, 12

9.

Қалалық басқарма ғимараты (М. Горький атындағы орыс драма театрының әкімшілік ғимараты) ХІХ ғ. соңы

қала құрылысы және сәулет

Желтоқсан к-сі, 17

10.

Гимназия (қазір М. Горький атындағы Орыс драма театрының ғимараты) ХІХ ғ. соңы

қала құрылысы және сәулет

Т. Бигелдинов к-сі, 72

11.

Көпес Д.В. Егоровтың үйі (Әскери комиссариат, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғимараты) ХІХ-ХХ ғ. басы

қала құрылысы және сәулет

М. Әуезов к-сі, 5а

12.

Көпес үйі («Зорька» балалар бақшасы, С. Сейфуллин мұражайы) 1846 ж.

қала құрылысы және сәулет

М. Әуезов к-сі, 20

13.

Дәрігер Ф.И. Благовещенскийдің үйі (Орталық облыстық бухгалтерлік мектеп, С. Сейфуллин мұражайының әкімшілік ғимараты) XX ғ. басы

қала құрылысы және сәулет

М. Әуезов к-сі, 20а

14.

Жасыл мешіттің дуалы 1895 ж.

қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, 83

15.

Көпес С.А. Кубриннің ауруханасы (онкодиспансер, «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» АҚ) 1880 ж.

қала құрылысы және сәулет

Ә. Жангелдин к-сі, 40

16.

Көпес С.А. Кубриннің үйі және жапсаржайы (Жұмысшы-шаруалар клубы және кітапхана, уездік атқару комитеті, революциялық «үштік» штабы, алғашқы «Советтер үйі», қалалық, уездік және аудандық ОГПУ, НКВД және милиция, гороно мекемелері, Пионерлер үйі, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Украина Елшілігінің ғимараты) 1910-1912 жж., 1920-21 жж.

қала құрылысы және сәулет

Кеңесары к-сі, 41

17.

Көпес С.А. Кубриннің сауда үйі (Орталық қалалық кітапхана, Орталық баспа, уездік экономикалық бөлім, маталар дүкені, азық-түлік және кітап дүкені, «Радуга» дүкені, қазір - «Астана» сауда үйі) 1905-1907 жж.

қала құрылысы және сәулет

Кеңесары к-сі, 37

18.

П.Г. Моисеевтің үйі (гимназия, уездік кеңес, РКП(б) уездік комитеті, 3-қалалық аурухана) 1914-17 жж., 1918 ж., 1921 ж.

қала құрылысы және сәулет

Ә. Бөкейхан к-сі, 40

19.

«Октябрь» кинотеатрының ғимараты («Ақ сұңқар» мейрамхана-қонақ үй кешені) XX ғ. басы

қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, 29

20.

Пионерлер үйі (Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Алатау» қонақ үйі АҚ) XX ғ. 60 жж.

қала құрылысы және сәулет

Бейбітшілік к-сі, 6

21.

«Есіл» қонақ үйінің ғимараты («Гранд парк Есіл» қонақ үйі) 1958-60 жж.

қала құрылысы және сәулет

Бейбітшілік к-сі, 8

22.

Астана қаласы әкімдігінің ғимараты. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) 1958 ж., 1999-2005 жж.

қала құрылысы және сәулет

Ж. Омаров к-сі, 60

23.

Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің ғимараты (Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Астана қалалық департаменті) XX ғ. 50 жж.

қала құрылысы және сәулет

Т. Бигелдинов к-сі, 74/1

24.

«Жастар» сарайы (Жастар сарайы) 1974 ж.

қала құрылысы және сәулет

Республика даңғылы, 34

25.

Мұсылман жастарына арналған Б. Қосшығұловтың мектебі («Казкоммерцбанк» ғимараты) XIX-XX ғ. басы.

қала құрылысы және сәулет

Абай даңғылы, 24

26.

«Астана-Бәйтерек» монументалдық құрылысы 2002 ж.

қала құрылысы және сәулет

Есіл өзенінің сол жақ жағалауындағы сулы-жасыл булвардың орталық бөлігінде

27.

Кеңесары ханның ескерткіші 11.05.2001 ж.

қала құрылысы және сәулет

Есіл өзенінің оң жақ жағалауы

28.

А.С. Пушкиннің ескерткіші 1999 ж.

қала құрылысы және сәулет

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ауданы

29.

С. Сейфуллиннің ескерткіші 1994 ж.

қала құрылысы және сәулет

С. Сейфуллин-М. Әуезов көшелерінің қиылысы

30.

«Астана» мүсіні 26.06.2002 ж.

қала құрылысы және сәулет

Ж. Тәшенов көшесіндегі гүл алаңында

31.

Метеостанция ғимараты 1914-1916 жж.

қала құрылысы және сәулет

Жамбыл к-сі, 11

32.

Мозаикалық панно «Космос» және «Баспа» 1972 ж.

қала құрылысы және сәулет

Бейбітшілік к-сі, 25. Полиграфкомбинат ғимаратының бас қасбетінде

33.

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалды-мұражай кешені 26.02.2007 ж. - 31.05.2007 ж.

қала құрылысы және сәулет

Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылы

34.

«Қараөткел» мұсылман зираты 1609 ж., 1962 ж.

қала құрылысы және сәулет

Жастар шағын ауданы

35.

Бозоқ қыстауы II ХVIII-ХІХ ғғ.

археология

Бұзықты көлінің шығыс жағалауында

36.

Қозыкөш қыстауы I ХVIII-ХІХ ғғ.

археология

Ильинка селосынан батысқа қарай 4 шақырым жерде

37.

Қозыкөш қыстауы II ХVIII-ХІХ ғғ.

археология

Ильинка селосынан батысқа қарай 4 шақырым жерде

38.

Қозыкөш қыстауы III ХVIII-ХІХ ғғ.

археология

Ильинка селосынан батысқа қарай 4 шақырым жерде

39.

Қозыкөш қыстауы IV ХVIII-ХІХ ғғ.

археология

Ильинка селосынан батысқа қарай 4 шақырым жерде

40.

Қозыкөш қыстауы V ХVIII-ХІХ ғғ.

археология

Ильинка селосынан батысқа қарай 4 шақырым жерде

41.

Сығанақ көшесіндегі қорған б.э.д. I мың соңы

археология

Қаланың шығыс бөлігі, Есілдің оң жақ жағалауы

42.

Күйгенжар қорғаны б.э.д. I мың соңы

археология

Күйгенжар селосының шығысына қарай 4 шақырым жерде

43.

Сарқырама қорғаны ерте ортағасыр

археология

Қосшы селосынан солтүстік-батысқа қарай 4 шақырым жерде

44.

Шұбар қорғаны ерте ортағасыр

археология

Астана қаласының солтүстік-шығыс аймағы, Шұбар селосынан солтүстік-шығысқа қарай 1 шақырым жерде

45.

Көктал жалғыз қорғаны ерте темір ғасыр б.э.д. VII-ІІІ ғғ.

археология

Астана қаласының солтүстік аймағы (Көктал кентінен солтүстікке қарай 1,5 шақырым жерде)