Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес, Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі бекітілсін.
2. Осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы Е. Оспанов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин
Астана қаласы мәслихатының
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 410/54-IV шешіміне
1-қосымша
Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету
ЕРЕЖЕСІ
Осы Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету ережесі (бұдан әрi – Ереже) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек (бұдан әрi – Әлеуметтiк көмек) қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол ақысын төлеуден босату түрiнде және ақшалай төлемдер түрiнде тегiн қызметтердi көрсету түрiнде ұсынылады.
Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi, мөлшерi және түрлерi осы Ережемен белгiленедi.
2. Әлеуметтiк көмек Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.
3. Астана қаласының бюджеті Әлеуметтiк көмектi қаржыландыру көзi болып табылады.
4. Әлеуметтiк көмек "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" мемлекеттiк мекемесi әкiмшісі (бұдан әрi – Әкiмші) болып табылатын "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бюджеттiк бағдарламасына (бұдан әрi – Бағдарлама) сәйкес және тиiстi қаржылық жылға қала бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.
5. Әкiмші мемлекеттiк сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес Бағдарламаны iске асыру мақсатында Әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi қызметтi жеткiзушiлердi (бұдан әрi – Жеткiзушiлер) анықтайды, тараптардың мiндеттерi мен осы мiндеттердi орындау шарттары аталған мемлекеттiк сатып алулар туралы шарттар жасасады.
6. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Астана қалалық филиалы (бұдан әрi – ЗТМО) қажеттiлiгіне қарай Әкiмшіге осы Ережеде көрсетiлген санаттарға жататын азаматтар туралы мәлiметтердi, сондай-ақ ай сайын ЗТМО деректер қорында тiркелген, жаңадан тағайындалған және келген азаматтар туралы мәлiметтердi (электрондық және қағаз жеткiзушiлерде) ұсынады.
7. Әлеуметтiк көмек алушы Астана қаласынан тiркеуден шыққан немесе қайтыс болған жағдайда осы айғақтың белгiлi болған айынан бастап Әлеуметтiк көмек көрсету тоқтатылады.
8. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аз қамтылған отбасылар – жиынтық табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен, атаулы әлеуметтік көмек және он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар санынан отбасылар;
2) Ардагерлер кеңесi – "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бiрлестiгiнiң қалалық филиалы;
3) Ардагерлер кеңесінің үнемi жұмыс iстейтiн комиссия мүшелерi – Ардагерлер кеңесiмен бiрiгiп, соғыс және еңбек ардагерлерiмен, зейнеткерлермен жұмыс жүргiзетiн зейнеткерлiк жастағы адамдар;
4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғыз басты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған балалар;
5) бала жасынан мүгедектер – он сегіз жасқа толғанға дейiн басталған және тiршiлiк-тыныс-тіршілігінің шектелуiне әкеп соқтыратын кемiстiктер немесе жарақаттар, сырқаттардың салдарынан ағза қызметтерiнің тұрақтылығы бұзылуынан денсаулығы бұзылған адамдар;
6) балалар үйлерiнің түлектерi – қамқорлық және қорғау органдарының шешiмi бойынша балалар үйлерiнде тұратын қамқорлыққа алынғандар;
7) гранттарды беру жөніндегі комиссия – қаланың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшiн жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерiне ақшалай төлемдердi тағайындау бойынша Астана қаласының әкiмдiгімен құрылатын және қала мәслихатымен бекiтiлетiн қалалық комиссия;
8) еңбек ардагерлерi – олардың қызметі тоқтатылуына байланысты олар зейнеткерлікке шыққан кәсiпорындар мен ұйымдардан көмек алмайтын зейнеткерлiк жастағы адамдар;
9) еңбегi сiңген соғыс және еңбек ардагерлерi – қаланың қоғамдық өмiрiне белсене ат салысқан соғыс және еңбек ардагерлерi;
10) қалалық жолаушылар көлiгiнің бағыттары – Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Астана қаласының жолаушыларын автомобильмен тұрақты тасымалдау бағыттары;
11) көп балалы аналар – "Алтын алқа" және "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
12) көп балалы отбасылар – бiрге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның iшiнде жалпы бiлiм беретiн, жоғары және орта кәсiптiк оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын балалары бар, бiрақ әрi дегенде 23 жасқа толғанға дейiн, балалары кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн оқу орнын бiтiретiн уақытқа дейiнгі отбасылар; отбасы атынан анасы, әкесі болмаса балалардың қамқоршысының (қорғаншысы) хабарласуына құқығы бар;
13) мұқтаж зейнеткерлер – жалғызбасты тұратын, ең төмен мөлшерде зейнетақы және жасы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушылар санынан зейнеткерлер;
15) тұлдыр жетiмдер – бiр немесе екi ата-анасынан айырылған балалар.
