Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 198-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидасы мен оларды дайындауға қойылатын талаптар.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Министр Б. Жәмішев
Қаржы министрінің
2010 жылғы 27 тамыздағы
№ 428 бұйрығымен бекітілген
Сәйкестендіру құралдарын қолдану қағидасы мен оларды дайындауға қойылатын талаптар
Ескерту. Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида сәйкестендіру құралдарын қолдану тәртібі мен оларды дайындауға қойылатын талаптарды айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Сәйкестендіру пломбаларды, мөрлерді қою, цифрлық, әріптік және өзге де маркалауды, сәйкестендіру белгілерін салу, мөртаңбаларды қою, сынамалар мен үлгілерді алу, тауарларды егжей-тегжейлі сипаттау, сызбаларды жасау, ауқымды бейнелерді, фотографияларды, иллюстрацияларды жасау, тауарға ілеспе құжаттаманы пайдалану жолымен және өзге де тәсілдермен жүргізіледі.
3. Кедендік мақсаттар үшін сәйкестендіру құралдары ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетел мемлекеттерінің кеден органдары, сондай-ақ тауарларды жөнелтушілер мен тасымалдаушылар салған пломбалар, мөрлер және сәйкестендірудің өзге де құралдары танылады.
4. Мемлекеттік кірістер органдары сәйкестендіру құралдары ретінде:
1) сәйкестендірудің механикалық құралдарын:
пломба – тауарларды кедендік мөрлермен және пломбалармен тасымалдау үшін жол берілген көлік құралдарының (контейнерлердің) жүк бөлімшелеріне салынатын, бір рет пайдаланылатын механикалық құрал. Пломбалар шпагатты немесе сымды пайдаланумен пломба салғышпен бекітіледі.
тиектеу-пломбалау қондырғысы (бұдан әрі - ТПҚ) – қорғалатын материалдық құндылықтарға заңсыз қол жеткізуге жол бермейтін және осындай қондырғыны заңсыз ашу орын алған жағдайда ашудың фактісін визуалдандыруға мүмкіндік беретін механикалық құрал.
ТПҚ бір рет пайдаланылатын бұйым болып табылады;
электрондық тиектеу-пломбалау қондырғысы (бұдан әрі - ЭТПҚ) – көп рет пайдаланылатын, санкцияланбаған қол жеткізуге жол бермейтін және қызметтік және сәйкестендіру ақпаратын сақтауға, өңдеуге және беруге, сондай-ақ қашықтықтан немесе оқу құралдары арқылы жағдайдың сигналын беруге мүмкіндік беретін электрондық құрал. ЭТПҚ өткізілетін жүктің тұтастылығын және көлік құралдың өту бағытын қамтамасыз ету үшін арналған.
Сәйкестендірудің механикалық құралдары осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келеді;
2) сәйкестендірудің арнайы құралдары:
мөр (мөртаңба) – органикалық емес материалдардан жасалған, түрлі тасымалдағыштарға (саз, металл, балауыз, сүргіш, былғары, қағаз) бедер немесе трансфер түрінде мән жайларды бекіту функциясын орындауға қабілетті қол аспабы;
штрих-код – мамандандырылған оқу құралдары үшін түсінікті түрге өткізілген цифрлар мен әріптердің жиынтығы. Кедендік құжаттарға, тауарлар мен көлік құралдарына штрих-кодты енгізудің ыңғайлығы үшін өздігінен желімденетін жапсырмалар, штрих-коды бар затбелгілер пайдаланылады;
флуоресценттік фломастер – кедендік құжаттарды визуалдандыру үшін пайдаланылатын ерекше маркер;
3) сейф-пакет – оларға санкцияланбаған қол жеткізуден тауарға ілеспе және көліктік құжаттарды қорғау үшін арналған пластик пакеті (бұдані әрі - Пакет).
Пакеттер жөнелту кеден органынан тікелей межелі кеден органына қолма-қол тәртіппен жеткізіледі.
Бір пакет өзіне жеткізуді бақылаудың бір ғана құжатын (бұдан әрі - ЖБҚ), сондай-ақ көліктік және оған тауарға ілеспе құжаттарын қамтиды.
Пакеттің тұтастылығын бақылау межелі кеден органында тігістердің тұтастылығын және желімді заттың қабатына әсер ету іздерінің жоқтығын визуалды тексеру жолымен жүзеге асырылады.
Пакеттерді ресімдеу мен қабылдауды Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Сәйкестендіру құралдарын пайдалану тәртібі
5. Сәйкестендіру құралдары тауарлар мен көлік құралдарының жүк бөліктерінің сақталуын қамтамасыз ету, көлік пен жүктердің, ғимараттардың, үй-жайлардың әртүрлі түрлеріне санкцияланбаған қол жеткізудің алдын алу, сондай-ақ тауарға ілеспе және көліктік құжаттарды оларға санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау үшін қолданылады.
6. Сәйкестендірудің механикалық құралдарын мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары кедендік бақылауда тұрған тауарларды өткізу кезінде жүк бөлімшелерінің бекіту тораптарына қояды. Сәйкестендірудің механикалық құралдарын орнату кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу уақытында жүргізіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Пломбалау құралдарымен сәйкестендірілген жүк бөлімшелерін бақылау, сондай-ақ осы құралдарды өзгертуді, алып тастауды немесе жоюды Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асырады. Сәйкестендіру құралдары өзгертілген, алып тасталған немесе жойылған кезде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша акт жасайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. ЭТПҚ кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің теңгерімінде тұрады және мемлекеттің меншігі болып табылады.
9. Сәйкестендірудің арнайы құралдары кедендік бақылау мен кедендік ресімдеу уақытында қолданылады. Кедендік құжаттарға мөрлер мен мөртаңбалар қойылады, штрих-кодтар жапсырылады. Флуоросценттік фломастердің көмегімен ауыстыруды болдырмау мақсатымен кедендік және өзге құжаттар маркаланады.
10. Пластик пакеттерін пайдалану кезінде жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы Пакетке салынған көліктік және тауарға ілеспе құжаттардың барлық парақтарында бағыттаушы мөртаңбаны қояды, ЖБҚ-ның және Пакеттің номерін көрсетеді, осы белгілерді қолымен және жеке нөмірлі мөрімен куәландырады.
11. Жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасы тауар көліктік жүк құжатының бір парағын тасымалдаушыға алдын ала бере отырып көліктік және тауарға ілеспе құжаттарды Пакеттің ішіне салады. Желімденетін бөлігінен желімді қорғау лентасын алып желімдеу затының қабатын Пакеттің ішкі жағында орналасқан индикациялық жолақпен біріктіреді, одан кейін желімдеу орнының қыртысын жазады.
12. Пакеттің реттік нөмірі мынадай құжаттарда:
бағыттаушы мөртаңбамен тауар көліктік жүк құжатында және тауарға ілеспе құжаттарда, ЖБҚ-ның «С» бағанында, не ЖБҚ ретінде тауарға ілеспе құжаттарды пайдаланған жағдайда бағыттаушы мөртаңбамен құжаттар тізбесінде көрсетіледі.
13. Желімделген Пакеттің оң жақ бетінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы қаламсаппен:
Пакеттің сол жақ жоғарғы бұрышында – жөнелтуші кеден органын және оның заңды мекен-жайын;
Пакеттің оң жақ жоғарғы бұрышында – межелі кеден органын және оның заңды мекенжайын, сондай-ақ уақытша сақтау қоймасының атауын;
өткізу типін;
Пакеттің ортасында – ЖБҚ нөмірін, көліктік және тауарға ілеспе құжаттардың тізбесін, көлік құралының нөмірін, көліктік және тауарға ілеспе құжаттарды тасымалдауға қабылдаған жеке тұлғаның заңды мекен-жайын немесе заңды тұлғаның орналасқан жерін көрсетеді. Енгізілген ақпарат жөнелтуші кеден органы лауазымды тұлғасының тегін, атын, (бар болған жағдайда әкесінің атын) көрсете отырып қолымен және жеке нөмірлі мөрімен куәландырылады;
бірінші жыртылмалы түбіртекте жөнелтуші кеден органы лауазымды тұлғасының жеке номерлі мөрі, қолы, тегі, аты, әкесінің аты жазылады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Межелі кеден органының қызмет аймағына келген кезде ішкі кедендік транзит рәсімі бойынша өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары электронды пломбаның деректерін оқуға мүмкіндік беретін жабдықтармен жарақтандырылған уақытша сақтау орындарына жеткізіледі.
15. Көлік құралының келу актісі пакетпен бірге ішкі кедендік транзит рәсімін аяқтау үшін межелі кеден органының алдын ала операцияларды және кедендік алып жүруді бақылау бөліміне (бұдан әрі – АОжКАББ) ұсынылады.
16. Тауарлар мен көлік құралдарының келуі туралы хабарламаны қабылдауға жауапты межелі кеден органының АОжКАББ лауазымды тұлғасы хабарламаны алған сәтте (құжаттарымен бірге пакет ұсынылғанда) Пакеттің тұтастығын визуалды тексереді. Бұл ретте, мыналарға назар аударады:
жапсырылған тігісінің тұтастығына;
Пакеттің бетіндегі зақымдалған жерінің жоқтығына;
мөрленген бетіндегі зақымдалған жерінің жоқтығына;
желім затының қабатында әсер ету іздерінің жоқтығына;
Пакетте жеке реттік нөмірінің және қолдардың болуына көңіл аударады.
17. Көзге көрінетін зақымданулар, не ашқандығының іздері болмаған кезде межелі кеден органының АОжКАББ лауазымды тұлғасы екінші және үшінші жыртылмалы түбіртекті толтырады, бұл ретте екінші түбіртекті пакетті жеткізуші тұлғаға береді, ал үшінші жыртылмалы түбіртекті оларды кейіннен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) арнайы байланыс арналары бойынша беру үшін межелі кеден органының мемлекеттік құпияларды қорғау бөліміне береді.
18. Пакетті ашқаннан кейін межелі кеден органының АО және КАББ лауазымды тұлғасы ЖБҚ-ға және тауарға ілеспе құжаттарының барлық парақтарына «Құжат №______ сейф-пакетімен жеткізілген» деген жазба жасайды және оны қолымен және жеке нөмірлік мөрімен растайды.
19. Пакеттің тұтастылығын бұзу фактілері анықталған, сәйкестендірілген құжаттардың түпнұсқалығына күдік туған кезде межелі кеден органы АО және КАББ лауазымды тұлғасы бұл туралы межелі кеден органының бастығына не оны алмастыратын тұлғаға тез арада хабарлайды.
Межелі кеден органы бұл жағдайда:
тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау қоймасына орналастыруды немесе оларды кедендік бақылау аймағына орналастыруды ұйымдастырады;
жеткізілген тауарлар мен көлік құралдарына толық кедендік тексеріп қарауды жүргізеді;
тез арада Комитетке хабарлайды;
жөнелту кеден органынан тауарға ілеспе құжаттарының көшірмелеріне сұрау салады.
3. Сәйкестендіру құралдарын жасауға талаптар
20. Сәйкестендірудің механикалық құралдары түрлі конфигурациялардағы түрлі материалдардан жасалады, айналадағы ауаның минус 600 С-тан плюс 550 С-ке дейінгі температурасы, салыстырмалы ылғалдықтың 250 С кезінде 100% кезінде пайдалану шарттарына төзімді сәйкестендірудің механикалық құралдары ғана қолданылады.
21. Сәйкестендірудің механикалық құралдарының құрылысы:
адамдардың қауіпсіз жұмысын, жарылыс және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сәйкестендірудің механикалық құралдарын алу кезінде өткізілетін жүктің жануына немесе жарылысына жол бермеу үшін ұшқынның пайда болуына жол берілмеуі тиіс.
пломбаларды, ТПҚ мен оның құрамындағы элементтерді бір рет пайдалануды;
көзге көрінетін элементтердің біреуін бұзбай механикалық құралдардың ашылуына жол бермеуді;
ашылған жағдайда сәйкестендірудің механикалық құралдарын пайдаланудың бір реттілігін;
зақым келтірудің көзге көрінетін іздерін келтірмей сәйкестендірудің механикалық құралдарын ашудың мүмкін еместігін;
сәйкестендірудің механикалық құралдарын бұзбай тасымалданатын жүкке қол жеткізуді болдырмауды;
көлік құралдары жұмысының пайдалану жағдайларында пайда болатын механикалық жүктемелердің (итерулер, ұрулар, дірілдеулер) әсер етуі кезіндегі жұмыс қабілеттігін;
сәйкестендірудің механикалық құралдарын жабық жағдайында көзбен қарап немесе қолмен бақылаудың мүмкіндігін;
қолмен немесе қарапайым аспаптармен орнату мүмкіндігін;
арнайы құралдармен: алғышпен, кемпірауыз-тістегішпен, арқанды кесу үшін қайшылармен, арнайы кілттермен алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
22. Сәйкестендірудің механикалық құралдарына эргономикалық талаптар мыналардың болуымен:
мүмкіндігінше аз габариттік мөлшері және салмағымен;
олармен жұмыс істеу кезінде қолдарды жарақаттамайтын сыртқы нысанының ыңғайлығы және қауіпсіздігімен;
жабу және қарау ыңғайлығымен;
оның тұтқасына түсетін күшпен - сәйкестендірудің механикалық құралдарын аспаптың көмегімен жапқан жағдайда 150 Н (Ньютоннан) аспауы тиіс;
сәйкестендірудің механикалық құралын алу үшін арнайы қондырғылардың тұтқасына түсіруге тиісті күшпен - 200 Н (Ньютоннан) аспауы тиіс;
жеке нөмірлермен;
қалыпты жарықтандыру жағдайында 20 сантиметр қашықтықтан, табиғи және жасанды жарықтандыру жағдайында 50 лк (Люкс) жеңіл оқылатын сәйкестендірудің механикалық құралдарына жазылатын ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
23. Сәйкестендірудің механикалық құралдары, оның ішінде кейін жүктерді ашық ауада көлік құралының ішінде сақтаумен температурасы төмен (-600 С) аудандарға аралас бағыттарда жүктерді жеткізу кезінде оларды салған уақыттан бастап 12 ай және дайындалған күнінен бастап 24 ай ішінде жұмыс қабілетін сақтайды және осы талаптарға сәйкес келеді.
24. ЭТПҚ:
жүкті сенімді қорғауды;
көп рет пайдалануды;
іс жүзіндегі уақыт режиміндегі жүру жолындағы мониторингті;
ақпараттық жүйелермен ықпалдастыру үшін жүру жолында болған оқиғалар туралы ақпаратты электронды түрде ұсынуды;
пайдаланудың 5 жылдан кем емес мерзімін қамтамасыз етуі тиіс.
25. Сәйкестендірудің арнайы құралдарын дайындау талаптарын жасаушы зауыт регламенттейді.
26. Пластик пакеттерін дайындауға талаптар:
Пакеттің сыртқы түрі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысанда ресімделеді;
құжаттарды салу үшін Пакеттің ішкі жағының мөлшері 390х245 миллиметрді құрайды, Пакеттің қалыңдығы 70 микроннан төмен болмауы тиіс. Пакет көрінбейтін синтетикалық үлдір материалдан жасалған. Пакеттің клапанындағы индикациялық түрлі түсті жолақ, түрлі түсті баспа тасымалданатын көліктік және тауарға ілеспе құжаттарға санкцияланбаған қол жеткізуді болдырмайды, ал индикация жолағындағы «stop» жазуы желімді лента ашылып қалған кезде құжаттарға қол жеткізуге әрекет жасалғанын көрсетеді. Барлық жазулар, сондай-ақ ақпараттық жолақтар сүртілмейтін бояулармен жазылады.
1-позиция – ұзындығы бойынша дәнекер тігісі.
2-позиция – тұйық сызықтармен шектелген ақпараттық жолақтар ақ фонға көк бояумен жазылады.
3-позиция – қию сызығы бойынша қайталанатын «Қию сызығы» деген жазу ақ фонға қызыл бояумен жазылады.
4 -позиция – «Байқа!!! Мөрленген! Санкцияланбаған ашуға тыйым салынады» деген жазу ақ фонға қызыл бояумен жазылады.
5-позиция – Пакеттің нөмірі ақ фонға көк бояумен басылады және мына схема бойынша толтырылады «KZ 00000000».
6-позиция – ішінде ақ фонға көк бояумен «Жөнелтуші кеден органы: _______ мекен-жайы: __________,» деген жазуы басылған, тұйық сызықпен шектелген ақпараттық ашық жол.
7-позиция – ішінде ақ фонға көк бояумен «Межелі кеден органы: _____мекенжайы: __________, УСҚ: __________» деген жазуы басылған, тұйық сызықпен шектелген ақпараттық ашық жол.
8-позиция – ішінде ақ фонға көк бояумен «Транзит/Әкелу» деген жазуы басылған, тұйық сызықпен шектелген ақпараттық ашық жол.
9-позиция – ішінде ақ фонға көк бояумен «ЖБҚ/ХЖТ ___________, инвойс ___________, тауар-көліктік жүк құжаты ____, қамтамасыз ету мөлшері _______, көлік құралы _______, тауар мен құжаттарды жеткізуге жауапты тұлға _______» деген жазуы басылған, тұйық сызықпен шектелген ақпараттық ашық жол.
10-позиция – ішінде ақ фонға көк бояумен «Жөнелтуші кеден органының лауазымды тұлғасының деректері____, Т.А.Ә._______________, лауазымы______, күні_______, қолы______», сондай-ақ жөнелтуші кеден органы қызметкерінің жеке нөмірлі мөрін қоятын орын» деген жазуы басылған, тұйық сызықпен шектелген ақпараттық ашық жол.
11-позиция – «Қазақстан Республикасы» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті» деген жазу ашық жолдың көк фонына ақ бояумен басылған, жазудың үстіне ақпараттық ашық жолдың ортасында Қазақстан Республикасы кеден органдарының гербінің суреті салынған.
12-позиция – пакеттің желімді қорғайтын лентасымен (оған желім жағылған мөлдір пленка) мөрленетін беті.
13-позиция – пакеттен кертпе сызықтары бойынша бөлінетін түбіртектер (3 дана). Сол жақтан оңға қарай біріншісінде «Жөнелтуші ____ қолы ____ күні» жазуы, екіншісінде «Алушы ____ қолы ____ күні», үшіншісінде «Алушы ____ қолы ____ күні_____» жазуы.
14-позиция – Пакеттің сыртқы жағында «Назар аударыңыз», «Мемлекеттік органдарға ұсыным» деген жазулар кіші әріптермен ақ фонда қызыл бояумен, қалған жазулар ақ фонға көк бояумен жазылады.
Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сәйкестендіру құралдарын
қолдану қағидасы мен
оларды дайындауға қойылатын
талаптар қосымша
Нысан
Сейф – пакеттің бет жағы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сейф – пакеттің артқы беті
Внимание!
В соответствии со статьей 328 Кодекса Республики Казахстан от 30 июня 2010 года «О таможенном деле в Республике Казахстан» при недоставке товаров и документов на них в таможенный орган назначения перевозчик несет ответственность в соответствии с административным и уголовным законодательством Республики Казахстан или законодательства государства-члена Евразийского экономического союза, таможенным органом которого товары помещены под таможенную процедуру таможенного транзита. Статьей 528 Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года «Об административных правонарушениях» определена ответственность лица перед государственными органами:
1. Выдача без разрешения органа государственных доходов Республики Казахстан, утрата или недоставление в орган государственных доходов Республики Казахстан товаров, транспортных средств и документов на них, находящихся под таможенным контролем, -
влекут штраф в размере сорока месячных расчетных показателей с конфискацией товаров и транспортных средств, являющихся непосредственными предметами совершения административного правонарушения.
2. Недоставление принятых для вручения органу государственных доходов таможенных или иных документов на товары и транспортные средства, находящиеся под таможенным контролем, –
влекут штраф в размере двадцати месячных расчетных показателей.
3. Несоблюдение установленного органом государственных доходов или таможенным органом государства-члена Евразийского экономического союза срока доставки товаров, транспортных средств и документов на них –
влечет штраф в размере двадцати месячных расчетных показателей.
Статьей 234 Уголовного кодекса Республики Казахстан от 3 июля 2014 года (Экономическая контрабанда) определено, что:
То же деяние, совершенное:
1) неоднократно;
2) лицом с использованием своего служебного положения;
3) с применением насилия к лицу, осуществляющему пограничный или таможенный контроль;
4) в особо крупном размере;
5) группой лиц по предварительному сговору, –
наказывается штрафом в размере до трех тысяч месячных расчетных показателей либо исправительными работами в том же размере, либо ограничением свободы на срок до трех лет, либо лишением свободы на тот же срок, с конфискацией имущества.
2. Деяния, предусмотренные частями первой или второй настоящей статьи, совершенные:
1) лицом, уполномоченным на выполнение государственных функций, либо приравненным к нему лицом, либо должностным лицом, либо лицом, занимающим ответственную государственную должность, если они сопряжены с использованием им своего служебного положения;
2) преступной группой, –
наказываются лишением свободы на срок от трех до восьми лет с конфискацией имущества, а в случаях, предусмотренных пунктом 1), с пожизненным лишением права занимать определенные должности или заниматься определенной деятельностью.
Рекомендация государственным органам!
В случае необходимости задержания данного транспортного средства, принимая во внимание, что его перемещение находится под контролем центра оперативного управления Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан и обеспечено электронными пломбами автоматизированной системы контроля доставки товаров содержащими информацию, рекомендуем доставлять транспортные средства и сопроводительные документы без вскрытия упаковки в ближайший орган государственных доходов Республики Казахстан, оснащенный системой считывания информации с электронных пломб автоматизированной системы контроля доставки товаров, после чего коллегиально, в присутствии работника органа государственных доходов вскрыть упаковку товаросопроводительных документов и составит протокол по форме, установленной решением Комиссии таможенного союза № 260 от 20 мая 2010 года.