2010/2011 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 маусымдағы N 289 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 7 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6326 болып енгізілді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 627-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес және облыстық ономастикалық комиссияның 2010 жылғы 14 мамырдағы № 3 ұйғарымы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Құрманғазы ауданы Дыңғызыл ауылдық округінің Қызылоба ауылы Ғизат Әліпов ауылы болып қайта аталсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімінің 10.10.2014 № 315 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 325-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Құрманғазы ауданының әкімі облыс әкімдігінің осы қаулысы мен облыстық мәслихаттың шешімін жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
      3. Облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың осы бірлескен қаулысы мен шешімі ол ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                     Б. Рысқалиев

      Облыстық мәслихаттың ХХІІІ
      сессиясының төрағасы                            О. Қаршегенов

      Облыстық мәслихат хатшысы                       Ж. Дүйсенғалиев