2-бөлім. Тегiн қызметтердi көрсету түрiнде әлеуметтiк көмек 1-тарау. Жалпы ережелер
9. Осы тарау келесi тегiн қызмет түрлерiн көрсету түрінде Әлеуметтiк көмектiң тәртiбiн анықтайды:
1) тiс протездеу, бағалы металдардан жасалған протездерден басқа, (бұдан әрі – тiс протездеу);
2) шипажайлық-курорттық емделу;
3) Астана қаласының жүрiп-тұруы қиын мүгедектерiн тасымалдау;
4) ресми мерзімді баспасөз басылымдарына жазылым.
Осы тармақтың 4) тармақшасына көрсетілген Әлеуметтік көмек 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін көрсетіледі.
5) дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 439/59-IV (алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
10. Әкiмші Жеткiзушiлер қызметтерiн төлеудi көрсетiлген қызметтердiң ұсынылған тiзiмдемелерi мен атқарылған жұмыстардың актiлерi және ЗТМО деректер базасымен салыстырылған әлеуметтiк көмек алушы азаматтар тiзiмдерiнiң негiзiнде жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға сәйкес жүргiзедi.
11. Осы Ереженің 9-тармағында көрсетiлген Әлеуметтiк көмек соғыс ардагерлерiне кезектен тыс берiледi.
12. Тегiн қызмет көрсету түрiндегi пайдаланылмаған Әлеуметтiк көмектiң ақшалай өтемақысы төленбейдi.
2-тарау. Тiс протездеуге Әлеуметтiк көмек
13. Тiс протездеуге Әлеуметтiк көмек екi жылда бiр рет азаматтардың мына санаттарына:
1) соғыс ардагерлері мен "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарымен мәртебесi анықталған соғыс ардагерлерiне, соларға теңестiрiлген тұлғаларға адамдарға;
2) жасы бойынша зейнеткерлерге;
3) бірінші және екінші топ мүгедектерiне;
4) көп балалы отбасыларға ұсынылады.
14. Әкiмші Жеткiзушiлермен шарт жасасқаннан кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде осы Ереженің 13-тармағында көрсетiлген санаттарға жататын азаматтардың тiстерiн протездеуге тiркеу жүргiзетiн орындар мен мерзiмдері туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты хабардар етедi.
15. Тiс протездеуге Әлеуметтiк көмек көрсету үшін осы Ереженің 13-тармағында көрсетiлген азаматтар санатына жататындығын растайтын куәлiгi мен жеке куәлiгiнiң түпнұсқалары негiздеме болып табылады.
16. Жеткiзушiлер ай сайын келесi айдың 10-на дейiн көрсетiлген қызметтер тiзiлiмдерi мен атқарылған жұмыс актiлерiн Әкiмшіге ұсынады.
3-тарау. Шипажайлық-курорттық емделуге Әлеуметтiк көмек
17. Шипажайлық-курорттық емделуге Әлеуметтiк көмек келесi азаматтардың санаттарына:
1) соғыс ардагерлеріне;
2) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарымен мәртебесi анықталған соғыс ардагерлерiне, соларға теңестiрiлген тұлғаларға берiледi.
18. Осы Ереженің 17-тармағында көрсетiлген азаматтардың шипажайлық-курорттық емделуi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады.
19. Шипажайлық-курорттық емделуден өту мерзімін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық құрылымы жанындағы медициналық-әлеуметтік сараптама белгілейді және шипажайлық-курорттық картада көрсетіледі.
Шипажайлық-курорттық емделу құқығы жылына бiр рет берiледi.
20. Шипажайлық-курорттық емделу орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құнын шипажайлық-курорттық емделу алушының жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
21. Осы Ереженің 17-тармағында көрсетiлген азаматтар шипажайлық-курорттық емделуге Жолдамаларды алуға Әкiмшіге өтiнiшпен (бұдан әрi – Жолдамалар) хабарласады және төмендегi құжаттардың көшiрмелерін (салыстыру үшін түпнұсқаларымен) ұсынады:
1) өтiнiш берушiнiң жеке басы куәлігі;
2) осы Ереженің 17-тармағында көрсетiлген азаматтардың санаттарына жататындығын растайтын құжаттар.
Қажеттi құжаттармен өтiнiштi қабылдағаннан кейiн өтiнiш берушiге өтiнiш берушiнiң тiркелу нөмiрi мен мерзiмi көрсетiлген жыртылмалы талон берiледi.
Осы Ереженің 26-тармағында көрсетiлген мерзiмде аталған құжаттардан басқа алушы шипажайлық-курорттық картасын ұсынады.
