Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі N 172 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6458 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 13-бабының 2) тармақшасына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкi iстер министрi
      С. Баймағанбетов ________
      2010 жылғы 20 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрi
      Ж. Досқалиев _____________
      2010 жылғы 1 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрі
      Ә. Исекешев ______________
      2010 жылғы 5 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қоршаған ортаны қорғау министрі
      Н. Әшімов ______________
      2010 жылғы 6 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      А. Күрішбаев _____________
      2010 жылғы 27 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтiк
      қорғау министрі
      Г. Әбдіқалықова ___________
      2010 жылғы 30 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      Б. Жәмішев ______________
      2010 жылғы 10 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
      агенттiгiнің төрағасы
      Ө. Өзібеков______________
      2010 жылғы 29 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрі
      С. Мыңбаев ______________
      2010 жылғы 30 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі төрағасы
      Г. Марченко ______________
      2010 жылғы 12 тамыз


      Төраға                                 Ә. Смайылов

Қазақстан Республикасы    
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 9 шілдедегі    
№ 172 бұйрығымен бекітілді  

Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4) тармақшасына және 22-бабына сәйкес әзірленді.
      2. Ереже Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу тәртібін анықтайды.
      3. Осы ережеде мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      2) мемлекеттік статистика органдары – уәкілетті орган, статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізетін және (немесе) ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жатады;
      3) статистикалық әдіснама – статистикалық қызметте пайдаланылатын, белгіленген тәртіппен бекітілген ғылыми негізделген амалдардың, тәсілдер мен әдістердің жиынтығы.

2. Статистикалық әдіснаманы әзірлеу және қайта қарау

      4. Статистикалық әдіснаманы әзірлеу мен қайта қарауды мемлекеттік статистика органдары жүзеге асырады.
      5. Статистикалық әдіснаманы әзірлеу мен қайта қарауға негіздеме мыналар болып табылады:
      1) мемлекеттік статистиканың тиісті органдарының стратегиялық жоспарлары;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы;
      3) дамытудың мемлекеттік және салалық бағдарламалары;
      4) статистикалық әдіснаманың халықаралық стандарттарға сәйкестігі;
      5) уәкілетті органның консультативтік-кеңесші органдарының ұсыныстары.
      6. Осы Ереженің 5-тармағында көзделген Статистикалық әдіснаманы әзірлеу немесе қайта қарау мерзімдері оларды әзірлеу мен қайта қарауға негіздеме болып табылатын құжаттарға сәйкес анықталады.
      7. Статистикалық әдіснаманың жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді және өзінің құрылымында титулдық парағы, кіріспе, мазмұны, жалпы ережелер, негізгі бөлім, қосымша (олар болған жағдайда), қолданылған әдебиеттер тізімі, көрсеткіштер тізбесі және олардың анықтамалары болуы тиіс.
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленетін титулдық беті;
      2) әзірлеуге арналған негіздемеден және статистикалық әдіснаманы тарату саласынан тұратын кіріспе;
      3) беттерін көрсете отырып, статистикалық әдіснаманың құрылымын көрсететін мазмұн;
      4) пайдаланылатын қысқартулар және әлипбилік тәртіптегі негізгі ұғымдар көрсетілетін жалпы ережелер;
      5) статистикалық әдіснама жобасының сипаттамасынан тұратын негізгі бөлім;
      6) бар болған жағдайда, қосымшалар;
      7) қолданылған әдебиеттер тізімі.
      8. Статистикалық әдіснаманың жобасы осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

3. Мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық әдіснамасын келісу

      9. Статистикалық әдіснаманы әзірлеуші-мемлекеттік орган статистикалық әдіснама жобасын уәкілетті органға келісу үшін жолдайды.
      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өткізетін ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша және оның статистикалық ақпаратты қалыптастыруы бойынша статистикалық әдіснама уәкілетті органға келісуге жіберіледі.
      11. Уәкілетті орган статистикалық әдіснама жобасын алған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде жобаны әзірлеушіге ескертусіз жобаны келісуге дайын екендігі туралы жазбаша қорытынды немесе жоба бойынша негізделген ескертулер мен ұсыныстар береді.
      12. Әзірлеуші-мемлекеттік орган келіскен жағдайда өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді және статистикалық әдіснама жобасын бекітуге уәкілетті органға жібереді.
      13. Енгізілген ескертулермен келіспеген жағдайда әзірлеуші ескертулер енгізген мемлекеттік органдардың назарына жеткізілетін жазбаша негіздемені береді.
      14. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі келісілген жағдайда статистикалық әдіснама жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстарды енгізіп, оны бекітеді. Келіспеушілік болған жағдайда уәкілетті органға жазбаша негіздеме береді және статистикалық әдіснаманы бекітеді.
      15. Осы Ереженің 17-тармағымен көзделген жағдайлардан басқа, мемлекеттік органдардың статистикалық әдіснамасының келісілген жобасы уәкілетті органға бекіту үшін жіберіледі.

