Тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы және сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 169 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6396 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы және сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. «Тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы және сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 428 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5358 тіркелген, 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 184 (1410) «Заң газеті» газетінде жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.К. Әбдібековке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер - Министрінің
      орынбасары – Қазақстан
      Республикасы Индустрия
      және жаңа технологиялар
      министрі                                   Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы     
Премьер Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы    
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің          
2010 жылғы 19 шiлдедегi    
№ 169 бұйрығымен        
бекітілді            

Тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы және сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүргізу ережесі

      1. Осы Ереже тіркелген сәйкестік туралы декларациялар, өтініш-декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, өтініш-декларацияларды тіркеген өтініш берушілердің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтаруы туралы және сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін жүргізу тәртібін белгілейді (бұдан әрі – электрондық есеп).
      2. Деректерді электрондық есепке алуды аккредиттеу жөніндегі орган ұсынған, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, осы Ереженің 4-7-тармақтарында көрсетілген, ақпараттарды енгізу арқылы өнім және қызмет сәйкестігін растау жөніндегі органдар жүргізеді.
      3. Электрондық есеп бойынша, барлық деректер Аккредиттеу жөніндегі органына күн сайын берілген сәйкестік сертификатарының, өтініш-декларацияларының, сәйкестік декларацияларының берілуіне және (немесе) тіркелуіне қарай ұсынылады.
      4. Бағдарламалық қамтамасыз етуде сәйкестік туралы тіркелген декларациялар туралы ақпараттарды енгізу барысында:
      1) сәйкестік туралы декларациясының тіркеу нөмірі және тіркеу күні;
      2) өтінім берушінің (декларанттың) атауы, мекен-жайы;
      3) шығарушының атауы, мекен-жайы;
      4) осы өнімді сәйкестендіруге болатын, сәйкестік туралы декларация таратылатын өнім туралы мәліметтер;
      5) Кедендік одақтың ішкі экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды (кодтары) (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН);
      6) өнім сәйкестігі талаптарға сәйкес расталатын нормативтік құқықтық актілер және (немесе) техникалық нормативтік құқықтық актілер, нормативтік құжаттар туралы мәліметтер;
      7) дәлелді база болып табылатын, менеджмент жүйесі сертификатына, сондай-ақ өзге де құжаттарда жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер туралы мәлімдемелер;
      8) сәйкестік туралы декларациясының қызмет мерзімі;
      9) сәйкестік туралы декларациясын тіркеген, сертификаттау жөніндегі органның атауы, мекен-жайы;
      10) сәйкестік туралы декларациясын тіркеген, сертификаттау жөніндегі орган басшысының аты-жөні, әкесінің аты;
      11) сәйкестік туралы декларациясына қосымша (қосымшалар) туралы мәлімдемелер;
      12) сәйкестік туралы декларациясының бланкісінің есептік нөмірі;
      13) сәйкестік туралы декларациясын тіркеген адамның аты-жөні, әкесінің аты, көрсетіледі.
      5. Бағдарламалық қамтамасыз етуде өтініш-декларациялары туралы ақпараттарды енгізу барысында:
      1) өтініш-декларациясы бланкісінің есептік нөмірі;
      2) өтініш-декларациясының тіркеу нөмірі;
      3) өтініш-декларациясының тіркеу күні;
      4) өтінім берушінің атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) өтінім беруші басшысының (жеке кәсіпкердің) мекен-жайы, аты-жөні, әкесінің аты;
      5) өнім атауы, КО СЭҚ ТН, партия көлемі, тауарды алып жүру құжаттары;
      6) даярлаушының елі және атауы;
      7) берілген өнім үшін нормативтік құжаттың атауы және белгісі;
      8) өтініш-декларациясын тіркегеннен кейін сәйкестігін растауға берілген мерзім;
      9) шарттың күні және нөмірі;
      10) бас тартылған жағдайда - тіркеуден бас тарту себебі;
      11) өтініш-декларацияны тіркеген өтініш берушінің сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуден жалтарған жағдайда – жалтаруы туралы белгі;
      12) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізген жағдайда – сәйкестік сертификаты бланкісінің тіркеу нөмірі және есептік нөмірі;
      13) сәйкестік туралы декларациясының тіркелуіне жауапты тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты, лауазымы – көрсетіледі.
      6. Бағдарламалық қамтамасыз етуде берілген сәйкестік сертификаттары туралы ақпараттарды енгізу барысында:
      1) сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі, қызмет мерзімі, сәйкестік сертификаты ресімделген бланкінің есептік нөмірі;
      2) өтінім берушінің (декларанттың) атауы, мекен-жайы;
      3) шығарушының атауы, мекен-жайы;
      4) сәйкестік сертификатын берген, сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы, мекен-жайы, аккредиттеу аттестатының нөмірі және берілген күні;
      5) сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының аты-жөні, әкесінің аты;
      6) сарапшы-аудитордың (сарапшының) аты-жөні, әкесінің аты;
      7) сәйкестендіруге болатын, сертификатталған өнім туралы мәліметтер;
      8) КО СЭҚ ТН коды (кодтары);
      9) сертификаттау жүргізілген талаптарға сәйкес нормативтік құқықтық актілер және (немесе) нормативтік құжаттар туралы мәліметтер;
      10) сәйкестікті растау жөніндегі органына нормативтік құқықтық актілердің талаптарына өнімнің сәйкестігінің айғағы ретінде өтінім берушімен ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер, жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер (сынақ хатамасының күні, нөмірі, сынақ хаттамасын берген, сынақ зертханасының атауы және аккредиттеу аттестатының нөмірі, шет ел сертификатының нөмірі, күні, оны берген органның атауы, сапа (өндіріс) жүйесі сертификатының күні, нөмірі);
      11) сәйкестік сертификатының сәйкес қалпында көрсетілген, қосымша мәліметтер;
      12) сәйкестік сертификаты қызметінің тоқтата тұрған, қайта жандандырылған немесе тоқтатылған себебі және күні;
      13) сәйкестік сертификатының қызметін ұзарту мерзімі күні, оны ұзартудың негізі;
      14) сәйкестік сертификатына қосымша (қосымшалар) туралы мәлімдемелер;
      15) сәйкестік сертификаты бланкісінің есептік нөмірі, сәйкестік сертификаты қосымшаларының есептік нөмірі (берілген жағдайда);
      16) сертификаттаған өнімнің кәсіпорын-шығарушының атауы, шығарушы ел – көрсетіледі;
      7. Бағдарламалық қамтамасыз етуде сертификаттаудан бас тарту туралы ақпараттарды енгізу барысында:
      1) өтінім берушінің атауы, мекен-жайы;
      2) сертификаттаудан бас тарту күні және негізі;
      3) іс жүргізуші бойынша өнімнің ішкі – экономикалық қызметінің (ІӨ ІЭҚ) коды, КО СЭҚ ТН коды;
      4) даярлаушының елі және атауы;
      5) жеткізушінің елі және атауы;
      6) партия: көлемі, өнім бірлігінің салмағы (сыйымдылығы) – көрсетіледі.