22. Әкiмші келiп түскен өтiнiштерге сәйкес Жеткiзушi ұсынған келу кестесiне сәйкес кезек тәртiбiмен (өтiнiштердi тiркеу) жолдамаларды ұсынуға азаматтардың тiзiмiн жасайды.
23. Шипажайлық-курорттық емделуден өтiнiш берушi өз талабы бойынша бас тартқан жағдайда, Жолдама Әкiмшіге қайтарылуы және тiзiмге сәйкес басқа өтiнiш берушiге берiлуi тиiс.
24. Жолдама дәлелдi себептер бойынша пайдаланылмаған жағдайда, берiлген жолдама мүмкiндiгiнше келу кестесiне сәйкес басқа кезеңнiң жолдамасына, бiрақ ауыстырылуға тиiс жолдамада көрсетiлген келу уақытына дейiн үш күннен кешiктiрiлмей ауыстырылуға жатады.
25. Жолдаманы алуға келу қажеттілігі жөнінде өтініш берушіге Әкiмшінің екi рет почтамен жолданған жазбаша хабарламалары бойынша хабарласпаған жағдайда, берілген өтініш бойынша шипажайлық-курорттық емделу ұсынылмайды.
26. Өтiнiш берушi шипажайлық-курорттық емделудiң басталуынан бес күнтiзбелiк күннен кешікпей шипажайлық-курорттық емделу картасын ұсынған жағдайда Әкiмшіден жолдаманы алу қажет.
Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 439/59-IV (алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
27. Әкiмшінің бiрiншi басшысымен (немесе оның орынбасарымен) қол қойылған және мөрмен бекiтiлiп берiлген Жолдамада шипажайлық-курорттық емделуге құқылы тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты көрсетiледi.
28. Жеткiзушiлер ай сайын шипажайлық-курорттық емделу аяқталғаннан кейiн Әкiмшіге шипажайлық-курорттық емделуден өткен азаматтардың тiзiмiн ұсынады.
4-тарау. Астана қаласының жүрiп-тұруы қиын
мүгедектерiн тасымалдау
29. Астана қаласының жүрiп-тұруы қиын мүгедектерiн, яғни "арбамен жүретiн" мүгедектердi тасымалдау қызметтерi қызмет Жеткiзушiнiң мамандандырылған көлiгiмен қала шегiнде жүзеге асырылады.
30. Жеткiзушi мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартқа сәйкес диспетчерлiк қызметтiң үздiксiз жұмыс iстеуiн, мамандандырылған көлiктiң техникалық жарамдылығын, автомобильдiң "Инватакси" деген жазуымен және диспетчерлiк қызметтiң телефондарымен, мүгедектер үшін жол жүрудiң қауiпсiз әрi ыңғайлы жағдайын және басқа да жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi.
31. Тасымалдау Жеткiзушiнiң диспетчерлiк қызметiнiң телефонына келiп түскен мүгедектердiң өтiнiштерiне сәйкес жүзеге асырылады. Өтiнiште төмендегiдей мәлiметтер көрсетiледi:
1) мүгедектiң аты-жөнi;
2) мүгедектiк тобы;
3) зейнеткерлiк куәлiгiнiң нөмiрi;
4) тұратын мекен-жайы (шақыру кезiнде тұрған мекенжайы);
5) баратын жерiнiң мекен-жайы;
6) жеткiзiлетiн уақыты;
7) iлестiрiп жүретiн тұлғаның қажеттiлiгi (қажет еместiгi);
8) байланыс телефоны.
32. Тасымалдау қызметi бiр мүгедекке жалпы ұзақтығы күнiне төрт сағаттан және бiр уақытта екi сағаттан аспайтын уақытқа ұсынылады.
33. Егер мүгедекте iлестiрiп жүретiн тұлға болмаса, ол қызметтi Жеткiзушi қамтамасыз етедi.
34. Жол жүру аяқталғаннан кейiн мүгедек жолаушы Жеткiзушi ұсынған көрсетiлген қызметтер тiзiлiмдемесiне тапсырыстың орындалуы туралы қолын қояды.
35. Жеткiзушi ай сайын келесi айдың 5-не дейiн Әкiмшiге осы Ереженің 31-тармағында көрсетiлген мәліметтерді, қызмет көрсетудiң ұзақтығы туралы мәлiметтерді, актiлер мен көрсетiлген қызметтер тiзiлiмiн ұсынады.
5-тарау. Ресми мерзімді баспасөз басылымдарына
жазылуға әлеуметтік көмек
36. Әлеуметтік көмек мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі (жазылушының таңдауы бойынша) ресми мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуға (бұдан әрі – Жазылу) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне беріледі.
37. Жазылу жарты жыл бойынша және отбасына мерзімді басылымының тек бір атауына жүргізіледі.
