Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 87 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6374 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі есептерді қарау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Агенттік Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептi қарау ережесiнде:
      мынадай мазмұндағы 1-5-тармақпен толықтырылсын:
      «1-5. Егер эмитент қосу, қосылу, бөлу, бөлініп шығу, қайта ұйымдастыру арқылы қайта құрылу жағдайда облигациялар (облигация бағдарламасы) шығарылымының проспектісі қайта туындаған заңды тұлғалардың тіркеу күніне дейін екі жылға дейінгі кезеңнің мәліметтерінен немесе эмитент заңды мұрагері болып табылатын заңды тұлғаның (тұлғалардың) қаржылық есептілігі қоса берілген бұрынғы заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістерден тұрады.»;
      2-3-тармақ алынып тасталсын;
      5-1-тармақтың:
      бірінші бөлігінде:
      7) тармақшадағы «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) облигациялар саны азайған жағдайда тіркеуші берген облигациялар саны азайғаны жөніндегі шешім қабылданған күннің алдындағы күніне бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотының жай-күйі туралы үзіндінің көшірмесі.»;
      екінші бөлік алынып тасталсын;
      үшінші бөліктің:
      бірінші абзацында:
      «Банктің» деген сөз «Эмитенттің» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «1)-7)» деген цифрлар «1)-5), 7)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      екінші абзацта «банктің» деген сөз «эмитенттің» деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта «банк» деген сөз «эмитент» деген сөзбен ауыстырылсын;
      14-тармақтың үшінші бөлігінде:
      «банк» және «банкке» деген сөздер тиісінше «эмитент» және «эмитентке» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «не уәкілетті органның банкке қолданатын алдын-ала ықпал ету шаралары аясында» деген сөздер алынып тасталсын;
      14-2-тармақ алынып тасталсын;
      14-3-тармақтың:
      бірінші бөлігінің:
      бірінші абзацында «Банк» деген сөз «Эмитент» деген сөзбен ауыстырылсын;
      5), 6) тармақшаларында «банк» деген сөз «эмитент» деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «Банк» деген сөз «Эмитент» деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-қосымшада:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) акциялар шығарылымының проспектісі жасалған және қаржылық көрсеткіштер берілген күні;»;
      3-тармақтың екінші бөлігіндегі «органның атауы» деген сөзден кейін «және эмитенттің алғашқы тіркеу күні» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1. Егер эмитент қаржы агенттігі мәртебесін иеленген болса мынадай мәліметтерді көрсету қажет:
      1) қаржы агенттігі мәртебесін иелену күні;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы агенттігі үшін пруденциалдық нормативтер және қаржы агенттігі мәртебесін жоғалту тәртібі туралы» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 251 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2449 тіркелген) бекітілген пруденциалдық нормативтердің орындалмау фактісі.»;
      13-тармақтың екінші бөлігінде:
      1) тармақшадағы «туған жылы» деген сөздерден кейін «және осы тұлғалар қызметіне кірісу күні» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшадағы «әкесiнiң аты» деген сөздерден кейін «және осы тұлғалар қызметіне кірісу күні» деген сөздермен толықтырылсын;
      13-113-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-1. Эмитенттің директорлар кеңесінің комитеттері (ондай болған жағдайда).
      Осы тармақта эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауын (атауларын), оның (олардың) құзыретін, эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) әр мүшесінің аты-жөні, бар болса - әкесінің аты және туған жылы және олардың қызметтеріне кірісу күні көрсетілу тиіс.
      13-2. Ішкі аудит қызметі (бар болса).
