"2010/2011 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 289 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі N 396 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6357 болып енгізілді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «2010/2011 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 289 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6326 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 289 – 290 (26134) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2010/2011 оқу жылына арналған сырттай оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:

5В010800

Денешынықтыру және спорт

60

20

10

10

40

25

15

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

5В010800

Денешынықтыру және спорт

70

30

20

10

40

25

15

5В011200

Химия

30

30

15

15




деген жол алынып тасталсын;

5В011300

Биология

20

20

15

5




деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

5В011300

Биология

30

30

15

15




5В011600

География

50

20

10

10

30

20

10

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

5В011600

География

60

30

15

15

30

20

10

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г. Доғалова):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Қаржы департаменті (Т. Нұрғожаева) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған студенттер контингентіне сәйкес жоғары оқу орындарын қаржыландыру кезінде жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ескерсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          М. Сарыбеков