38. Әкімші мерзімді басылымдарға жазылу қызметтері Жеткізушілерімен жазылушылардың мерзімді басылымдарын атаулы мекен-жайына дейін жеткізу талабы көзделген шарт жасасады.
6-тарау. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Ескерту. 6-тараумен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 439/59-IV (алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
38-1. Амбулаторлық емделуде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге Әлеуметтік көмек азаматтардың мына санаттарына:
1) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-8 баптарымен мәртебесі белгіленген соғыс ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға";
2) Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбектері үшін зейнетақы алушыларға ұсынылады.
38-2. Алынып тасталды.
Ескерту. 38-2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2012.06.26 № 48/5-V (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
38-3. Әкімші Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған Орталық клиникалық госпиталіне (бұдан әрі – Клиникалық госпиталь) осы Ереженің 38-1 тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізімдерін, сондай-ақ жаңадан тағайындалған және келген азаматтар туралы мәліметтерді жыл сайын 3 қаңтарға дейін ұсынады.
38-4. Осы Ереженің 38-1 тармағында көрсетілген санаттарға жататын дәрі-дәрмек құралдарына мұқтаж азаматтар Клиникалық госпитальге белгіленген үлгідегі жеңілдікті рецептті алуға хабарласады.
38-5. Клиникалық госпиталь Әкімші ұсынған дәрі-дәрмек құралдарының бекітілген тізбесі мен азаматтардың тізімдеріне сәйкес, хабарласуына қарай белгіленген үлгідегі жеңілдікті рецепттерді беруді жүзеге асырады.
38-6. Клиникалық госпиталь берген белгіленген үлгідегі ұсынылған жеңілдікті рецепттерге сәйкес дәрі-дәрмек құралдары Жеткізушілердің дәріханалық мекемелерінде жіберіледі.
38-7. Жеткізушілер ай сайын келесі айдың 5-не дейін жіберілген дәрі-дәрмек құралдарының тізілімдемелері мен берілген жеңілдікті рецепттердің түпнұсқаларын Әкімшіге ұсынады.
3-бөлім. Ақшалай төлемдер түрiндегi әлеуметтiк көмек 1-тарау. Жалпы ережелер
39. Осы бөлiм Әлеуметтiк көмектiң мына:
1) соғыс ардагерлері мен соларға теңестірілген тұлғаларға ақшалай төлемдер;
2) көмірді сатып алуға өтемақылар;
3) мерекелiк және айтулы күндерге бiржолғы ақшалай төлемдер;
4) Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшiн жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерiне ақшалай төлемдер;
5) "Астана қаласының Құрметті азаматы" атағы берілген азаматтарға ақшалай төлемдер;
6) өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға ақшалай төлемдер.
Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 439/59-IV (алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
40. Ақшалай төлемдер түрiндегi Әлеуметтiк көмектi жүзеге асыру ақшалай қаражатты Астана қаласының екiншi деңгейдегi банктер бөлiмшелерi арқылы алушылардың дербес шоттары мен карталық шоттарына аудару арқылы жүргiзiледi.
41. Астана қаласының екiншi деңгейдегi банк бөлiмшелерi ақшалай төлемдер түрiндегi Әлеуметтiк көмектiң төленген сомалары бойынша салыстыру актiсiн құрайды және оларды тоқсан сайын Әкiмшіге ұсынады.
2-тарау. Соғыс ардагерлері мен соларға теңестірілген
тұлғаларға ақшалай төлемдер
42. Ақшалай төлемдер соғыс ардагерлері мен соларға теңестірілген тұлғаларға коммуналдық қызметтерді, тұрғын үйді ұстауға, телефонға абоненттік төлемдерді төлеуге төлемдерді жүзеге асырады.
Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 439/59-IV (алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
43. Соғыс ардагерлері мен соларға теңестірілген тұлғаларға ақшалай төлемдер ай сайын мына мөлшерде пайдалы алаңына байланысты:
1) тұрмысқа жайлы пәтерлерде тiркелген және тұратын соғыс ардагерлерiне:
1) 35 шаршы метрге дейiн – 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
35 шаршы метрден 50 шаршы метрге дейiн – 6 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
50 шаршы метрден 80 шаршы метрге дейiн – 7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
80 шаршы метрден және одан жоғары – 8 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
2) жеке тұрғын үйлерде тұратын және тіркелген соғыс ардагерлеріне – 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
3) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарында мәртебесi берiлген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер мен кепiлдер бойынша теңестiрiлген адамдарға ай сайын – 2,4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
4) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерiне ай сайын – 4,4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жүргiзiледi.
Ақшалай төлемдер 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдарға, сондай-ақ 0,3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Астана қаласының ресми мерзімді баспасөз басылымдарын сатып алу жүзеге асырылады.
Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 439/59-IV (алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
44. Әкімші ЗТМО деректер қорының негізінде осы Ереженің 43-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізімін қалыптастырады.
45. Соғыс ардагерлеріне, соларға теңестірілген тұлғаларға ақшалай төлемге құқығы бар бірнеше адам бір тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелген жағдайда, төлем осы Ереженің 43-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа тек қана біреуіне жүргізіледі.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 439/59-IV (алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
3-тарау. Көмірді сатып алуға өтемақы
46. Жергілікті жылытатын жекеменшік құрылыстарында тұратын қаланың зейнеткерлері мен мүгедектеріне өтемақы көмірді сатып алуға жүргізіледі.
47. Өтемақы жылыту маусымына 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
48. Көмірді сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бір жекеменшік тұрғын үйде бірнеше адам тұрған жағдайда, өтемақы тек қана бiреуiне берiледi.
49. Көмірді сатып алуға өтемақыны ресімдеу үшін азамат Әкімшіге өтініш пен мына құжаттардың көшірмелерін (салыстыру үшін түпнұсқалармен):
1) жеке куәлігі;
2) зейнеткерлік куәлігі немесе мүгедектігі жөніндегі анықтама;
3) азаматтарды тіркеу кітабы;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органымен берілген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) жөніндегі анықтаманы ұсынады.
50. Көмір сатып алуға өтемақы азаматтың жеке шотына өтініш берген кезден бастап он күн ішінде аударылады.
4-тарау. Мерекелiк және айтулы күндерге әлеуметтiк көмек
51. Мерекелiк және айтулы күндерге 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде біржолғы Ақшалай төлем азаматтардың мына санаттарына берiледi:
15 ақпанда (Ауғанстаннан кеңестiң шектеулi әскери контингентiн әкету күнi) – Ауғанстан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне;
8 наурызда (Халықаралық әйелдер күнi) – көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға, Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссияларының мүшелеріне;
22 наурызда (Наурыз мейрамы) – аз қамтылған отбасыларға, Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссияларының мүшелеріне;
26 сәуiрде (Чернобыль атом электрстанциясы апатының құрбандарын еске алу күнi) – Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға;
1 мамырда (Қазақстан халықтарының бiрлiгi мерекесi) – мұқтаж зейнеткерлерге (жалғызбасты тұратындар санынан), Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссияларының мүшелеріне;
31 мамырда (Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi) – саяси қуғын-сүргiн құрбандарына;
1 маусымда (Балаларды қорғау күні) – тұлдыр жетімдерге;
6 шiлде (Елорда күнi) – табысы аз отбасыларға (ай сайын он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы алушылар санынан), Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне, еңбегi сiңген соғыс және еңбек ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне;
30 тамыз (Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi) – мұқтаж зейнеткерлерге (ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар санынан), Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссияларының мүшелеріне;
1 қазанда (Қарттар күнi) – жетпіске келген одан асқан мұқтаж зейнеткерлерге;
10 қазанда (Мүгедектер күнi) – мүгедектерге және он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға;
16 желтоқсанда (Тәуелсiздiк күнi) – мұқтаж зейнеткерлерге (жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар санынан) берiледi, Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссияларының мүшелеріне.
Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 439/59-IV (алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
52. 9 мамырда (Жеңіс күні) бiржолғы ақшалай төлемдер Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға мына санаттарға:
Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерi, немiс тұтқындары, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi – 10000 (он мың) теңгеден;
мәртебесi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарында белгiленген жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша қатысушылар мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар – 4000 (төрт мың) теңгеден берiледi.
Ескерту. 52-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 439/59-IV (алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
53. Әкімші ЗТМО деректер базасының, Ардагерлер кеңесiнің және қала аудандары әкімдерінің аппараттары жанындағы жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері мәліметтерінің негізінде осы Ереженің 51, 52-тармақтарында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тiзiмдерiн қалыптастырады.
5-тарау. Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу
ақысын төлеу үшiн жалпы бiлiм беретiн мектептер
түлектерiне ақшалай төлемдер § 1. Жалпы ережелер
54. Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшiн жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерiне ақшалай төлемдер (бұдан әрi – оқуға Ақшалай төлем) қаланың жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерi санынан:
тұлдыр жетiмдер;
балалар үйлерiнiң түлектерi;
бала жасынан мүгедектер;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
көпбалалы отбасы балаларға беріледі.
55. Ақшалай төлемдер қаланың тиiстi жоғары оқу орнында оқудың нақты құны мөлшерiнде және тиiстi қаржы жылына қала бюджетiнде осы мақсаттарға қарастырылған қаражат шегiнде жүргізіледі.
56. Оқуға Ақшалай төлемдер есебiнен оқытылатын мамандықтар тiзбесi қаланың еңбек нарығындағы сұраныс құрылымына қарай жыл сайын грант беру бойынша комиссиямен анықталады.
§ 2. Оқуға Ақшалай төлемдер алу үшiн қажеттi
құжаттардың тiзбесi
57. Оқуға Ақшалай төлем алуға үмiткерлер Әкiмшіге өтініш пен мына құжаттардың көшірмелерін (түпнұсқада және көшiрмеде) ұсынады:
1) жеке куәлiгi;
2) азаматтарды тiркеу кiтабы;
3) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлiгi (тұлдыр жетiмдерге);
4) мүгедектiгi жөнінде анықтама (бала жасынан мүгедектерге);
5) көп балалы отбасы мәртебесiн растайтын құжат (көп балалы отбасының балалары үшiн);
6) туу туралы куәлiк (тұлдыр жетiмдерге);
7) ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттарының ұлттық орталығы әзiрлеген технология бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеудiң (бұдан әрi – тестiлеу) нәтижесi бойынша берiлген мемлекеттiк сертификаты.
58. Әкiмші оқуға Ақшалай төлемдер алуға үмiткерлерден құжаттар қабылдауды грант беру бойынша Комиссия отырысына дейiн 2 күн бұрын аяқтайды.
§ 3. Оқуға Ақшалай төлемдердi тағайындау тәртiбi
59. "Астана қаласының Бiлiм басқармасы" мемлекеттiк мекемесi жыл сайын бiрiншi мамырға осы Ереженің 54-тармағында көрсетiлген тұлғалар санынан ағымдағы жылдың жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерiнiң тiзiмдерiн Әкімшіге ұсынады.
60. Әкiмші жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерiнiң ұсынылған тiзiмдерiне сәйкес үмiткерлерден оқуға Ақшалай төлемдер алуға құжаттар қабылдауды жүргiзедi, қойылатын талаптарға сәйкестiгiн қарастырып, одан әрi грант беру бойынша комиссияға ұсыну үшiн iстер макетін қалыптастырады.
61. Оқуға Ақшалай төлемдер алуға үмiткерлердi iрiктеу тестiлеу кезiнде ең жоғары алған ұпай саны бойынша осы Ереженің 54-тармағында көрсетілген санаттар iшiнен жүргiзiледi.
62. Iрiктеу осы Ереженің 54-тармағында біртіндеп келтірілген көрсетілген санаттардан әрқайсысына көрсетiлген шегiнде бiртiндеп келтiрiлген жағдайда жүргiзiледi, әрi ағымдағы жылы осы мақсаттарға бөлiнген бюджеттiк қаражат шегiнде оқуға ақшалай төлемдер санатының бiреуiн толық қамтамасыз ету келесiнiң iрiктеуiн алып тастайды.
63. Iрiктеу жүргiзiлген кезде әр санаттар шегiнде гранттар беру бойынша Комиссия бiрiншi кезектi тәртiпте тестiлеу кезiнде қажеттi ең төменгi ұпайдан кем алған толық емес отбасы түлектерiн оқуға Ақшалай төлемдермен қамтамасыз етуге құқығы бар.
64. Тестiлеу кезiнде қажеттi ең төменгi баллдан кем алған жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерiне оқуға Ақшалай төлем тағайындалмайды.
65. Гранттар беру бойынша комиссия жыл сайын 25 тамызға дейiнгі мерзімде оқуға Ақшалай төлемдер алуға үмiткерлердiң құжаттарын қарастырады және шешiм шығарады.
66. Әкiмші Гранттар беру бойынша комиссия шешiмiнiң негiзiнде қаланың жоғарғы оқу орындарымен және оқуға Ақшалай төлемдер алушыларымен бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге шарттар (бұдан әрi – Шарт) жасасады.
67. Әкiмші он банктік күн ішінде Шартқа қол қойғаннан кейiн оқуға Ақшалай төлем алушының дербес есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен алғашқы оқу жылына төлемақы жүргiзедi.
68. Оқуға Ақшалай төлем алушы ақшалай қаражат түскеннен кейiн 3 банктiк күн iшiнде оқу ақысын төлейдi және Әкiмшіге төлем туралы түбiртектi ұсынады.
Әкiмшінің келiсiмiмен оқуға Ақшалай төлем алушының есеп шотынан ақша алынады.
69. Келесi оқу жылдарға оқуға Ақшалай төлем жыл сайын оқу жылының басында жүргiзiледi.
§ 4. Оқу өту тәртiбi
70. Әкiмші жоғарғы оқу орнымен бiрiгiп, оқуға Ақшалай төлем алушының оқуға кiрген кезiнен бастап оның оқуын бақылауды жүзеге асырады.
71. Жоғарғы оқу орнының әкiмшiлiгi үлгерiмi төмен болғаны, себепсiз үнемi оқуға қатыспағаны немесе оқуға Ақшалай төлем есептеу және/немесе тоқтату үшiн негiз болып табылатын оқу орнының Жарғысына сәйкес басқа да оқу тәртiбiн бұзғаны жөнінде Әкiмшіні уақытылы хабардар етуге мiндеттi.
72. Егер оқуға Ақшалай төлем алушы оқудан шығарылса жоғарғы оқу орны бес күн iшiнде оқудан шығарылғандығы туралы бұйрықтың көшiрмесiн ұсынып Әкiмшіні хабардар етедi.
73. Гранттарды беру бойынша комиссия жоғарғы оқу орны әкiмшiлiгiнiң ұсынысы бойынша оқудан шығарылған оқуға Ақшалай төлем алушының орнына осы Ереженің 54-тармағында көрсетiлген тұлғалар iшiнен бейiндi мамандық бойынша осындай жоғарғы оқу орнының басқа студентiмен ауыстыруына болады.
Бейiндi мамандық шегiнде ауыстыру үшiн үмiткер болмаған жағдайда, жоғарғы оқу орнының әкiмшiлiгi басқа мамандық бойынша студенттi ұсынуына болады.
Әкiмші қаланың басқа жоғары оқу орындарынан ауыстыру үшiн үмiткердi сұрастыруға құқылы.
74. Оқудан шығарылған студенттiң орнын ауыстыру туралы ұсыныс болмаған жағдайда, жоғарғы оқу орны оқу шығындарын шегеру есебiмен Астана қаласы бюджетiнiң кiрiсiне төленген қаражатты қайтаруды жүргiзедi.
75. Оқуға Ақшалай төлем алушы жоғарғы оқу орнынан шығарылған жағдайда оқуға төленген сомалары өндiрiлмейдi.
76. Денсаулығына байланысты академиялық демалысқа шыққан Ақшалай төлем алушы оқуға қайтадан оралғаннан кейiн одан әрi оқуға Ақшалай төлем алуына болады.
77. Жоғарғы оқу орнын бiтiрген соң және тиiстi үлгiдегi дипломды алғаннан кейiн ол туралы оқуға Ақшалай төлем алушы он күн мерзiм iшiнде Әкiмшіні хабардар етедi.
6-тарау. "Астана қаласының Құрметті азаматы" атағы берілген
азаматтарға ақшалай төлемдер
Ескерту. 6-тараудың атауы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 439/59-IV (алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
78. "Астана қаласының Құрметті азаматы" атағы берілген азаматтарға ақшалай төлемдер Астана қаласы мәслихатымен Әкімшіге ұсынылған тізімдердің негізінде ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 439/59-IV (алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
79. Алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 439/59-IV (алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
7-тарау. Өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға
ақшалай төлемдер
80. Ақшалай төлемдер олардың еркіне байланысты емес себептерден дүлей зілзала сияқты (өрт, су тасқыны және т.б) және басқа да табиғи және техногендік сипаттағы төтенше өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға жүргізіледі.
81. Көрсетілген ақшалай төлемдер мына мөлшерде:
мүлікке елеулі зиян келтірілгенде, бүлінсе, жойылса отбасына – 65 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
отбасы мүшелері қайтыс болғанда – қаза болған адамға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады.
82. Өмірдің қиын жағдайына тап болған адам (немесе отбасы өкілі) ақшалай төлем алу үшін Әкiмшіге өтініш және мына құжаттардың көшірмелерін (түпнұсқамен салыстыру үшін):
1) жеке куәлiгi (жеке басын растайтын басқа құжат);
2) азаматтарды тiркеу кiтабы;
3) төтенше жағдай фактісін растайтын құжаттар, жойылған, бүлінген мүліктің, ал қаза болған жағдайда отбасы мүшелерінің қайтыс болу фактісін және оларға қатысты туыстығын растайтын құжаттарды ұсынады.
83. Көрсетілген ақшалай төлемдерді алуға келіп түскен өтініштер Әкімшімен үш айдан кешікпей дүлей зілзала немесе төтенше жағдай пайда болған күннен бастап қаралады.
84. Өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға ақшалай төлемдер екiншi деңгейлi банктерде жеке шоттарына өтініш берген кезден бастап он күн ішінде аударылады.
4-бөлiм. Қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде
жол ақысын төлеуден босату түрiнде әлеуметтiк көмек
85. Қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол ақысын төлеуден босату түрiнде Әлеуметтiк көмек азаматтардың келесi санаттарына:
1) соғыс ардагерлеріне және соларға теңестiрiлген адамдарға;
2) жасы бойынша және еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнеткерлерге, сонымен қатар зейнеткерлік жасқа жеткен жасына байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;
3) мүгедектер мен он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға;
4) көп балалы отбасыларға;
5) көп балалы аналарға берiледi.
86. "Астана қаласының Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Басқарма):
1) көлік туралы заңнамаларға сәйкес қалалық жолаушылар көлігінде қызмет көрсететін тасымалдаушыларды (бұдан әрі – тасымалдаушы) анықтайды;
2) Астана қаласының аумағында қалалық жолаушылар көлігінің бағыттары бойынша тасымалдауды ұйымдастырады;
3) Әкімшіге одан әрі беру үшін белгіленген үлгідегі жеңілдікті жол жүру билеттерінің бланкісін дайындауды қамтамасыз етеді;
4) қалалық жолаушылар көлігінің бағыттарын қызмет көрсету сапасына бақылауды жүзеге асырады;
5) ай сайын осы Ереженің 85-тармағында көрсетілген тасымалдаушылармен жүзеге асырылған азаматтарды тасымалдау бойынша атқарылған жұмыстардың актісін дайындау жолымен атқарылған жұмыстарды есепке алуды қамтамасыз етеді және келесі айдың 10-на дейін оларды Әкімшіге ұсынады;
6) осы мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаражатты бөлуді тасымалдаушылар арасында қамтамасыз етеді.
87. Әкiмші:
1) ЗТМО деректер базасына сәйкес Ереженiң 85-тармағында көрсетiлген азаматтарға жеке куәлiктi және тегiн жол жүру билетiн пайдалану құқығы расталған куәлiк көрсеткен кезде "Астана қаласының Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Басқарма) дайындаған белгiленген үлгiдегi жеңiлдiктi жол жүру билеттерiн берудi жүргiзедi;
2) Басқарма ұсынған атқарылған жұмыстардың актiлерi негiзiнде тасымалдаушылар арасында бюджеттiк қаражатты бөлудi және көрсетiлген азаматтардың санаттарына жол жүруге тасымалдаушылардың шығын өтемақысын қамтамасыз етедi.
88. Қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол ақысын төлеуден босату үшiн азаматтардың жеңiлдiктi санаттарына жататынын растайтын және куәлiгiнiң түпнұсқасы мен белгiленген үлгiдегi жеңiлдiктi жол жүру билеттерi негiздеме болып табылады.
89. Әкiмші азаматтардың өтiнiштерi бойынша (алғашқы алдыңғы алған немесе жеңiлдiктi жол жүру билеттерiн ауыстырған кезден бастап жыл екi ай кезеңi болып есептеледi) жеңiлдiктi жол жүру билеттерiн қайтадан берудi бүлдiргендiгi, жоғалғандығы және ұрланғандығы туралы құжатпен расталғанда ("iздеу салу үстелiнiң" анықтамасы, мерзiмдiк басылымдағы ұрланған (жоғалған) жеңiлдiктi жол жүру билетiнiң жарамсыз деп танылғаны туралы хабарландыру, ұрлау айғағы бойынша iшкi iстер органдарына өтiнiштi растау) жылына бiр рет жүргiзедi.
Астана қаласы мәслихатының
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 410/54-IV шешіміне
2-қосымша
Астана қаласы мәслихатының күші жойылды деп
танылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы № 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 23 қарашада № 478 болып тіркелген, 2007 жылғы 29 қарашадағы № 192-194 "Астана хабары", 2007 жылғы 29 қарашадағы № 187 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
2. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 50/8-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы № 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 3 наурызда № 491 болып тіркелген, 2008 жылғы 8 наурыздағы № 32-33 "Астана хабары", 2008 жылғы 8 наурыздағы № 27 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
3. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі № 116/18-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы № 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 15 тамызда № 542 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 тамыздағы № 99 "Астана хабары", 2008 жылғы 21 тамыздағы № 102 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
4. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 187/30-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы № 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 16 ақпанда № 563 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 ақпандағы № 19 "Астана ақшамы", 2009 жылғы 19 ақпандағы № 21 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
5. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 197/31-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы № 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 29 сәуірде № 574 болып тіркелген, 2009 жылғы 5 мамырдағы № 48 "Астана ақшамы", 2009 жылғы 7 мамырдағы № 53-54 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
6. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 248/38-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы № 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 22 қазанда № 594 болып тіркелген, 2009 жылғы 27 қазандағы № 120 "Астана ақшамы", 2009 жылғы 27 қазандағы № 128 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
7. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 20 қарашадағы № 279/41-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы № 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 30 желтоқсанда № 608 болып тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 1 "Астана ақшамы", 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 1-2 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
8. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 345/46-IV "Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы № 16/4-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 14 мамырда № 628 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 мамырдағы № 51 "Астана ақшамы", 2010 жылғы 18 мамырдағы № 56 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).