Cот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау жөніндегі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 509 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6391 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 581 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.07.2016 № 581 (Осы бұйрық 01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 14-бабына сәйкес, сот-сараптама қызметін жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау жөніндегі ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттауды өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 64 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4558 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған (2007 жыл, наурыз, № 3, 240-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 12 шілдедегі
№ 509 бұйрығымен бекітілген

Cот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау жөніндегі ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды (бұдан әрі – сот сарапшылары) аттестаттау жөніндегі ереже «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – сот сарапшылары) 14-бабын нақтылау мақсатында қабылданды және сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау рәсімін регламенттейді.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті;
      сот сараптамасы органдары:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицинасы орталығы және оның аумақтық бөлімшелері;
      2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының сот сараптамасы органдарын, оның ішінде өздерінің функцияларына сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамаларды жүргізу жатқызылған денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының мамандандырылған психиатриялық және наркологиялық ұйымдарын қамтитын сот сараптамасының мемлекеттік ұйымдарының жүйесі жүзеге асырады;
      апелляциялық комиссия – сот сарапшыларды аттестаттау кезіндегі туындаған таластарды қарау мақсатында уәкілетті орган құрған комиссия.
      сот сарапшыларды аттестаттау – сот сарапшыларының кәсіби деңгейін, аттестатталушы тұлғаның атқаратын лауазымына сәйкестігін анықтайтын және сот сараптаманы өндіру құқығын беретін біліктілік куәлігін растау үшін мерзімдік жүзеге асырылатын рәсім.
      3. Аттестаттау куәлігі сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіруге, аттестатталушы тұлғаның атқаратын лауазымына сәйкестігіне біліктілік куәліктің заңды күшін растайтын құжат болып табылады.
      4. Аттестаттау куәлігінің сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіруге құқығына біліктілік куәлігінің болмауы және одан айыру кезінде, сондай-ақ оны тоқтата тұру жағдайларында заңды күші болмайды.
      5. Аттестаттауды сот сараптамасын өндіру құқығына біліктілік куәлігін алғаннан кейін уәкілеттік орган құрған және құрамын оның бірінші басшысы бекітетін аттестаттау комиссиясы бес жылда бір рет жүргізеді.
      6. Аттестаттауға сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік құқығы бар сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшылар жатқызылады.

2. Аттестаттау материалдарын қарау рәсімі

      7. Сот сараптамасы органдары уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аумақтық департаменттеріне) мына құжаттарды тапсырады:
      1) мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген мерзімде аттестаттауға жатқызылатын тұлғалардың тізімі;
      2) аттестаттауға жатқызылатын сот сарапшысына ұсыну;
      3) жұмыс орны бойынша куәландырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке қағаз;
      4) жоғары кәсіби білім туралы нотариалдық расталған дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар болса - нотариалдық расталған дипломның көшірмесі);
      5) сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік тағайындау туралы нотариалдық расталған көшірмесі;
      6) сарапшының соңғы бес жылдағы қорытындысына рецензия;
      7) соңғы бес жылдағы мадақтау және тәртіптік жазалар (бар болса) туралы бұйрықтардың көшірмелері;
      8) біліктілікті, мамандықты арттыру курстарынан өту туралы сот сараптамасы органының басшысы растаған құжаттардың көшірмелері;
      9) психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден алынған анықтама;
      8. Аумақтық департаменттер сот сарапшыларының аттестаттау материалдарын зерделеп және талдап, оларды уәкілетті органның аттестаттау комиссиясына оның мәжілісі басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

