Кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып біліктілік емтихандарын жүргізуге құқығы бар кеден органдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 тамыздағы № 418 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 7 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6455 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағына сәйкес, кедендік декларациялау жөніндегі маман аттестатын алу үшін кеден органдарымен біліктілік емтихандарын жүргізу мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып біліктілік емтихандарын жүргізуге құқығы бар кеден органдарының тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2010 жылғы 18 тамыздағы 
№ 418 бұйрығымен бекітілген

Кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып біліктілік емтихандарын жүргізуге құқығы бар кеден органдарының тізбесі

      1. Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      2. Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      3. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      4. Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      5. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.
      6. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті.