Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 111 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6393 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Заң департаменті (Н.В. Сәрсенова):
      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

      Төрағаның міндетін атқарушы                Қ. Қожахметов

Қазақстан Республикасы     
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының         
2010 жылғы 15 шілдедегі   
№ 111 қаулысының қосымшасы 

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесі

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 173 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетілмеген меншiктi мүлкінің кепіл, кепілдік (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің) тiзiлiмiн жүргізу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұжымы жасаған бірлескен қызмет туралы шарттарды тіркеу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 121 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1534 тіркелген) қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетілмеген меншiктi мүлкiнiң кепіл, кепiлдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзілімiн жүргізу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бірлескен қызмет туралы шарттарды тіркеу ережесінде:
      9-тармақта:
      бірінші бөлігінде «бес күндік мерзімде» деген сөздер «бес күнтізбелік күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлігінде «күн» деген сөз «жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарушының) қызметі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4592 тіркелген) қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарушының) қызметі туралы нұсқаулықта:
      11-тармақтың бірінші бөлігінде:
      екінші сөйлемде «мүліктің тізбесі,» деген сөздерден кейін «мүлікті сату басталатын күн, мүлікті сату аяқталатын күн,» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші сөйлемде «мейлінше кешірек мерзім қажет болса аталған күн» деген сөздер «қажет болса, аталған күн мейлінше кешірек мерзімге, бірақ мүлікті сату аяқталатын күннен кешіктірілмей» деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген) қаулысына:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Заңдар қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 8-тармақтың үшінші, төртінші абзацтарын, 13-тармақтың төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарын, 20-тармақтың бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».
      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28  № 170(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкестендіру нөмiрлерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген) қаулысына:
      2-тармақта «2010 жылғы 13 тамыздан бастап» деген сөздер және цифрлар «2012 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын.