Аккредиттеу жөніндегі органды белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1338 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы N 773 Қаулысы

      "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 5-бабы 2) тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аккредиттеу жөніндегі орган болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. "Аккредиттеу жөніндегі органды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1338 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 617-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов