Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың және азаматтық іс жүргізуде мемлекеттің мүддесіне өкілдік етудің тиімділігін көтеру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 18-ші баптарын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және азаматтық іс жүргізуде мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4295 тіркелген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту жөніндегі» 2006 жылғы 27 маусымдағы N 37 бұйрығының;
2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5334 тіркелген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту жөніндегі» 2006 жылғы 27 маусымдағы N 37 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2008 жылғы 16 қыркүйектегі N 38 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевқа жүктелсін.
4. Бұйрық Бас әскери прокурорға, облыс, Алматы, Астана қалаларының және оларға теңестірілген прокурорларға, аудан, қала прокурорларына, әскери, көлік және мамандандырылған прокурорларға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ғылыми және басқа да мекемелердің басшыларына жіберілсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Қ. Мәми
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2010 жылғы 12 тамыздағы
№ 46 бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және азаматтық іс жүргізуде мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (бұдан әрі – АІЖК), «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленген және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалауды және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік етуді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды реттейді.
2. Азаматтық сот ісін жүргізуде заңды дәл және біркелкі қолдануға жоғары қадағалауды мемлекеттің атынан Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тікелей, сондай-ақ оның бағынысындағы прокурорлар арқылы және сот талқылауына қатысу және қорытынды беру, заңды күшіне енбеген және заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын тексеру және олар заңсыз болған жағдайда оларға наразылық келтіру арқылы жүзеге асырады.
3. Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалаудың және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік етудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың конституциялық және заңмен қорғалатын өзге де құқықтарын, бостандықтары мен мүддесін қамтамасыз ету, сот төрелігін жүзеге асыру қағидаттарын бұлжытпай сақтау, заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы Департаменті, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокурорлары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа да мамандандырылған прокуратуралар азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын тұрақты және тиімді қадағалау жасауды қамтамасыз етеді, соттардың азаматтық істерді қарау кезіндегі іс жүргізу мерзімдерін сақтауын тексереді, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықтың жағдайын тұрақты негізде талдайды.
5. Заңдылықтың жай-күйін болжамдау, азаматтық істердің өзекті санаттары бойынша прокурорлық практикаға жүйелі талдау жүргізу мақсатында Департаментте, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокуратураларында және оларға теңестірілген прокуратураларда жұмыс аймақтық-тақырыптық қағидаты бойынша ұйымдастырылады, бұл ретте прокурорлық практиканы жүйелік талдаудың қорытындылары жұмыс тақырып топтарында, шұғыл кеңестерде және алқаларда қаралып, жүзеге асырылатын қадағалаудың тиімділігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылданады.
Тақырып қағидаты бойынша жұмыс азаматтық-құқықтық даулардың өзекті санаттарын белгілеу және заңдылық жай-күйіне, прокурорлық қадағалауға жүйелі талдау жүргізетін, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, қадағалау қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу мақсатында оның нысандарын, әдістерін арттыру жөніндегі ұсыныстарды енгізетін жауапты тұлғаларды бекіту арқылы жүзеге асырылады.
Тақырып бағыттарын белгілеу кезінде заңдылықтың жай-күйін және қызмет көрсетілетін өңірлердің ерекшеліктерін, таралған азаматтық-құқықтық даулардың түрлерін негізге алу керек.
Прокурорлардың мамандануы прокуратура жұмысын жоспарлағанда, талдамалар мен қорытындылауларды жүргізгенде, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарағанда ескеріледі.
Аймақтық қағидат белгіленген өңірде заңдылықтың мониторингін жүргізу және жай-күйін талдау мақсатында сот актілерінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын прокурорларға сол өңірді бекітуге көрінеді.
6. Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәл және біркелкі қолданылуына қадағалауды жүзеге асыру кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілері арасындағы дауларға, сондай-ақ корпоративтік дауларға негізсіз араласуға жол берілмейді (АІЖК-нің 24-бабының 2-бөлігі)
2. Соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету
7. Аппеляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібінде азаматтық сот ісін жүргізу барысында соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік етіп, прокурор Конституцияға, АІЖК-не, Заңдарға және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес өзінің өкілеттігін жүзеге асырады.
Көлік прокурорларының ведомстволығына жататын азаматтық істерді қарауды тиісті көлік прокуратуралары орналасқан жерлердегі соттарда тағайындаған кезде оларға қатысу және кейін қадағалау жасау көлік прокурорларына жүктеледі.
Көлік прокурорларының ведомстволығына жататын істерді қарау белгіленген соттардың орналасқан жерінде көлік прокуратуралары болмаған жағдайда, бірінші сатыдағы сотқа қатысу және аппеляциялық және кассациялық тәртіпте қадағалау жүзеге асыру тиісті аумақтық прокурорларға жүктеледі.
Мамандандырылған соттарда бірінші сатыдағы сотқа қатысу басқа прокурорлардың талап арыздарын қарау жағдайларын есептемегенде, осы соттардың орналасқан жерлері бойынша орналасқан прокурорларға жүктеледі.
Мамандандырылған соттарда басқа прокурорлардың талап-арыздарын қарау кезінде бірінші сатыдағы істерді қарау кезінде қатысуды облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың тиісті бөлімшелерінің қызметкерлері қамтамасыз етеді. Астана және Алматы қалаларында мамандандырылған соттардың сот актілерінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру тәртібін қалалар прокурорлары белгілейді.
Соттар қараған істер бойынша аумақтық және мамандандырылған прокурорлар тоқсан сайын салыстырып тексеруді жүргізеді.
Әскери соттарда істерді қарау кезінде қатысу осы соттардың орналасқан жерлері бойынша орналасқан әскери прокурорларға жүктеледі.
8. Прокурорлар мынадай істер бойынша:
ол заңда қарастырылғанда;
сот немесе жоғары тұрған прокурор оны қажет деп таныса;
мемлекеттің мүддесіне қатысты істер бойынша;
мемлекеттік басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың шешімдеріне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы;
өндірістегі жазатайым оқиға нәтижесінде азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген залалды өндіру туралы істер бойынша міндетті түрде іс жүргізуге қатысады және қорытынды жасайды.
Сонымен қатар прокурор өздерінің бастамасымен қозғалатын істер бойынша тарап ретінде қатысуға міндетті.
Заңда прокурордың мынадай істер бойынша қатысуы қарастырылған:
ата-ана құқығынан айыру, оны қалпына келтіру, шектеу туралы, баланы алып қою туралы, баланы асырап алудың күшін жою туралы («Қазақстан Республикасындағы неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68, 70, 71,74, 96 баптары);
баланы асырап алу туралы (АІЖК-нің 36-1-тарауы);
нормативтік-құқықтық актілердің заңдылығына дау айту туралы (АІЖК-нің 284-бабы);
азаматтың хабар-ошарсыз кеткендігін тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы (АІЖК-нің 299-бабы).
Мемлекеттің мүддесіне қатысты істерге мемлекеттік кәсіпорындар көрсеткен қызмет үшін берешек сомасын тұтынушылардан өндіріп алу туралы істерді есептемегенде, тараптары мемлекеттік мекемелер болып табылатын істер жатады.
Мемлекеттік басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың шешімдеріне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істерге:
Конституциямен кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды бұзатын шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану туралы істер;
әрекет нәтижесінде азаматқа немесе заңды тұлғаға қандай-да бір міндет жүктелетін немесе олар жауапкершілікке тартылған (салық (кеден, монополияға қарсы) органдардың салық (кеден) берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу, ҚҚС төлеушінің куәлігін жою және т.б.) әрекеттеріне шағымдану туралы істер жатады).
Егер жергілікті атқару органдарының (оның ішінде тіркеу органдарының) дау айтылған шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар арасындағы мүлікке меншік құқығы туралы дауларға байланысты болса, істі қарауға прокурордың қатысуы талап етілмейді.
Егер сот қарайтын дау көпшілік көптеген азаматтардың мүддесіне қатысты болса, олардың өмірі мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігіне ауыр зардаптар әкелуі мүмкін болса, прокурорларға өз бастамасымен қорытынды беру үшін процеске қатысу қажет.
9. Азаматтық сот ісін жүргізудің барлық сатыларында осы Нұсқаулықтың 8-тармағымен қарастырылған істер бойынша прокурорлар іс жүргізуге өз бастамасы бойынша қатысқан прокурорлар өздерінің ұстанымдарын заң талаптарына, іс материалдарына қатаң сәйкестікте белгілейді, оны дәйекті қорғайды, заңдылық, заң және сот алдында заңды тұлғалар мен азаматтардың теңдігі, тараптардың жарыстастылығы мен құқықтық теңдігін басшылыққа алады.