3. Аттестаттауды жүргізу

      9. Аттестаттау 2 кезеңнен тұрады:
      1) тестілеу;
      2) әңгімелесу.
      10. Құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ мамандарды тестілеуді үміткердің негізгі жұмыс орны бойынша аумақтық бөлімшелер жүзеге асырады.
      11. Тестілеу автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі. Нәтижелер екі данада басылады, оның біреуі үміткерге, екіншісі үміткердің қолы қойылып, тиісті мемлекеттік органда сақталады.
      Мамандық бойынша тест сұрақтарының саны – 50. Тестілеуге берілетін жалпы уақыт – 60 минут.
      Тестілеуден өту үшін шекті деңгей 70 % дұрыс жауапты құрайды.
      12. Егер тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден төмен болса, үміткер аттестаттаудың келесі кезеңіне жіберілмейді.
      13. Әңгімелесуді жүргізу үшін уәкілетті орган медициналық ғылым және білім, практикалық денсаулық сақтау ұйымдары, сот сараптамасы органдары және үкіметтік емес ұйымдардың, уәкілетті орган өкілдері арасынан біліктілік комиссиясын (бұдан әрі - комиссия) құрады.
      14. Комиссияның мәжілісі уәкілетті органның бірінші басшысы белгілеген мерзімде, бірақ жылына кемінде екі рет жүргізіледі.
      Комиссия құрамы комиссия мүшелері және хатшыдан тұрады. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің арасынан төраға болып уәкілетті органның өкілі тағайындалады. Комиссия мүшелерінің саны жеті адамнан кем болмайды.
      15. Әңгімелесу үдерісінде сот сарапшысының кәсіби деңгейі бағаланады.
       16. Аттестаттау комиссиясының шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысқанда заңды деп саналады.
      Дауыс беру нәтижелері мәжіліске қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданады.
      17. Аттестаттау нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясы мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) аттестатталды;
      2) аттестатталмады.
      18. Аттестаттау нәтижелері осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес хаттама түрінде рәсімделеді.
      19. Аттестаттау комиссиясы аттестаттау куәлігін беруден бас тартуы жағдайында мәжіліс хаттамасында бас тарту дәлелерді көрсетеді.
      20. Аттестаттау куәлігін беру немесе беруден бас тарту туралы шешім аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде уәкілетті орган басшысының бұйрығы түрінде рәсімделеді.
      21. Аттестаттау куәлігі осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау мәжілісінің өткізілген күнінен бастап бір ай ішінде 5 жылға беріледі.

4. Қорытынды ереже

      22. Аттестаттау жүргізу кезінде туындаған таластарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның апелляциялық комиссиясы қарайды немесе сот тәртібімен қаралады.
      23. Апелляциялық комиссияның теріс қорытындысы мамандығы бойынша кемінде 108 сағат біліктілікті арттыру курсынан өткен үміткердің тек алты ай өткен соң аттестаттаудан қайта өтуі үшін негіз болып табылады.

Сот-медициналық,       
сот-психиатриялық және   
сот-наркологиялық сарапшыларды
аттестаттау бойынша ережесінің
1-қосымшасы         

Аттестаттау комиссиясы мәжілісінің
20__жылғы «____» _______
№ ____ хаттамасы

1. Тегі, аты, әкесінің аты ________________________________________________________________
2. Лауазымы ____________________________________________________
________________________________________________________________
3. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің «қосыламын» ______,
    «қарсымын» _____ дауыс беру нәтижелері.
4. Аттестаттау комиссиясының шешімі ________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Қолдары:
Комиссияның төрағасы: __________________________________________
Комиссияның мүшелері: __________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Комиссияның хатшысы: ___________________________________________

Сот-медициналық,      
сот-психиатриялық және    
сот-наркологиялық сарапшыларды
аттестаттау бойынша ережесінің
2-қосымшасы        

Аттестаттау куәлігі

Осы аттестаттау
куәлігі _______________________________________________________
                (Тегі, аты, әкесінің аты)
_____________ мамандығы бойынша сот сарапшылық аттестаттаудан өткені туралы берілді.
      Шешімді шығарған тисті орган басшысының 20 __ жылғы «____» _________ № _____ бұйрығы
Тіркеу № ______
Берілген күні: 20 __ жылғы «____» _________
Куәлік 20 __ жылғы «____» _________ дейін жарамды
      Оны беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының қолы
____________________________________________________________

      М.О.