Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 12.02.2020 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Републикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.09.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 12.02.2020 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Ә. Смайылов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкi iстер министрi
С. Баймағанбетов ________
2010 жылғы 20 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрi
Ж. Досқалиев _____________
2010 жылғы 1 тамыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
министрі
Ә. Исекешев ______________
2010 жылғы 5 тамыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау министрі
Н. Әшімов ______________
2010 жылғы 6 тамыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Күрішбаев _____________
2010 жылғы 27 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрі
Г. Әбдіқалықова ___________
2010 жылғы 30 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Жәмішев ______________
2010 жылғы 10 тамыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
агенттiгiнің төрағасы
Ө. Өзібеков______________
2010 жылғы 29 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі
С. Мыңбаев ______________
2010 жылғы 30 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі төрағасы
Г. Марченко ______________
2010 жылғы 12 тамыз
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі №172 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу қағидалары
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 12.02.2020 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.09.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидаларда Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай анықтама пайдаланылады:
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын және оған жүктелген функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-тарау. Статистикалық әдіснаманы әзірлеу және қалыптастыру тәртібі
3. Статистикалық әдіснама статистикалық байқауды жүргізу және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мақсатында әзірленеді.
4. Статистикалық әдіснаманы әзірлеуге (қайта қарауға) және қалыптастыруға негіздер:
1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары;
2) статистикалық әдіснаманың халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкестігі;
3) статистикалық әдіснаманы әзірлеуге (қайта қарауға) негіз болып табылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістері болып табылады.
5. Статистикалық әдіснаманы әзірлеу немесе қайта қарау мерзімдері осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген оларды әзірлеу немесе қайта қарауға негіз болып табылатын құжаттарға сәйкес айқындалады.
6. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауды жүргізу және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру бойынша статистикалық әдіснама Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағы 24) тармақшасына сәйкес әзірленеді және бекітіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.09.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру бойынша статистикалық әдіснаманы (бұдан әрі – ведомстволық әдіснама) уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлейді, қалыптастырады және бекітеді.
Мемлекеттік статистика органы-әзірлеуші (бұдан әрі – әзірлеуші) ведомстволық әдіснама жобасын ведомствоға қарау үшін жолдайды.
Ведомство ведомстволық әдіснама жобасын алған күнінен бастап, күнтізбелік отыз күн ішінде ведомстволық әдіснама жобасын ескертулерсіз келісетіндігі туралы жауап береді немесе негіздемелері бар ескертулер мен ұсыныстарды жолдайды.
Әзірлеуші ескертулер мен ұсыныстарды алған күнінен бастап пысықталған ведомстволық әдіснама жобасын он жұмыс күні ішінде қайта келісу үшін ведомствоға жолдайды.
Ведомстволық әдіснама жобасына алынған ескертулермен және ұсыныстармен келіспеген жағдайда, әзірлеуші ескертулер мен ұсыныстардың қабылданбауы туралы жазбаша негіздеме жолдайды.
Ведомство ұсынылған негіздемені алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде талқылау және ведомстволық әдіснама жобасының түпкілікті редакциясын қабылдау үшін жұмыс кездесуін, соның ішінде бейнеконференцбайланыс өткізу арқылы ұйымдастырады.
Қағидалардың осы тармағына сәйкес келісілген, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволық әдіснамасы Заңның 13-бабының 2) тармақшасына сәйкес бекітіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.09.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Әзірлеуші бекітілген ведомстволық әдіснаманы өзінің интернет-ресурсына орналастырады.