Прокурордың қорытындысы жазбаша түрде жасалады және онда мыналар көрсетілуге тиіс:
істің атауы;
тараптар;
мәлімделген талаптардың мәні;
талапкер мен жауапкердің сілтеме жасайтын мән-жайлары;
тараптар ұсынған дәлелдер туралы прокурордың пікірі олардың қатыстылығы, мүмкіндігі, анықтылығы және жеткіліктілігі тұрғысынан;
қолдануға жататын материалдық және іс жүргізу құқықтарының нормалары;
мәлімделген талаптардың мәні, сот шығындарын бөлу бойынша прокурордың тұжырымдары.
Аппеляциялық, кассациялық, қадағалау тәртібінде қайта қарауға жататын іс бойынша қорытындыда мынадай мәліметтер болуға тиіс:
судья (баяндамашы, алқа құрамы), қайта қарауға жататын сот актілерінің мазмұны, соттың ұстанымы;
қатысқан прокурорлар, қорытындылардың қысқаша мазмұны;
шағымның (өтініштің) дәлелдемелері;
істі зерттеу қорытындысы;
шағымның (өтініштің) негізділігі туралы тұжырымдар.
Қадағалау қызметі барысында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалар тарапынан заңдылықты бұзу анықталған жағдайда, прокурор соттың алдында жеке ұйғарым шығару туралы өтініш жасайды, қосымша тексерулерді жүргізуге және кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешуге, заңды бұзуға әкеп соққан себептер мен жағдайларды жоюға шаралар қабылдау мақсатында ол туралы жоғары тұрған прокурордың назарына хабарлайды.
10. Прокурорлар барлық азаматтық істер бойынша өндірісті тоқтата тұру туралы сот ұйғарымының заңдылығын тұрақты түрде тексереді, заңдылықты бұзу анықталған кезде оларды жоюға шаралар қабылдайды.
11. Сот қарайтын дауда прокуратура органдарының мүддесін талапкер немесе жауапкер түрінде білдіретін прокурор тараптың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін пайдаланады (АІЖКнің 55-бабының 6-бөлігі).
Прокурорлардың талап қоюлары мен арыздары бойынша қозғалған істер бойынша бірінші саты сотында прокуратура өкілдерінің қатысуын істі қозғаудың бастамашысы болған бөлімшелердің қызметкерлері қамтамасыз етеді.
Прокуратура органы немесе мекемесі іс бойынша жауапкер ретінде тартылған жағдайда, жауапкердің өкілі ретінде қатысуға қызметкердің кандидатурасын тиісті прокуратуралардың және мекемелердің басшылары белгілейді.
Осындай істерді қараған кезде істің мәні бойынша прокурордың қорытындысы, тұтастай алғанда жарыссөздерден кейін талап етілмейді.
Іс жүргізуде жарыстастылықты қамтамасыз ету және көрсетілген іс санаты бойынша аппеляциялық және кассациялық мерзімдерде заңсыз сот шешімдеріне шағым келтіру үшін жауапкершілік осы қызметкерлерге жүктеледі.
12. Прокурорлар осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілген істер, сондай-ақ өз бастамасымен қатыстан істер бойынша аппеляциялық, кассациялық тәртіпте заңды күшіне енбеген сот актілеріне наразылық келтіру, прокурорлық қадағалаудың өзге де актілерін енгізу арқылы сот жіберген қателіктерге уақтылы ден қою қажет.
3. Облыстар, Астана, Алматы қалаларының прокуратураларында және оларға теңестірілген прокуратураларда азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру
13. Аппеляциялық, кассациялық сотта қорытынды берген кезде прокурор істің мән-жайын, сондай-ақ сотта айтылған түсіндірмелерді, сотқа қосымша ұсынылған материалдарды ескеруге міндетті. Бұл ретте прокурор наразылықтың дәлелдемелерімен байланысты болмайды және заң талаптары мен нақты деректерді басшылыққа алады.
Бірінші сатыдағы сотта баяндалған прокуратура көзқарасының, оның негізді болмауына байланысты кейін өзгеруінің әрбір жағдайы, аппеляциялық (кассациялық) саты сотына ұсынылған жаңа дәлелдер негізінде күші жойылған сот актілерін қоспағанда, негізсіз қорытындыны немесе наразылықты дайындаған қызметкерлердің жауапкершілігі туралы мәселені қарай отырып, прокуратура басшылығының жедел кеңестерінде талқылауға жатады.
