Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.05.02 № 229 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-13-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекiтiлсiн:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеменің нысаны мен оны толтыру бойынша нұсқаулығы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындау туралы есептің нысаны мен оны толтыру бойынша нұсқаулығы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеменің нысаны мен оны толтыру бойынша нұсқаулығы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені орындау туралы есептің нысаны мен оны толтыру бойынша нұсқаулығы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені табыс ету мен оны орындау Ережелері.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 354 бұйрығына
1-қосымша
Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеме
Қолданушылардың назарына!
Салық есептілігін жасау ережесінің графикалық нысандары базаға енгізілмейді, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады
Қайта өңдеу өнімдерін
әкету туралы міндеттеменің
нысанына қосымша
Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені толтыру бойынша
нұсқаулық
1. Салық төлеуші мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) ҚР аумағына алыс-беріс шикізатын әкелуді жүзеге асырған тұлғаның атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты.
Заңды тұлға үшін жарғылық құжаттарына сәйкес толық атауы, жеке кәсіпкер үшін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес атауы көрсетіледі;
2) СТН - ҚР аумағына алыс-беріс шикізатын әкелуді жүзеге асырған салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
3) ЖСН (БСН) - ҚР аумағына алыс-беріс шикізатын әкелуді жүзеге асырған салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі.
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндеттемені табыс ету кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс;
4) «өндірістік қуаты және үй-жайының бар болуы» - орналасқан орны, меншікті өндірістік қуаттары мен үй-жайының мекен-жайы көрсетіледі;
5) «алыс-беріс шикізатының атауы» - кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу үшін әкелінген алыс-беріс шикізатының атауы көрсетіледі;
6) «СЭҚ БТН» - сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды көрсетіледі;
7) «әкелу күні» - алыс-беріс шикізатын әкелу күні көрсетіледі;
8) «алыс-беріс шикізатын есепке қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту күні» - алыс-беріс шикізатын есепке қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту күні көрсетіледі;
9) «санында (көлемінде)» - кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу үшін әкелінген алыс-беріс шикізатының саны (көлемі) көрсетіледі;
10) «құны» - Салық кодексінің 276-8-бабында көзделген, құнын айқындау қағидасын есепке ала отырып, алыс-беріс шикізатының құны көрсетіледі;
11) «валюта коды» - валюта коды көрсетіледі;
12) «-ден алғанда» - кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу үшін әкелінген алыс-беріс шикізаты иесінің атауы көрсетіледі;
13) «резиденттік елі» - кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу үшін әкелінген алыс-беріс шикізаты ие ел көрсетіледі;
14) «келісім-шарт бойынша» - алыс-беріс шикізаты оның негізінде кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу үшін әкелінген келісім-шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
15) «ҚР уәкілетті органның қорытындысы» - Салық кодексінің 276-13-бабы 8-тармағында көзделген тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы, оның нөмірі мен күні көрсетіледі;
16) «Алыс-беріс шикізатынан алынған қайта өңдеу өнімдері туралы мәліметтер»:
«Атауында» қайта өңдеу өнімдерінің атауы көрсетіледі;
«СЭҚ БТН» - сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды көрсетіледі;
«ҚР аумағына қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормасы (уәкілетті орган қорытындысы бойынша)» - Салық кодексінің 276-13-бабы 8-тармағында көзделген тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысына сәйкес қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормасы көрсетіледі;
«Өлшеу бірлігі» қайта өңдеу өнімдерінің өлшеу бірлігі көрсетіледі;
«саны» қайта өңдеу өнімдерінің саны көрсетіледі;
17) «Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құны» - алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құны көрсетіледі;
18) «валюта коды» - валюта коды көрсетіледі;
19) «қайта өңдеу өнімдерін әкету күні» - алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге жасалған келісімнің (келісім-шарттың) ережелеріне сәйкес қайта өңдеу өнімдерін әкету күні көрсетіледі, бірақ алыс-беріс шикізатын есепке қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту күнінен екі жыл артпауы тиіс;
20) «Салық төлеуші» - жарғылық құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі. Егер Есепті жеке кәсіпкер табыс ететін болса, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес атауы көрсетіледі;
21) «Міндеттеме табыс өтілді» - салық төлеуші міндеттемені табыс еткен күні көрсетіледі;
22) «салық органының коды» - Міндеттемені табыс еткен салық органының коды көрсетіледі;
23) «салық органының лауазымды тұлғасы» - Міндеттемені қабылдаған салық органының лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі;
24) «құжаттың кіріс нөмірі, күні» - Міндеттемені қабылдаған кезде салық органы беретін тіркеу нөмірі, Міндеттемені қабылдау күні көрсетіледі.