4. Статистикалық әдіснаманы бекіту және жою

      16. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өткізетін ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша және оның статистикалық ақпаратты қалыптастыруы бойынша статистикалық әдіснамадан басқа, статистикалық әдіснама уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
      17. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өткізетін ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі және оның статистикалық ақпаратты қалыптастыруы жөніндегі статистикалық әдіснаманы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекітеді.
      18. Статистикалық әдіснаманы әзірлеуге немесе қайта қарауға бастамашылық еткен уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі келісілген жобаны мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электронды  тасымалдаушыларда бекіту рәсіміне жауапты уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне ұсынады.
      19. Статистикалық әдіснаманы әзірлеуші-мемлекеттік орган статистикалық әдіснаманың жобасын мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электронды тасымалдаушыларда бекіту үшін ұсынады.
      20. Тіркелген статистикалық әдіснаманың түпнұсқасы және оны бекіту туралы бұйрық құжат айналымға жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберіледі. Тіркелген статистикалық әдіснаманың және оны бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі бекіту рәсіміне жауапты құрылымдық бөлімшеге, әзірлеуді немесе қайта қарауды ұйымдастырушы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне немесе әзірлеуші-мемлекеттік органға және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі. Бекітілген статистикалық әдіснама уәкілетті органның интернет-ресурсында электрондық түрде орналастырылады.
      21. Статистикалық әдіснама жоюды ұйымдастырушы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің немесе мемлекеттік органдардың жою қажеттілігі туралы негіздемені ұсынуы бойынша уәкілетті органның бұйрығымен жойылады, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өткізетін ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша және оның статистикалық ақпаратты қалыптастыруы бойынша статистикалық әдіснамадан басқа.
      22. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өткізетін ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша және оның статистикалық ақпаратты қалыптастыруы бойынша статистикалық әдіснамасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жояды.

Мемлекеттік статистика   
органдарының статистикалық
әдіснаманы әзірлеуге және
қалыптастыруға қатысу    
ережесіне 1-қосымша      

Нысан

Типтік титулдық парақ

Қазақстан Республикасы         
Статистика агенттігі төрағасының
200____«___»___________№ _______
бұйрығына немесе ҚР Ұлттық     
Банкінің нормативті құқықтық   
актісіне ___- қосымша          

Әдіснамалық жұмыстың атауы
 

      <---PLEASE SIGN      

Астана 20_____ (Алматы 20___)

Мемлекеттік статистика   
органдарының статистикалық
әдіснаманы әзірлеуге және
қалыптастыруға қатысу    
ережесіне 2-қосымша      

Статистикалық әдіснаманы ресімдеу

      1. Әрбір беті, қосымшасын қоса, парақ бетінің ортасы бойынша жоғарыға нөмірленеді.
      2. Негізгі құрылымдық элементтері логикалық тізбектегі маңыздылығы бойынша орналасатын, тармақтар түрінде, сондай-ақ мәселені шешу кезеңдерінің хронологиясын есепке алумен белгіленеді.
      3. Мазмұны бойынша жақын тармақтар тарауда біріктірілген болуы мүмкін. Мазмұны бойынша жақын бірнеше тараулар, тарауларға, ал тараулар, өз кезегінде бөлімдерге біріктірілуі мүмкін.
      4. Әрбір тармақ араб цифрларымен белгіленеді. Тармақтардың, тараулардың, бөлімдердің нөмірленуі тура болып табылады.
      5. Атауы реттеу мәнін сипаттауы тиіс. Атауында сөздерді тасымалдауға болмайды.
      6. Тармақтардың, тараулардың, бөлімдердің және бөліктердің атауы алдыңғы мәтіннен екі, ал келесі мәтіннен – бір жоларалық интервалмен бөлінеді.
      7. Статистикалық әдіснама мынадай параметрлерді есепке алумен Word форматында ресімделеді:
      1) сол жақ жиегі – 2,5 см, оң жақ жиегі - 1,5 см, колонтитулы - 2,5 см;
      2) қаріп – «Times New Roman», көлемі № 14 (қосымшаларда кіші көлемдегі қаріп қолданылуы мүмкін, бірақ № 10-нан кем емес);
      3) жоларалық алшақтық – жалаң;
      4) абзацтық шегініс (бірінші жолдың шегінісі) - 1,25 см.
      8. Мәтін әдеби тілдің нормалары және статистикалық терминологияны сақтай отырып жазылады.
      9. Қандай да бір жазбаларға немесе парақтардың сыртқы жағына қол қоюға жол берілмейді.
      10. Қажет болған жағдайда графиктер, кестелер, сызбалар және басқа объектілері.
      11. Кестенің нөмірленуі араб цифрларымен және жұмыстың басынан соңына дейін тура болып табылады.
      12. Графиктер, сызбалар мен басқа объектілер суреттер деп аталады, сондай-ақ араб цифрларымен нөмірленеді. Графиктер, сызбалар және басқа объектілер үшін нөмірлену жұмыстың басынан соңына дейін тура болып табылады.
      13. Егер қосымшаларға сілтемелер болса, онда бір қосымша болатын жағдайларды қоспағанда, мәтіндегі ескерту тәртібінде берілетін қосымшалардың нөмірі көрсетіледі.