14. Аппеляциялық наразылық АІЖК-нің 364-бабының 1 бөлігінде қарастырылған соттың шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болған жағдайда келтіріледі.
Кассациялық наразылық келтіру үшін негіз болып табылатын бірінші және аппеляциялық сатылардағы соттардың материалдық және іс жүргізу құқықтары нормаларын бұзу, дұрыс қолданбау АІЖК-нің 365, 366-баптарында белгіленген.
Аппеляциялық және кассациялық наразылықтар АІЖК-нің 335, 383-5-баптарының талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Соттар аппеляциялық немесе кассациялық наразылықтарды негізсіз қабылдамаса, сондай-ақ азаматтық істерді қарау кезінде соттар материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларын елеулі бұзуға жол бергені анықталғанда, облыстар, Астана, Алматы қалаларының прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қадағалау наразылығын келтіру және істі сұратып алу туралы ұсыным енгізеді, ол АІЖК-нің 390-бабының талаптарына сай болуға тиіс. Ұсынымға қадағалау өндірісі (ол бар болғанда) және іс бойынша болған барлық сот актілерінің, енгізілген наразылықтардың көшірмелері қоса тіркеледі.
15. Істерді аппеляциялық тәртіпте қараған кезде, облыстар, Алматы, Астана қалаларының прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар АІЖК-нің 55-бабының 2 бөлігінде (АІЖК-нің 350-бабының 2 бөлігі) және осы Нұсқаулықтың сегізінші тармағында қарастырылған істер бойынша тиісті прокурорлардың қатысуын қамтамасыз етеді.
Істерді кассациялық тәртіпте қараған кезде, облыстар, Алматы, Астана қалалары прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар барлық істер бойынша бағынысты прокурорлардың (басқарма және бөлімдер бастықтарының) қатысуын қамтамасыз етеді (АІЖК-нің 383-15-бабының 2 бөлігі).
Облыстар, Алматы, Астана қалаларының прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар Департаментке наразылықты қарау нәтижелері туралы дереу хабарлап, соңынан сот қаулыларының көшірмелерін жолдап, кассациялық сатыдағы соттарда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының наразылықтарын білікті қолдауды жеке қамтамасыз етеді.
Облыстар, Алматы, Астана қалаларының прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар азаматтық істер бойынша аппеляциялық және кассациялық сатылар соттары шығарған, оларды прокурорлардың қатысуымен қараған кезде прокурорлар берген қорытындыларды есепке алуды ұйымдастыру қажет, олар тиісті номенклатура істеріне құрылады.
16. Азаматтық сот ісін жүргізуде прокурорлық қадағалау жағдайын бағалау өлшемі аппеляциялық (кассациялық) наразылықтардың тиімділігі, аппеляциялық (кассациялық) наразылықтардың қанағаттандырылуы, Бас прокуратураның Стратегиялық жоспарының мақсаты индикаторларына қол жеткізуі, сондай-ақ мемлекеттің мүддесін қорғау жөнінде қабылданған шараның нәтижелілігі, мемлекеттік бюджетке және азаматтарға прокурорлық қадағалау актілерімен келтірілген залалды өндіру болып табылады.
Аппеляциялық (кассациялық) наразылық келтіру тиімділігі қадағалау жағдайының бағалау өлшемі ретінде көлік және өзге де мамандандырылған (әскериден басқа) прокурорларға қолданылмайды, олардың жұмысын бағалауда наразылықтардың қанағаттандырылуы басшылыққа алынады.
Аппеляциялық (кассациялық) наразылық келтіру тиімділігі осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көрсетілген істер жөнінде прокурордың наразылығы бойынша бұзылған сот актілерінің ара қатынасынан аппеляциялық (кассациялық) тәртіпте бұзылған міндетті санаттар істері бойынша шешімдердің жалпы санынан есептеледі.
Аппеляциялық (кассациялық) наразылықтар тиімділігін есептеген кезде аппеляциялық (кассациялық) сатыдағы сотқа ұсынылған жаңа дәлелдер негізінде күші жойылған шешімдер есепке алынбайды.
Аппеляциялық (кассациялық) наразылықтардың қанағаттандырылуы қаралғандардың жалпы санынан қанағаттандырылған наразылықтардың ара қатынасынан есептеледі.