Осы тармақтың 23) - 24) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер Есеп табыс етілген салық органының лауазымды тұлғасымен толтырылады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 354 бұйрығына
2-қосымша
Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеменің орындалуы туралы есеп
Қолданушылардың назарына!
Салық есептілігін жасау ережесінің графикалық нысандары базаға енгізілмейді, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады
Қайта өңдеу өнімдерін әкету
туралы міндеттемені орындау
есептің нысанына қосымша
Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындау туралы
есепті толтыру бойынша нұсқаулық
1. Салық төлеуші мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатын әкелуді жүзеге асырған тұлғаның атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты.
Заңды тұлға үшін жарғылық құжаттарына сәйкес толық атауы, жеке кәсіпкер үшін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес атауы көрсетіледі;
2) СТН - Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатын әкелуді жүзеге асырған салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
3) ЖСН (БСН) - ҚР аумағына алыс-беріс шикізатын әкелуді жүзеге асырған салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі.
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндеттемені табыс ету кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс;
4) «алыс-беріс шикізатын әкету туралы міндеттеме» - оны орындау бойынша салық төлеуші есеп табыс ететін алыс-беріс шикізатын әкету туралы міндеттеменің нөмірі мен күні көрсетіледі;
5) «алыс-беріс шикізатының атауы» - кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу үшін әкелінген алыс-беріс шикізатының атауы көрсетіледі;
6) «СЭҚ БТН» - сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды көрсетіледі;
7) «әкелген күні» - алыс-беріс шикізатының әкелінген күні көрсетіледі;
8) «алыс-беріс шикізатының есепке қабылданған және (немесе) тиеп-жөнелтілген күні» - алыс-беріс шикізатының есепке қабылданған және (немесе) тиеп-жөнелтілген күні көрсетіледі;
9) «Санында (көлемде)» - кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу үшін әкелінген алыс-беріс шикізатының саны (көлемі), өлшем бірліктері көрсетіледі;
10) «Құны» - Салық кодексінің 276-8-бабында көзделген бағаларды айқындау принципі ескеріле отырып, алыс-беріс шикізатының құны көрсетіледі;
11) «валюта коды» - валюта коды көрсетіледі;
12) «-ден алынған» - кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу үшін әкелінген алыс-беріс шикізатының иесінің атауы көрсетіледі;
13) «резиденттік елі» - кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу үшін әкелінген алыс-беріс шикізатының иесінің мемлекеті көрсетіледі;
14) «Шарты бойынша» - оның негізінде алыс-беріс шикізаты кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізаты әкелінген шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
15) «ҚР уәкілетті органының қорытындысы» - Салық кодексінің 276-13-бабы 8-тармағында көзделген тиісті уәкілетті органның қорытындысы, оның нөмірі мен күні көрсетіледі;
16) «Әкелінген алыс-беріс шикізатынан қайта өңдеу өнімдері туралы мәліметтер»:
«Атауы» - қайта өңдеу өнімдерінің атауы көрсетіледі;
«СЭҚ ТН» - сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды көрсетіледі;
«Өлшем бірлігі» - қайта өңдеу өнімдерінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
«Міндеттеме бойынша саны» - Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемеге сәйкес қайта өңдеу өнімдерінің саны көрсетіледі;
«Әкетілген қайта өңдеу өнімдерінің саны» - Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілген қайта өңдеу өнімдерінің саны көрсетіледі;
«Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құны» - алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құны көрсетіледі;
18) «валюта коды» - валюта коды көрсетіледі;
19) «Салық төлеуші» - құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі. Егер Есепті жеке кәсіпкер табыс етсе, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес оның атауы көрсетіледі;
20) «Есеп табыс етілді» - салық төлеушінің есепті табыс еткен күні көрсетіледі;
21) «салық органының коды» - Міндеттеме табыс етілген салық органының коды көрсетіледі;
22) «Салық органының лауазымды тұлғасы» - Міндеттемені қабылдаған салық органының лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
23) «құжаттың кіріс нөмірі, күні» - Міндеттеме қабылданған кезде берілген тіркеу нөмірі, Міндеттеме қабылданған күн көрсетіледі.
Осы тармақтың 22) - 23) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді Есеп табыс етілген салық органының лауазымды тұлғасы толтырады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 354 бұйрығына
3-қосымша
Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеме
Қолданушылардың назарына!
Салық есептілігін жасау ережесінің графикалық нысандары базаға енгізілмейді, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады
Қайта өңдеу өнімдерін
әкелу туралы міндеттеменің
нысанына қосымша
Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені толтыру бойынша
нұсқаулық
1. Салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан алыс-беріс шикізатын әкетуді жүзеге асырған тұлғаның атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты.
Заңды тұлға үшін құрылтай құжаттарына сәйкес атауы, жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттарына сәйкес салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке кәсіпкер үшін жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы көрсетіледі;
2) СТН - Қазақстан Республикасының аумағынан алыс-беріс шикізатын әкетуді жүзеге асырған салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
3) ЖСН (БСН) - Қазақстан Республикасының аумағынан алыс-беріс шикізатын әкетуді жүзеге асырған салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі.
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұл жол Міндеттеме 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап табыс етілген кезде міндетті толтырылуға жатады;
4) «алыс-беріс шикізатының атауы» - Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізатының атауы көрсетіледі;
5) «СЭҚ ТН» - сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды көрсетіледі;
6) «әкету күні» - Қазақстан Республикасының аумағынан алыс-беріс шикізатының әкетілген күні көрсетіледі;
7) «тиеп-жөнелту күні» - алыс-беріс шикізатының тиеп-жөнелтілген күні көрсетіледі;
8) «Санында (көлемде)» - Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізатының саны (көлемі), өлшем бірлігі көрсетіледі;
9) «Құны» - Салық кодексінің 276-8-бабында көзделген бағаларды айқындау принципі ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізатының құны көрсетіледі;
10) «валюта коды» - валюта коды көрсетіледі;
11) «тиелген» - алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғаның атауы көрсетіледі;
12) «резиденттік елінде» - Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жүзеге асырылған кеден одағына мүше мемлекет көрсетіледі;
13) «Келісім-шарт бойынша» - оның негізінде алыс-беріс шикізаты Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін әкетілген шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
14) «Алыс-беріс шикізатынан қайта өңдеу өнімдері туралы мәліметтер»:
«Атауы» қайта өңдеу өнімдерінің атауы көрсетіледі;
«СЭҚ ТН» сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды көрсетіледі;
«Өлшем бірлігі» қайта өңдеу өнімдерінің өлшем бірілігі көрсетіледі;
«Саны» қайта өңдеу өнімдерінің саны көрсетіледі;
«Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құны» - алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құны көрсетіледі;
16) «валюта коды» - валюта коды көрсетіледі;
17) «қайта өңдеу өнімдерін әкелу күні» - алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарт (келісімшарт) ережелеріне сәйкес қайта өңдеу өнімдерін әкелу күні, бірақ алыс-беріс шикізатын тиеп-жөнелту күнінен бастап екі жылдан аспайтын мерзім көрсетіледі;
18) «Салық төлеуші» - құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі. Егер Есепті жеке кәсіпкер табыс етсе, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес оның атауы көрсетіледі;
19) «міндеттеме табыс етілді» - салық төлеушінің міндеттемені табыс еткен күні көрсетіледі;
20) «салық органының коды» - Міндеттеме табыс етілетін салық органының коды көрсетіледі;
21) «Салық органының лауазымды тұлғасы» - Міндеттемені қабылдаған салық органының лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
22) «құжаттың кіріс нөмірі, күні» - Міндеттеме қабылдаған кезде салық органы берген тіркеу нөмірі, Міндеттеме қабылданған күн көрсетіледі.
Осы тармақтың 21) - 22) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді Есеп табыс етілген салық органының лауазымды тұлғасы толтырады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 354 бұйрығына
4-қосымша
Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеменің орындалуы туралы есеп
Қолданушылардың назарына!
