Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын сараптауға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы N 95 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 27 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6354 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      «Концессялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын сараптауға қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Инвестициялық саясат департаменті (Б.К. Тортаев) және Заң департаменті (Д.А. Ешімова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Ж. Айтжанова

2010 жылғы 28 маусымдағы N 95   
Қазақстан Республикасы      
Экономикалық даму және сауда   
министрінің бұйрығымен бекітілген

Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларына сараптамалық талаптар

1. Жалпы ережелер

      1. Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарына сараптамалық талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасының «Концессия туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 9 бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Талаптар концессиялық ұсыныстарға, конкурстық құжаттамаларға оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге және концессия шарттарының жобаларына, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптау өткізу сақтануы міндеті болып табылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.02.01 № 36 Бұйрығымен.
      3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган, мыналарды жүргізу үшін концессия мәселелері бойынша арнайы мамандандырылған ұйымды тартады:
      1) концессиялық ұсыныстар сараптамалары;
      2) конкурстық құжаттамаға сараптама, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде;
      3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасы;
      4) келісімдер туралы жобалардың сараптамасы, оның ішінде концессияға өзгерістер мен толықтырулар кезінде.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.02.01 № 36 Бұйрығымен.
      4. Осы Талаптарда көзделген негізгі мәселелер:
      Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген концессияның принциптерінің сақталуы;
      концессияның схемасы бойынша жобаның іске асуының әлеуметтік тиімділігінің талдауы;
      концессияның схемасы бойынша жобаның іске асуының экономикалық тиімділігінің талдауы;
      жобаның тәуекелдерді басқару жүйесін талдау;
      концессияның схемасы бойынша ұсынылған шешімдердің негізділігін бағалау;
      концессиялық жобалардың жоспарлау сапасын арттыру.
      5. Концессия ұсыныстарының сараптаманың, конкурстық құжаттамалардың, оның ішінде өзгерiстер мен толықтырулар енгізу кезіндегі, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдеріне және концессия шарттарының жобаларына оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі негізгі сараптаманың қорытындысы болады.

2. Концессиялық ұсыныстарды сараптамасы

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.02.01 № 36 Бұйрығымен.

      6. Концессиялық ұсыныстарды сараптау жаңарту және тиімді пайдалану үшін мемлекеттік меншік объектілерін уақытша иеленуге және пайдалануға концессияға беру немесе концеденттің мемлекеттік қолдау көрсету шараларын ескере отырып концессионер қаражаты есебінен жаңа объектілерді құру (құрылысы) құқығы.
      7. Концессиялық ұсыныстың сараптамасының нәтижесі оң не теріс қорытынды болып табылады.
      Сараптаманың оң қорытындысы концессияның негізгі принциптеріне, Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасын есепке ала отырып концессия схемасының жобаны іске асыру мүмкіндігі мен қажеттіліктің дәлелдігіне, әзірлеу немесе түзету құнын есептеудің, сондай-ақ концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне (бұдан әрі – ТЭН) сараптамасын жүргізу қажеттлігінің негізділігіне сәйкес келетін концессиялық ұсыныстарға беріледі.
      Сараптаманың теріс қорытындысы негізгі дәлелдер келтіріп концессия схемасы бойынша жобаның іске асырылуының дұрыс емес екендігін көрсететін концессиялық ұсынысқа бағалау және талдау беріледі.
      8. Концессиялық ұсыныстың сараптамасының қорытындысын мыналарды бағалауды қамтуы тиіс:
      концессиялық жоба бойынша құжаттама пакетінің құрамы;
      концессиялық ұсынысты Қазақстан Республикасының концессия туралы заңнамасы шеңберінде іске асырылу мүмкіндігі;
      концессия схемасы бойынша жобаның іске асудағы саланың (өңір) ағымдағы жағдайының мәселелерін шешу мүмкіндігі;
      концессия схемасы бойынша жобаны іске асыру кезінде пайда мен шығынның қатынасы, оның ішінде жобаны қаржыландырудың баламалы схемалары мен көздері (бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік займдар немесе концессия) болған кезде;
      концессиялық ұсыныстың саланың (өңір) әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаты мен міндеттеріне, дамудың орта мерзімді жоспарларына сәйкестігі;
      техникалық тапсырма жобасының концессиялық жобаның ТЭН әзірлеу мен түзетуге;
      әзірлеу немесе түзету құнын есептеудің, сондай-ақ концессиялық жобаның ТЭН сараптамасын жүргізуге қажетті.
      9. Концессиялық ұсыныстың сараптамасы төмендегідей негізде жүргізіледі:
      1) концессиялық ұсыныс;
      2) салалық сараптаманың оң қорытындысы;
      3) концессиялық жобаның ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге техникалық тапсырманың жобасы;
      4) әзірлеу немесе түзету құнының, сондай-ақ концессиялық жобаның ТЭН қажетті сараптамасын жүргізудің есебі.
      Республикалық меншікке жататын объектінің концессиялық ұсынысына концессиялық ұсыныстың республикалық меншікке билік жүргізу құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжат қосымша беріледі.

3. Конкурстық құжаттаманың сараптамасы

      10. Конкурстық құжаттамалардың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, сараптамасын жүргізу мақсаты конкурстық құжаттамалардың оның Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарының мазмұны мен құрамына, онымен қоса Заңының 3-бабында белгіленген концессияның негізгі принциптерін ескерген концессиялық жобаның ТЭН белгіленген экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа параметрлеріне сәйкестігін бағалау болып табылады.
      11. Конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде оң қорытынды немесе конкурстық құжаттарды пысықтауға жолдаған сараптаманың аяқталу формасы болып саналады.
      Конкурстық құжаттамаға оң сараптама Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Заңының 3-бабында белгіленген концессияның негізгі принциптерін ескерген концессиялық жобаның ТЭН бекіткен экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа параметрлеріне сәйкес келген жағдайда ұсынылады.
      Конкурстық құжаттаманың Қазақстан Республикасының заңнамасына, сонымен қатар Заңының 3-бабында белгіленген концессияның негізгі принциптерін ескерген концессиялық жобаның ТЭН бекіткен экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа параметрлеріне сәйкес келмесе, конкурстық құжаттаманы концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым жоғарыда көрсетілген нормаларына сәйкес келтіру үшін қайтарады.
      12. Конкурстық құжаттаманың сараптама қорытындысы мыналарды қамтиды:
      конкурстық құжаттаманың паспорты;
      конкурстық құжаттаманың концессиялық жобаның мәніне қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;
      конкурстық құжаттаманың концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздеуін бекіткен экономикалық, қаржылық, техникалық және де басқа параметрлеріне сәйкестігін бағалау;
      конкурстық құжаттама талаптарының дұрыстығын бағалау;
      концессия шартының жобасын бағалау;
      концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бағалау;
      концессионерге ұсынылу жоспарланған мемлекеттік қолдау шараларын бағалау;
      Конкурстық құжаттаманың сапасын жоғарылату бойынша ұсынымдар.
      13. Концессия шартының жобасы және концессиялық жобаның ТЭН конкурстық құжаттамаға қосымша болып табылады.

4. Концессионерді таңдау конкурсын өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптау

      14. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын жүргізу мақсаты әлеуетті концессионердің концессиялық өтімнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасы және конкурстық құжаттамалармен бекітілген талаптарына сәйкестігін айқындау болып табылады.
      15. Концессиялық тапсырыстың сараптамасы жүргізілгеннен кейін әлеуетті концессионердің тапсырысының концессиялық артықшылықтары мен кемшіліктері және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен конкурстық құжаттамасының талаптарына сәйкестігі көрсетіледі.
      16. Концессиялық өтінімдердің экономикалық сараптамасының нәтижесі – оң не теріс қорытынды болып табылады.
      Сараптаманың оң қорытындысы концессиялық жобаның мәніне қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде конкурстық құжаттамаға сай келетін әлеуетті концессионерлер ұсынған концессиялық өтінімдерге беріледі.
      Сараптаманың теріс қорытындысы концессиялық жобаның мәніне қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті концессионерлердің өтінімдеріне беріледі.
      17. Концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген кезде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамалық қорытындысы мыналарды қамтиды:
      әлеуетті концессионерлердің концессиялық өтінімдерінің Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына және конкурстық құжаттамада қойылған талаптарға;
      концессияның өтінім құрамына ететін құжаттамалардың және олардың мәліметтерінің конкурстық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін бағалауды;
      әлеуетті концессионерлердің және олардың құрылтайшыларының қаржылық қабілеттілігін бағалауды;
      әлеуетті концессионерлердің техникалық ұсыныстарын бағалауды (бар болса);
      әлеуетті концессионерлердің қаржылық ұсыныстарын бағалауды (бар болса);
      әлеуетті концессионерлердің конкурстық құжаттамада белгіленген сұратып отырған мемлекеттік қолдау шараларын бағалауды (бар болса).

5. Концессия шарттарының жобаларын сараптау

      18. Концессия шарттарына сараптауды жүргізудің мақсаты республикалық меншікке жатқызылатын объектілерге қатысты концессиялар бойынша комиссия таңдаулы деп таныған әлеуетті концессионердің өтінімдерінің параметрлеріне, концессиялық жобаның мәніне қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына немесе Заңының 3-бабында айқындалған концессияның негізгі принциптерін ескере отырып коммуналдық меншікке жатқызылатын объектілерге қатысты концессиялар бойынша таңдаулы деп таныған олардың Қазақстан Республикасы талаптарына сәйкестігін айқындау болып табылады.
      19. Концессия шарттарының жобаларын сараптау қорытындысы мыналарды қамтуы тиіс:
      1) концессия шарты жобасының концессиялық жобаның мәніне қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалауды;
      2) концессия шартының жобасында әлеуетті концессионердің концессиялық өтінімін таңдаулы деп айқындау үшін негізі болған жағдайдың сақталуын бағалауды;
      3) концессия шарты жобасының концессияның негізгі қағидаттарына сәйкестігін талдау;
      4) концедент пен концессионер тәуекелдерін талдау;
      5) концессионер қызметін мемлекеттік қолдау шараларын, көлемі мен беру шарттарын бағалауды.
      20. Оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде концессия шартының сараптамасы мыналарды қамтуы тиіс:
      1) концессия шарты жобасының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалауды;
      2) концессия шарты жобасының концессияның негізгі қағидаттарына сәйкестігін талдау;
      3) концедент пен концессионер тәуекелдерін талдау;
      4) концессионер қызметін мемлекеттік қолдау шараларын, көлемі мен беру шарттарын бағалауды.

6. Қорытынды ережелер

      21. Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, концессионерді таңдау бойынша конкурсты жүргізген кезде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді, концессия шарттарының жобаларын және концессия шарттарының жобаларына оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қазандағы № 921 қаулысымен бекітілген концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және іріктеу мен концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ережелерінде белгіленген мерзімде жүргізіледі.