Облыстардың, Алматы, Астана прокурорларының прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар негізсіз наразылықты кері қайтарып алған жағдайда осы шешімнің дәлелдерін төменгі тұрған прокурорға жазбаша хабарлайды және осындай қателіктердің алдын алу шараларын қабылдайды.
Аппеляциялық (кассациялық) саты сотының наразылық келтірген тұлғаның немесе жоғары тұрған прокурордың өтінішін қанағаттандыру туралы тиісті қаулы шығарылған жағдайда, наразылық кері қайтарылып алынды деп есептеледі.
17. Прокуратура органдарына мемлекеттің мүддесіне қатысты даулар бойынша жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың АІЖК-нің 388-бабының және 391-бабының 1 бөлігінің талаптарына сәйкес келетін қадағалау наразылықтарын келтіру туралы келіп түскен өтініштер «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6 тармағында белгіленген үш күн мерзімі ішінде бір мезгілде өтініш берген тұлғаларға хабарланып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жолдануға тиіс.
АІЖК-нің 391-бабының талаптарына сәйкес келмейтін қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініште атап айтқанда:
өтініш жасаушы тұлға, оның тұрғылықты немесе орналасқан жері және істегі іс жүргізу жағдайы көрсетілмеген;
сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының мазмұны, іске қатысушы тұлғалардың тұрғылықты немесе орналасқан жері көрсетілмеген;
істі бірінші, аппеляциялық және кассациялық сатыларда қараған соттар және олар қабылдаған шешімдердің мазмұны көрсетілмеген;
наразылық келтірілген сот шешімі, ұйғарымы, қаулысы көрсетілмеген;
материалдық немесе іс жүргізу құқықтары нормаларының елеулі бұзылғандығы көрсетілмеген;
аппеляциялық және кассациялық шағым бермеу себептері көрсетілмеген;
өтінім беруші тұлға немесе оның өкілі қол қоймаған;
өкілдің өкілеттілігін куәландыратын сенімхаттың немесе құжаттың көшірмесі қоса тіркелмеген;
іс бойынша болған сот актілері көшірмелерінің сот куәландырған көшірмелері қоса тіркелмеген жағдайларда, ол АІЖК-нің 392-бабына сәйкес өтініш берген тұлғаға қайтарылуға жатады.
Бұл ретте өтініш берушіге өтінішті қайтаруға негіз болған кемшіліктерді жойғаннан кейін, тиісті өтінішпен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына немесе тікелей Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына қайтадан өтініш жасау құқығы түсіндіріледі.
Сот актісі түсініксіз болған жағдайда, оны түсіндіру құқығы АІЖК-нің 232-бабына сәйкес істі қараған соттың құзыретіне жатады.
18. АІЖК-нің 387-бабының 1 бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар азаматтық істі тексеру үшін тиісті соттан қадағалау тәртібінде сұратып ала алады.
Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар тиісті сұрату келіп түскен кезде оны әрі қарай Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жолдау үшін дереу соттардан сұратады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының прокурорлық қадағалау жай-күйіне талдау және жинақтау жүргізу туралы тапсырмалары мен тапсырыстары келіп түскен кезде, азаматтық істер Жоғарғы Сот төрағасы мен Бас Прокурордың 2003 жылғы 7 сәуірдегі бірлескен хатында белгіленген тәртіпте сұратылып алынады немесе сот актілерінің заңдылығы мен негізділігі Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына, АІЖК-нің 55-бабының 1 бөлігіне сәйкес соттарда тікелей тексеріледі.
19. Аумақтық прокурорлар және оларға теңестірілген прокурорлар өз қызметтерін жетілдіру мақсатында азаматтық сот ісін жүргізудегі істердің өзекті санаттары және осы Нұсқаулықтың сегізінші тармағында көрсетілген істер бойынша прокурорлық қадағалау практикасына жүйелі талдайды, олар бойынша ақпарат жоғары тұрған прокуратураға жартыжылда бір рет жолданады.
Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар көрсетілген ақпаратты есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 7 санына қарау Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ұсынады.
Азаматтық сот ісін жүргізудегі прокурорлық қадағалаудың жай-күйі және сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі заңдылықтың жай-күйі туралы ақпарат, сондай-ақ осындай талдауға негізделген прокурорлық қадағалауды жетілдіру, заңдылықты бұзуға ықпал ететін себептер мен мән-жайларды жою мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына кемінде тоқсан сайын жолданады.
Жоғары тұрған прокурорлар төменгі тұрған прокурорларды ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы материалдармен қамтамасыз етеді, жұмыстың оң тәжірибесін таратады. Прокуратура қызметкерлерінің іскерлік және құқықтық біліктілігін арттыру бойынша оқу-әдістемелік іс-шараларын тұрақты негізде өткізеді, оларды тағлымдамадан өткізеді.
4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру
20. Департамент прокурорлары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 59-бабының 8 тармағында және 66-бабының 3 тармағында, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 5-тармағында қарастырылған бірінші сатыдағы істерді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қарауына қатысады.
21. Заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексереді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық, әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының қарауына тағайындалған азаматтық істерді зерделеу қорытындысы бойынша Департамент прокурорлары дәлелді қорытындылар жасайды, оларды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасары бекітеді. Қорытынды осы Нұсқаулықтың 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
22. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық, әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының отырысында қаралатын істер бойынша қорытындыларды беруді Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша ең алдымен оның орынбасарлары, ал олардың қатысу мүмкіндігі болмаса, бағыныстағы прокурорлар (Департамент бастығы, Департаменттің басқарма, бөлім бастықтары) қамтамасыз етеді.
Департамент прокурорлардың қатысуымен Жоғарғы Сотта қаралған азаматтық істер бойынша сот актілерін және оларды қараған кезде прокурорлар берген қорытындыларды есепке алуды жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша бағыныстағы прокурорлар (Департамент, басқарма, бөлім бастықтары) Жоғарғы Соттың заңды күшіне енген сот актілеріне дау айту туралы азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың өтініштерін алдын ала қарауға қатысады.
23. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің, корпоративтік дауға қатысушының мемлекет мүддесіне қатысы жоқ іс бойынша қадағалау тәртібімен наразылық келтіру туралы өтінішін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осындай өтінішті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының қабылдамағандығы туралы мәліметтер болғанда және соттардың материалдық не іс жүргізу құқықтары нормаларының елеулі бұзылғандығы анықталғанда ғана қаралады.
Өзге жағдайларда жеке кәсіпкерлік субъектісіне, корпоративтік дауға қатысушыға АІЖК-нің 385-бабына сәйкес, тікелей Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына сот актілеріне дау айту туралы осыған ұқсас өтінішпен жүгінуге құқығы бар екендігі түсіндіріледі.
24. Қадағалау тәртібінде наразылық келтіру туралы өтінішті қарау қажет болған кезде іс материалдарын сұратып алу арқылы жүзеге асырылады. Өтініш қанағаттандырусыз қалған жағдайда осы Нұсқаулықтың тоғызыншы тармағында белгіленген талаптарға сәйкес дәлелді қорытынды жасалады және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомстволық нормативтік актілерге қарастырылып тәртіпте бекітіледі.
25. АІЖК-нің 384-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру құқығы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына тиесілі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры келтірген қадағалау наразылығын қолдауды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша ең алдымен оның орынбасарлары, ал олардың қатысуы мүмкін болмаса, бағыныстағы прокурорлар (Департамент бастығы, Департаменттің басқарма, бөлім бастықтары) қамтамасыз етеді.
5. Қорытынды ережелер
26. Департамент азаматтық істер бойынша сот актілерін қадағалауды жүзеге асыру жөнінде төменгі тұрған прокуратуралардың қызметіне басшылық жасауды және бақылауды қамтамасыз етеді, осылай қадағалаудың осы саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға қолдау көрсетеді, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқа да бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен, ғылыми және оқу мекемелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
27. Департамент қадағалауды ұйымдастыруда қазіргі заманғы әдістемелерді енгізу, оқыту және тағылымдамадан өткізу, оның ішінде шет мемлекеттердің оқу орындарын қоса алғанда, азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын прокуратура қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, әдістемелік және практикалық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізеді.
28. Департамент қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізу, Бас Прокурордың және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, өзге де орталық мемлекеттік органдардың жұмыс топтарына, комитеттеріне және комиссияларына қатысу, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу арқылы норма шығармашылық қызметке қатысады.
29. Департамент, облыстардың Алматы, Астана қалаларының прокурорлары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа да прокуратуралар бұқаралық ақпарат құралдарында заңдылық пен құқықтық тәртіп жай-күйі, қадағалау қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты жариялау арқылы прокуратура органдарының имидждік бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етеді.