Көшпелі кедендік тексеру нұсқамасының және бұзушылықтарды жою туралы талаптың нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 383 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6377 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 221-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) көшпелі кедендік тексеру нұсқамасының нысаны;
      2) бұзушылықтарды жою туралы талаптың нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (К-Қ.Ж. Кәрбозов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған бірінші күнінен бастап күшіне енеді және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2010 жылғы 29 шілдедегі
№ 383 бұйрығымен  
бекітілді      

Нысан

Бұзушылықтарды жою туралы талап

«____» ____________ 20 ___ ж.                         № __________

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің ____-бабына сәйкес _______________________
__________________________________________________________________
                       (кеден органның атауы)
Сізге ____________________________________________________________
       (тексерілетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
                          немесе толық атауы)
__________________________________________________________________
            (салық төлеушінің сәйкестендірме нөмірі)
__________________________________________________________________
     (тексерілетін тұлғаның заңды мекенжайы және тұрған орны)

20__ жылғы «___» _______________ № _______________________________

      - (жоспарлы көшпелі, жоспардан тыс көшпелі) кедендік тексеру актісінің,
      - камералдық кедендік тексеру актісінің,
      - кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын түгендеу актісінің негізінде (қажеттісін сызып көрсетсін)
анықталған мына бұзушылық (-тар)туралы ___________________________
_________________________________________________________ хабарлайды.
(анықталған бұзушылықтардың егжей-тегжейлі сипаттамасы)

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 221-бабына сәйкес, Сізге жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарды осы талап табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жою, сондай-ақ кедендік құнды түзетуді және (немесе) электронды көшірмесінің қоса берілуімен кедендік декларацияны түзетуді ұсыну қажет.
      Кеден органы шығарған талапты орындамаған жағдайда Сіз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартыласыз.
      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-тарауына сәйкес, Сіз осы талапты жоғары тұрған кеден органына және (немесе) сотқа шағымдауға құқылысыз.

Кеден органының бастығы __________________________________________
                                      (қолы, Т.А.Ә.)
«___» _______________ 20__ ж.      М.О.

Талапты алдым: ___________________________________________________
                   (тексерілетін тұлғаның Т.А.Ә., қолы, мөрі)
«___» _______________ 20__ ж.

Талапты табыс етті: ______________________________________________
                     (кеден органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә.,
                                        қолы, күні)

Тексерілетін тұлғаға талап жөнелтілді: ___________________________
__________________________________________________________________
     (жөнелтілгені және алғандығы фактісін растайтын құжат)
«___» _______________ 20__ ж.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2010 жылғы 29 шілдедегі
№ 383 бұйрығымен  
бекітілді     

Нысан

№ __________________
«___» _________ 20__ ж.
(прокуратура органдарында тіркеу)

Көшпелі кедендік тексерудің нұсқамасы

№ ______________                            «___» ___________ 20__ ж.  1. _______________________________________________________________
__________________________________________________________________
            (нұсқаманы шығарған кеден органның атауы)
2. _______________________________________________________________
__________________________________________________________________
     (тексерілетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
                          немесе толық атауы)
3. _______________________________________________________________
              (салық төлеушінің сәйкестендірме нөмірі)
4. _______________________________________________________________
__________________________________________________________________
     (тексерілетін тұлғаның заңды мекенжай және тұрған орны)
5. Тағайындалған кедендік тексерудің тақырыбы: ___________________
__________________________________________________________________
6. Кеден органының тексеруші тұлғаларының лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса): ________________________________________
__________________________________________________________________
7. Кедендік тексеруге тартылған өзге бақылаушы мемлекеттік органдардың тексеруші тұлғаларының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): _____________________________________________________
__________________________________________________________________
8. Кедендік тексеруді жүргізу мерзімі: ___________________________
__________________________________________________________________
9. Кедендік тексеру жүргізудің құқықтық негіздері: _______________
__________________________________________________________________
10. Тексерілетін кезең: __________________________________________
__________________________________________________________________
11. Кедендік тексерудің нысаны: __________________________________
__________________________________________________________________
             (жоспарлы көшпелі, жоспардан тыс көшпелі)
12. Кедендік тексеруді ұзарту, тоқтата тұру туралы мәлімет: ______
__________________________________________________________________
Кеден органының бастығы __________________________________________
                             қолы                  (Т.А.Ә.)
«___» __________ 20 __ ж.                М. О.