Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 17 шілдедегі № 357 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6382 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 159-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама нысаны бекітілсін.
      2. «Берешекті және өсімпұлды өтеу туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы № 215 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4284 болып тіркелген, 2006 жылғы 18 тамыздағы № 151 «Заң газетте» жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті осы бұйрықты бекітілген заңнама тәртібінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          А. Шоқпытов 

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің м.а.
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 357 бұйрығымен   
бекітілген      

Нысан

Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы
Хабарлама

"____"________ 20 ____ ж. № _______

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 159-бабына сәйкес
__________________________________________________________________
                        (кеден органының атауы)
Сізді ____________________________________________________________
       (тегі, есімі, әкесінің аты немесе төлеушінің толық атауы
__________________________________________________________________
      оның мекенжайы, сәйкестендіру нөмірі) есептелген кедендік
             төлемдер, салықтар және өсімпұл сомасына
______________________________________________________________ теңге
                  (санмен және жазумен)
__________________________________________________________ негізінде

 № Р/с

Бюджеттік жіктеме коды

Кедендік төлемнің немесе салықтың түрі

Төлем (салық) сомасы

Хабарламаны шығарған күндегі өсімпұл сомасы

Барлығы, сомасы

1

2

3

4

5

6




















Барлығы





      20 __ жылғы "____" ________ дейінгі мерзімде
Сіз _____________________________________________________________
    (алушы-салық органның және оның Қазынашылығының деректемелері,
_________________________________________________________________
                   (СТН, БСН, ЖСН және т.б.)

      бюджеттік жіктеме кодтары бойынша бюджетке 080 ____ «Бюджеттер арасында бөлінетін кірістер» баланстық шотына аударуыңыз қажет.
      20 __ жылғы "____" ________ дейінгі мерзімде Сізге кеден органына жүк кеден декларациясына түзетуді және (немесе) тауарлардың кедендік құнына түзетуді ресімдеу үшін қағаз тасымалдағышта және олардың электрондық көшірмелерін ұсыну қажет.
      Кодекстің 158-бабына сәйкес көрсетілген баптың 3 - 8-тармақтарымен көзделген жағдайларды қоспағанда өсімпұл кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мерзімдері өткен күннен кейінгі күннен бастап, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің кешіктірілген әрбір күні үшін төлеу күнін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы 2,5 мөлшерінде есептеледі.
      Кодекстің 171-бабына сәйкес берешек пен өсімпұлды өтеу кезектілігі «Салықтар және бюджетке өзге міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабына сәйкес айқындалады, ол мынадай тәртіпті белгілейді:
      1) есептелген өсімпұлдар;
      2) бересі сомасы;
      3) айыппұлдар сомасы
      Кодекстің 159-бабының 3-тармағына сәйкес хабарлама төлеушіге оны қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қарамастан жіберіледі.
      Кодекстің 19-тарауына сәйкес Сіз осы хабарлама туралы жоғары тұрған кеден органына шағымдануға не сотқа жүгінуге құқылысыз.
      Кеден органының берешек және өсімпұлды өндіріп алу туралы хабарламасына шағым Кодекстің 175-бабымен белгіленген мерзімде және тәртіпте ұсынылуы тиіс.
      Кодекстің 160-бабына сәйкес хабарламаға шағымдану жағдайларын қоспағанда, хабарламада көрсетілген талаптарды орындау мерзімі хабарламаны тапсырған күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
      Егер хабарламаға шағым жасалған жағдайда, хабарламадағы талаптарды орындау мерзімін есептеу, шағым берілген күннен бастап шағым бойынша шығарылған шешімнің заңды күшіне енген күнін қоса есептегенге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.
      Бұл ретте шағымдану өсімпұл есептеуді тоқтата тұруға негіз болмайды.
      Кодекстің 159-бабы 5-тармағына сәйкес өсімпұлды есепке алмағанда, төлеуші кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама тіркеген күннен бастап өтеу күнін қоса алғанда төленуге тиіс кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті өтеген кезде кеден органдарымен бұрын қойылған кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаға қосымша тағайындалады.
      Кодекстің 159-бабы 6-тармағына сәйкес кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті сомаларын өзгертілуіне, яғни соларға қатысты Кодекске сәйкес жіберілген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама себеп болған дәлелді фактілер пайда болған жағдайда кеден органы бірінші жіберілген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама кері қайтарып, жаңа кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама жібереді.
      Кодекстің 159-бабы 7-тармағына сәйкес кері қайтарылған және жаңа жіберілген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл сомаларының өзгертілуін куәландыратын фактіні растаған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
      Кодекстің 166-бабы 1-тармағына сәйкес осы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей
      Сізге ______________________________________________________
                          (кеден органның атауы)
      дебиторлық берешек сомаларын көрсете отырып дебиторлар тізімін және бар болған жағдайда дебиторлық берешек сомаларын растайтын дебитормен бірлесіп жасалған өзара есеп айырысудың салыстыру актісін ұсыну қажет.
      Шағымдану жағдайларын қоспағанда хабарламада көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда кеден органы Кодекстің 18-тарауымен белгіленген әрекеттерді жүзеге асырады.
      Қосымша - хабарламаны шығарған күндегі берешек пен өсімпұлды ашып жазу _______ парақта.
      Кеден органының бастығы _______________________________________
                                         (аты-жөні, қолы)
      20__ж. «___» ___________

      М.О.
      Хабарлама _________________________________ төлеушіге берілді.
                 (төлеушінің аты-жөні, қолы, мөрі)
      20__ж. «___» ___________
      Хабарлама ________________________________ төлеушіге жіберілді.
                   (жіберу және алу фактісін
                         растайтын құжат)
      20__ж. «___» ___________