Салық есептілігін жасау ережесінің графикалық нысандары базаға енгізілмейді, қажет болған жағдайда РҚАО-дан электрондық тасығыштан алуға болады
Қайта өңдеу өнімдерін әкелу
туралы міндеттеменің орындалуы
туралы есептің нысанына
қосымша
Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеменің орындалуы
туралы есепті толтыру бойынша нұсқаулық
1. Салық төлеуші келесі деректерді көрсетеді:
1) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатын әкелуді жүзеге асырған тұлғаның атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты.
Заңды тұлға үшін құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы, жеке кәсіпкер үшін жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес атауы көрсетіледі;
2) СТН - ҚР аумағына алыс-беріс шикізатын әкелуді жүзеге асырған салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
3) ЖСН (БСН) - Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатын әкелуді жүзеге асырған салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі.
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұл жол Міндеттеме 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап табыс етілген кезде міндетті толтырылуға жатады;
4) «қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеме» - оны орындау бойынша салық төлеуші есеп табыс ететін қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеменің нөмірі мен күні көрсетіледі;
5) «алыс-беріс шикізатының атауы» - кеден одағына мүше мемлекет аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу үшін әкелінген алыс-беріс шикізатының атауы көрсетіледі;
6) «СЭҚ ТН» - сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды көрсетіледі;
7) «әкетілген күні» - Қазақстан Республикасының аумағынан алыс-беріс шикізатының әкетілген күні көрсетіледі;
8) «тиеп-жөнелту күні» - алыс-беріс шикізатының тиеп-жөнелтілген күні көрсетіледі;
9) «Санында (көлемде)» - Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізатының саны (көлемі), өлшем бірлігі көрсетіледі;
10) «Құны» - Салық кодексінің 276-8-бабында көзделген бағаларды айқындау принципі ескеріле отырып, алыс-беріс шикізатының құны көрсетіледі;
11) «валюта коды» - валюта коды көрсетіледі;
12) «тиеп-жөнелтілді» - алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлғаның атауы көрсетіледі;
13) «резиденттік елі» - Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жүзеге асырылған кеден одағына мүше мемлекет көрсетіледі;
14) «Шарт бойынша» - оның негізінде алыс-беріс шикізаты Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін экетілген шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
15) «Әкелінген шіріктен қайта өңделген өнімдер туралы мәліметтер»:
«Атауы» - қайта өңдеу өнімдерінің атауы көрсетіледі;
«СЭҚ ТН» - сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды көрсетіледі;
«Өлшем бірлігі» - қайта өңдеу өнімдерінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
«Міндеттеме бойынша саны» - қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемеге сәйкес қайта өңдеу өнімдерінің саны көрсетіледі;
«Әкетілген қайта өңдеу өнімдерінің саны» - Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген қайта өңдеу өнімдерінің саны көрсетіледі;
«Кеден одағының шегінен тыс әкетілген кезде ЖКД» - қайта өңдеу өнімдері кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкетілген кезде кеден декларациясының күні және нөмірі көрсетіледі;
16) «Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құны» - алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстардың құны көрсетіледі;
17) «валюта коды» - валюта коды көрсетіледі;
18) «Салық төлеуші» - құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі. Егер Есепті жеке кәсіпкер табыс етсе, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес оның атауы көрсетіледі;
19) «Есеп табыс етілді» - салық төлеушінің есепті табыс еткен күні көрсетіледі;
20) «салық органының коды» - Міндеттеме табыс етілетін салық органының коды көрсетіледі;
21) «Салық органының лауазымды тұлғасы» - Міндеттемені қабылдаған салық органының лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;
22) «құжаттың кіріс нөмірі, күні» - Міндеттеме қабылдаған кезде салық органы берген тіркеу нөмірі, Міндеттеме қабылданған күн көрсетіледі.
Осы тармақтың 21) - 22) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді Есеп табыс етілген салық органының лауазымды тұлғасы толтырады.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 354 бұйрығына
5-қосымша
Қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені табыс
ету мен оны орындау ережелері 1. Жалпы ережелер
1. Қайта өңдеу өндімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені табыс ету мен оны орындау ережелері (бұдан кейін - Ереже) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы (Салық кодексі) кодексінің 276-13-бабына сәйкес әзірленген және қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені, қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені орындау туралы есепті табыс ету тәртібін және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған жағдайда оларды табыс ету мерзімдерін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімдері алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге жасалған келісімдердің (келісім-шарттардың) ережелеріне сәйкес айқындалады және мұндай шикізаттың иесі алыс-беріс шикізатын есепке қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту күнінен екі жыл артуы мүмкін емес.
3. Осы Ереженің 2-тармағында белгіленген мерзім өтіп кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу үшін әкелінген алыс-беріс шикізаты салық салу мақсатында импорт бойынша айналым деп танылады және Салық кодексінің 37-1-тараумен белгіленген ставка бойынша Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) салынуы тиіс.
Осы Ереженің 2-тармағында белгіленген мерзім өтіп кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізаты салық салу мақсатында импорт бойынша айналым деп танылады және Салық кодексінің 268-бабының 1-тармағында белгіленген ставка бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкеткен күннен қосылған құн салығы салынуы тиіс.
Егер алыс-беріс шикізаты акцизделетін тауар болып табылса, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімнен осы Ереженің 2-тармағында белгіленгеннен асып кеткен жағдайда Салық кодексінің 280-бабында көзделген ставка бойынша келісімнің (келісім-шарттың) ережелеріне қайта өңдеу өнімінің болжамды көлемі акциз салынатын объект болып табылады.
Бұл ретте осы Ереженің 2-тармағында белгіленген мерзімнен асып кету болып мыналар танылады:
1) Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені белгіленген мерзімдерде қайта өңдеу өнімдерін әкетпеу (әкелмеу) (Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені);
2) Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені (Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеме) және (немесе) Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындау туралы Есепті (Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені орындау туралы Есеп) табыс етпеу.
Салық төлеуші тапсырған Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеменің (Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеменің), Қайта өңдеу өнімдерін әкетпеу туралы міндеттемені орындау туралы Есептің (Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені орындау туралы Есептің) негізінде салық органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тауарларды әкелу күніне (тауарларды әкету күніне) төлем мерзімі бойынша тиісті бюджет жіктеуішінің коды бойынша салық төлеушінің дербес шоттына ҚҚС есептеу жүргізіледі.
Бұл ретте алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзіміне ҚҚС бойынша төлеуге мерзімі кейінге шегеріледі және өсімпұлдар есептелмейді.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу Салық кодексінің 276-13 бабының 7-тармағында бекітілген тауарларды қайта өңдеу шарттарына сәйкес келуі тиіс.
2. Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені табыс ету
тәртібі
4. Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге әкелінген кезде, осындай алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асырушы салық төлеуші алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған және (немесе) тиеп-жөнелтілген айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орналасқан орны бойынша салық органына табыс етеді.
Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеме келу тәртібінде қағаз және электронды тасығыштарда табыс етіледі. Қағаз тасығыштағы Қайта өңдеу өнімдерін әкетпеу туралы міндеттеме қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады.
Бұл ретте электронды тасығыштағы Қайта өңдеу өнімдерін әкетпеу туралы міндеттемеде көрсетілген мәліметтер қағаз тасығыштағы Қайта өңдеу өнімдерін әкетпеу туралы міндеттемедегі мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.
Қағаз тасығыштағы Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеме екі данада жасалады, бір данасы қабылдау туралы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады.
Қағаз тасығыштағы Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемеге салық төлеуші не болмаса оның уәкілетті өкілі қол қояды және салық төлеушінің не болмаса мөрі өз атауынан тұратын жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген оның уәкілетті өкілінің мөрімен куәландырылады.
Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
5. Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемеге мыналар қоса беріледі:
1) алыс-беріс шикізатты әкелуді растайтын құжаттар:
оның негізінде алыс-беріс шикізат әкелу жүзеге асырылған келісімшарт;
ілеспе жүкқұжаттар;
2) Салық кодексінің 276-13-бабы 8-тармағында көзделген тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы уәкілетті мемлекеттік органның тиісті қорытындысы.
3. Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындау
бойынша есепті табыс ету тәртібі
6. Қазақстан Республикасы аумағынан қайта өңдеу өнімдерін әкеткен, ол бойынша Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындау бойынша есеп толтырған кезде, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асырған салық төлеуші қайта өңдеу өнімдерін әкеткен айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, бекітілген нысан бойынша Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындау бойынша есепті табыс етеді.
Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындау бойынша есеп қағаз және электронды тасығыштарда табыс етіледі. Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындау бойынша есеп қағаз тасығышта қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады.
Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындау бойынша есеп Қағаз тасығыштағы Міндеттемеге салық төлеуші не болмаса оның уәкілетті өкілі қол қояды және салық төлеушінің не болмаса мөрі өз атауынан тұратын жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген оның уәкілетті өкілінің мөрімен куәландырылады.
Бұл ретте электронды тасығыштағы Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындау бойынша есепте көрсетілген мәліметтер қағаз тасығыштағы Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындау бойынша есепте көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуі тиіс.
7. Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындау бойынша есеп келу тәртібінде қағаз және электронды тасығыштарда табыс етіледі.
Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындау бойынша есеп қағаз тасығышта екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады.
8. Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындау бойынша есепке мыналар қоса беріледі:
1) алыс-берiс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау бойынша фактісін растайтын құжаттар:
жұмыстарды орындау актісі;
шот-фактуралар
2) қайта өңдеу өнімдерін әкетуін растайтын құжаттар:
оның негізінде алыс-беріс шикізат әкелу жүзеге асырылған келісімшарт;
ілеспе жүк құжаттар.
4. Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені табыс ету
тәртібі
9. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізатын әкеткен кезде осындай алыс-беріс шикізатын әкетуді жүзеге асырған салық төлеуші орналасқан орны бойынша салық органына алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған және (немесе) тиеп-жөнелтілген айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей, Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеме табыс етеді.
Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеме келу тәртібінде қағаз және электронды тасығыштарда табыс етіледі. Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеме қағаз тасығышта қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады.
Бұл ретте электронды тасығыштағы Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемеде көрсетілген мәліметтер қағаз тасығыштағы Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемедегі мәліметтерге сәйкес келуге тиіс.
Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеме қағаз тасығышта екі данада табыс етіледі, оның біреуі қабылдағаны туралы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады.
Қағаз тасығыштағы Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемеге салық төлеуші не оның уәкілетті өкілі қол қояды және салық төлеушінің не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген жағдайларда өз атауы жазылған мөрі бар оның уәкілетті өкілінің мөрімен куәландырылады.
Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
10. Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемеге:
алыс-беріс шикізатының әкетілуін растайтын құжаттар:
оның негізінде алыс-беріс шикізатын әкету жүзеге асырылыған шарт;
тауарға ілеспе құжаттар;
Салық кодексінің 276-13-бабы 8-тармағында көзделген тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы қоса беріледі.
5. Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеменің
орындалуы туралы есепті табыс ету тәртібі
11. Ол бойынша Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеме толтырылған қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде қайта өңдеу өнімдерін әкелуді жүзеге асырған салық төлеуші қайта өңдеу өнімдері әкелінген айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей, Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеменің орындалуы туралы есепті табыс етеді.
Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеменің орындалуы туралы есеп қағаз және электронды тасығыштарда табыс етіледі. Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеменің орындалуы туралы есеп қағаз тасығышта қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады.
Қағаз тасығыштағы Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеменің орындалуы туралы есепке салық төлеуші не оның уәкілетті өкілі қол қояды және салық төлеушінің не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген жағдайларда өз атауы жазылған мөрі бар оның уәкілетті өкілінің мөрімен куәландырылады.
Бұл ретте электронды тасығыштағы Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеменің орындалуы туралы есепте көрсетілген мәліметтер қағаз тасығыштағы Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеменің орындалуы туралы есептегі мәліметтерге сәйкес келуге тиіс.
12. Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеменің орындалуы туралы есеп келу тәртібінде қағаз және электронды тасығыштарда табыс етіледі.
Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеменің орындалуы туралы есеп қағаз тасығышта екі данада табыс етіледі, оның біреуі қабылдағаны туралы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады.
13. Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындау бойынша есепке мыналар қоса беріледі:
1) алыс-берiс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындау бойынша фактісін растайтын құжаттар:
жұмыстарды орындау актісі;
шот-фактуралар
2) қайта өңдеу өнімдерін әкетуін растайтын құжаттар:
оның негізінде алыс-беріс шикізат әкелу жүзеге асырылған келісімшарт;
ілеспе жүк құжаттар.