      Осы тармақта қоғамның ішкі аудит қызметінің әр қызметкерлерінің аты-жөні, бар болса - әкесінің аты және олардың қызметтеріне кірісу күні көрсетілу тиіс.»;
      14-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында «хронологиялық тәртiппен» деген сөздерден кейін «, олардың қызметтеріне кірісу күні» деген сөздермен толықтырылсын;
      18-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында «акционерлерiнiң (қатысушыларының)» деген сөздерден кейін «(эмитент акционерi (қатысушысы) заңды тұлға болғанда осы заңды тұлғаның ірі акционерлері көрсетіледі)» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Эмитент қызметiнiң сипаты (эмитент IAS 27 қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес топтың құрамына кірген жағдайда осы тарау барлық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілік негізінде толтырылады)»;
      мынадай мазмұндағы 36-4-тармақпен толықтырылсын:
      «36-4. Аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған екі қаржы жылының бір жылында эмитент қызметінен алынған ақша қаражатының таза ағыны көрсетіледі.»;
      37-тармақтың:
      1) тармақшадағы:
      «(номиналдық құны бойынша)» деген сөздер алынып тасталсын;
      «өтеу күнi көрсетiлген сатып алынған және мерзiмiнен бұрын өтелген облигациялардың» деген сөздер «сатып алынған күні көрсетілген сатып алынған облигациялардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшада «артықшылықты» деген сөз алынып тасталсын;
      5) тармақшада «өтеу күндері және әрбір шығарылым бойынша өтеуге жататын сомалар» деген сөздер «сатып алған күндері және әрбір шығарылым бойынша өтеу кезінде төленген сомалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      38-тармақтың:
      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) облигациялардың түрi (купондық немесе дисконттық, инфрақұрылымдық немесе арнайы қаржы компаниясымен шығарылатын), қамтамасыз етілудің болуы (қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген, оның ішінде реттелген), номиналдық құнын немесе сыйықы мөлшерін (индекстелген) есептеу сипаты;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      «3-1) облигациялар айналысының басталу күні;»;
      5) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «орны және облигацияларды эмитент кассасы арқылы қолма-қол ақшамен өтеу кезінде хабарласуға тиісті тұлғалар;»;
      6) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «сыйақыларды және (немесе) негізгі борышты төлеу облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес басқа мүліктік құқықтармен жүргізілген жағдайда осы құқықтарды, олардың сақталу тәсілін, бағалау тәртібін және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды, сондай-ақ осы құқықтардың өтуін іске асыру тәртібін сипаттау;»;
      7) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      «Эмитенттің облигациялар бойынша орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілікте болатын тұлғалармен жасалған шарттың күні мен нөмірі, сондай-ақ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі көрсетіледі;»;
      8) тармақшаның екінші абзацында «облигацияларды ұстаушыларға» деген сөздер алынып тасталсын;
      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «41. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану.
      Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде:
      бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау тәртібі;
      секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметті төлеумен байланысты шығыстар және соларға сай арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден есептен шығаруға құқылы болатын шарттар көрсетіледі.
      Эмитенттiң облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдалануы туралы мәліметтер көрсетiледi, сондай-ақ осындай өзгерiстердi көрсете отырып алынған ақшаны бөлулерді жоспарлау кезiндегi болуы мүмкін өзгерістер пайда болған кездегі талаптар көрсетiледi.
      Инфрақұрылымдық облигациялары шығарылған кезде:
      жасалған шарттың талаптарына сәйкес облигацияларды ұстаушылар өкілінің қызметін төлеумен байланысты шығыстар;
      облигациялар ұстаушылардың алдындағы эмитенттің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі болып табылатын мүліктің сипаттамасы көрсетіледі.
      Эмитенттiң облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдалануы туралы мәліметтер көрсетiледi, сондай-ақ осындай өзгерiстердi көрсете отырып алынған ақшаны бөлулерді жоспарлау кезiндегi болуы мүмкін өзгерістер пайда болған кездегі талаптар көрсетiледi.»;
      2-қосымшаның:
      10-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) (эмитент акционері (қатысушысы) заңды тұлға болса осы заңды тұлғаның ірі акционерлері көрсетіледі) жалпы саны, толық және қысқартылған атауы, заңды тұлғаның мекен-жайы не эмитент орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталындағы үлестерiнiң) он және одан да көп пайызын иеленген акционерлердiң (қатысушылардың) аты-жөнi;»;
      3-қосымшаның 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «облигациялар айналысының басталу күні;»;
      5-қосымшаның 5-тармақтағы:
      7) тармақша алынып тасталсын;
      10) тармақшада ресми тілдегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қаскаманова):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

      Төрайым                                    Е. Бахмутова