Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 38-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті жасау және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі № 289 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2448 болып тіркелген);
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру барысы туралы есепті жасау және беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі м.а. 2003 жылғы 30 шілдедегі № 289 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы № 366 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3201 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2005 жылы № 1, 8-құжатпен жарияланған);
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті жасау және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі № 289 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 4 қазандағы № 354 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 27 қазанда № 3912 болып тіркелген).
3. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 15 маусымдағы
№ 287 бұйрығымен
бекітілген
Бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына бағалау жүргізуге бірыңғай ұстанымды қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштеріне, сондай-ақ тиісті бағыттар, мақсаттар мен міндеттер бойынша іске асырылатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының құрамында бекітілген бюджеттік бағдарламаларда көзделген нәтижелердің олар болған кезде тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді (жеткізбеуді) талдау бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу мақсаты болып табылады.
Қадағаланатын салада/аяда/өңірлерде бюджеттік қаражаттарды талап етпейтін стратегиялық бағыттарға, мақсаттарға, міндеттерге және мақсатты индикаторларға қол жеткізу деңгейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бағалайды.
3. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды бағалау есептік қаржы жылына келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
1) тура нәтиженің көрсеткіштері;
2) түпкілікті нәтиженің көрсеткіштері;
3) тиімділік көрсеткіштері.
4. Бюджетті атқару кезінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды орталық мемлекеттік органдар берген есепті қаржы жылына республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы талдамалық есепті (бұдан әрі - Талдамалы есеп) түсіндірме жазбасының негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттарға, мақсаттарға және міндеттерге қол жеткізуге бюджеттік бағдарламаларды іске асыру әсерін талдау үшін орталық мемлекеттік органдар 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Талдамалы есепке қоса Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер бойынша бюджеттік қаражатты пайдалану жөнінде ақпаратты (бұдан әрі - Мақсаттар жөніндегі ақпарат) ұсынады.
6. Жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік қаражаттары шығындарының тиімділігін бағалау бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен/облыстың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органымен жүзеге асырылады.
7. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.
8. Бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау іске асырылуына бюджет қаражаттары қарастырылған облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың Даму бағдарламалары/ауданның (облыстық маңызы бар қала) Даму бағдарламалары (бұдан әрі - Даму бағдарламасы) іс-шаралар жоспарының орындалуына талдау жасау және жергілікті атқарушы органдарымен ұсынылатын түсіндірме жазбасымен қоса Даму бағдарламасының іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы талдамалық есебі (бұдан әрі - Даму бағдарламасы бойынша есеп) ұсыну жолымен жүзеге асырылады.
9. Үкімет уәкілеттік берген ішкі бақылау органы мен оның аумақтық инспекциясы бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына бақылау жүргізу үшін бақылау материалдарын ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейінгі мерзімде, сәйкесінше, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және облыс бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
10. Бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы бойынша орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметінің тиімділігін және Даму бағдарламасының іс-шараларына арналған бюджеттік қаражаттарды пайдаланудың тиімділігін бағалау бюджетті атқаруы жөніндегі орталық уәкілетті органда құрылатын Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі Сараптамалық комиссияның Жұмыс органының кіші тобы жүзеге асырады.
11. Бюджетті атқару кезіндегі бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау бойынша анық ақпарат беру жауапкершілігі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.
12. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және облыс бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламаларының түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне жетуге бағалауды жүргізген кезде қол жеткізілген бюджеттік бағдарлама нәтижесінің тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша сәйкес сала, сфера (өңірде) (игілікке ие болушыларға әсер) жағдайын жақсартуға әсер етуі туралы қорытынды алу мақсатында экономиканы және әлеуметтік бағытталған бюджеттік бағдарламаларды әртараптандыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар нәтижесін бағалау үшін үкіметтік емес ұйымдарды, тәуелсіз сарапшыларды және қоғамдық бірлестіктерді қатыстыра алады.
13. Бағалауына үкіметтік емес ұйымдар (қоғамдық бірлестіктер) тәуелсіз сарапшылар қатыстырылатын бюджеттік бағдарламалар тізбесі жыл сайын бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бағалау жүргізгенде тиісті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдармен анықтайды.
2. Бюджетті атқаруында бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бағалауын жүргізу үшін орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен есептілікті жасауы және беруі
14. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына бағалау жүргізу үшін ағымдағы жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде ұсынады:
орталық мемлекеттік органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға қағаз және магнитті (электрондық) тасығыштарда Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылған Талдамалы есепті және бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізу туралы түсіндірме жазбаны (бұдан әрі - түсіндірме жазба), сондай-ақ Мақсаттар жөніндегі ақпаратты ұсынады;
облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы орган қағаз және магнитті (электрондық) тасығыштарда Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылған Даму бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы Талдамалы есепті және іс-шаралар көрсеткіштеріне жету туралы түсіндірме жазбаға (бұдан әрі - түсіндірме жазба) бюджетті атқару кезінде орталық уәкілетті органға және облыстың бюджетті атқару кезінде уәкілетті жергілікті органға тиісті ұсынады;
орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар - қағаз тасығышта есепті қаржы жылында бар бақылау объектісі қызметінің бюджет және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының талаптарына сәйкестігі, қаржылық есептілікті жасау және беру дұрыстығы, негіздігі мен уақтылығы және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысында мемлекеттік органдардың тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан жүргізілген тиісті мемлекеттік органдарды бақылау материалдарын береді.
Мемлекеттік құпияны құрайтын бюджеттік бағдарламалар бойынша Талдамалы есеп құпиялық режимін сақтай отырып беріледі.
15. Магнитті (электрондық) тасығышта ұсынылған ақпарат қағаз тасығыштағы деректерге толығымен сәйкес келуі тиіс.
16. Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы талдамалы есеп мынадай тәртіппен жасалады:
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды мен атауы» деген жол бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мен коды көрсетіледі;
«Бюджеттік бағдарлама (және бар болған жағдайда кіші бағдарлама):» деген жол бойынша бюджеттік бағдарлама (және болған кезінде кіші бағдарлама) атауы көрсетіледі;
«Сипаттамасы» деген жол бойынша бюджеттік бағдарлама қаражатының тағайындалуы туралы ақпаратты қамтитын бюджеттік бағдарламаның қысқаша мазмұны көрсетіледі;
«Стратегиялық бағыты» деген жол бойынша оны іске асыруға бюджеттік бағдарлама жұмылдырылған стратегиялық бағыттың атауы көрсетіледі, бірнеше стратегиялық бағыттар болған жағдайда әрбір бағыттың бөлінісінде көрсету қажет;
«Мақсаты» деген жол бойынша стратегиялық бағытқа қол жеткізуге бағытталған мақсат көрсетіледі;
«Міндеттері» деген жол бойынша стратегиялық бағыттың мақсатына қол жеткізу үшін қойылған міндеттің атауы көрсетіледі;
«Мақсатты индикаторлар» деген жол бойынша мақсатты индикаторлардың атауы көрсетіледі;
1-бағанда рет-ретімен нөмір көрсетіледі;
«Көрсеткіштердің атауы» деген 2-бағанда бюджеттік бағдарлама нысанында көзделген көрсеткіштердің атауы көрсетіледі. Осы ретте, бірнеше көрсеткіштер болған жағдайда әрбір көрсеткішті жеке жолмен көрсету қажет;
«Өлшем бірліктері» деген 3-бағанда бюджеттік бағдарлама көрсеткішінің өлшем бірлігі көрсетіледі, ол бюджеттік бағдарлама нысанында көрсетілген;
«Есепті қаржы жылында жоспарланған бюджеттік бағдарлама көрсеткіштері» деген 4-бағанда бюджеттік бағдарламада жоспарланған көрсеткіштер (іс-шаралар) көрсетіледі;
«Көрсеткіштердің іс жүзінде орындалуы» деген 5-бағанда есепті жылда бюджеттік бағдарламаның іс жүзінде орындалған көрсеткіштері көрсетіледі;
«Ауытқу» деген 6-бағанда есепті жылы жоспарланған көрсеткіштерден іс жүзінде орындалған көрсеткіштердің ауытқуы, ал шығыстар бойынша орындалмау сомасы көрсетіледі;
«Көрсеткіштердің орындалу % (5б./4б.*100%)» деген 7-бағанда бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің 100% көбейте отырып, есепті қаржы жылына нақты орындалуының жоспарлы көрсеткіштеріне ара қатынасы көрсетіледі;
«Нәтижелерге қол жеткізе алмау және бюджеттік бағдарлама қаражаттарының орындалмау себептері» деген 8-бағанда бюджеттік бағдарлама бойынша есепті жылға жоспарланған қол жеткізілмеген көрсеткіштердің (іс-шаралардың) себептері көрсетіледі.
«Тікелей нәтиже көрсеткіші» деген жол бойынша:
тікелей нәтиже көрсеткіші пайдаланылған бюджет қаражатын ескере отырып, мемлекеттік органның стратегиялық даму жоспарының құрамында бекітілген бюджеттік бағдарлама нысанында көзделген жоспарланған көрсеткіштермен салыстыра отырып, есепті қаржы жылында іс жүзінде орындалған санды көрсеткіштермен анықталады.
Жоспарланған санды көрсеткіштер орындалмаған (толық көлемде орындалмаған) жағдайда орталық мемлекеттік органдарымен орындалмау немесе толық көлемде орындалмау себептерін көрсете отырып, белгіленген мерзімде орындалмаған (толық көлемде орындалмаған) іс-шаралардың нақты тізбесі анықталады.
«Түпкілікті нәтиже көрсеткіші» деген жол бойынша:
түпкілікті нәтиже көрсеткіші қол жеткізілген тікелей нәтиженің бюджеттік бағдарлама мен мемлекеттік орган басшылық ететін саланың (сфераның) мақсатына жетуге әсер ету деңгейін (дәрежесін) көздейді. Түпкілікті нәтижені анықтау кезінде мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерді ұстауға, оларды материалдық-техникалық жарақтандыруға және ғимараттарды, үй-жайларды күрделі жөндеуге бағытталған бюджеттік бағдарламаны іске асыруға байланысты салада жағдайды өзгерту қажет. Түпкілікті нәтижені өлшеу бірлігі пайыздық арақатынаста ұсынылады (мысалы, ауыл шаруашылық дәнді дақылдарының өзіндік құнының қанша % төмендеуі, халық ауруының қанша % төмендеуі, ауылды жерлерде білікті қызметкерлердің артуы қанша % қамтамасыз етілген, оқушылар орындары тапшылығы қанша % қысқартылған, статистикалық деректермен тексерілуі тиіс үш кезектілікпен оқытылу және тағы басқалары қанша % жойылды, егер құрылыс объектісі 2-3 жылға жоспарланса, онда әрбір қаржы жылында түпкілікті нәтиженің көрсеткіші орындалған жұмыс %).
«Тиімділік көрсеткіші» деген жол бойынша:
Бюджеттік қаражатты пайдалануға қатысты көрсетілген қызметтердің, (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне жұмсалған шығындар көлемін сипаттайтын көрсеткіштер беріледі, нәтижелерге жетуге қатысты көрсетілген қызметтердің, (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне іс жүзінде жұмсалған шығындар көрсетіледі.
Бюджеттік қаражатты пайдалануға қатысты тиімділік көрсеткішін анықтау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бірлігіне жұмсалатын іс жүзіндегі шығыстар көлемі жоспарланып отырған көлеммен салыстырылады, іс жүзінде жүргізілген шығындардың жоспарланған шығындардан ауытқу деңгейі анықталады, ал нәтижелерге қол жеткізуге қатысты тиімділік көрсеткішін анықтау кезінде нақты ұсынылғандармен тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бірлігіне жоспарланған көлем салыстырмалы талдау жүзеге асырылады.
Инвестициялық жобалар бойынша табиғи көрсеткіштегі әрбір объекті бойынша есепті қаржы жылында жоспарланған жұмыстар көлемі туралы ақпарат ұсынылады.
«Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жол бойынша бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар мың теңгемен көрсетілген, бюджеттік қаражаттың орындалмау сомасына және себебіне.
17. Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік даму бағдарламалары бойынша Талдамалы есеп инвестициялық жобалар бөлінісінде беріледі.
18. Жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және ұлғайтуға бөлінген қаражат бойынша орындалған іс-шаралар және еншілес ұйымдарды қосқанда бюджеттік қаражатты алған ұйымдар бойынша оларды орындау сатысы туралы ақпарат көрсетіледі, жоспарланған іс-шаралар орындалмаған жағдайда себептері мен түсіндірмелері көрсетіледі.
19. Талдамалы есеппен бір уақытта ұсынылатын түсіндірме жазба мыналарды:
1) бюджеттік бағдарламаның атауын;
2) бюджеттік бағдарламаны іске асыруға жоспарлы және іс жүзіндегі шығыстарын (мың теңге), сондай-ақ алдағы қаржы жылына осы бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет шығыстары туралы ақпаратты;
3) бюджет қаражатының игерілмеген сомасын және олардың қалыптасу себептерін;
4) алдағы қаржы жылына бюджеттік бағдарламаның нәтижелері: санды көрсеткіштер, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бір бірлігіне іс жүзіндегі шығыстар және бір бірлігіне іс жүзінде көрсетілген қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
5) өткен есепті жылдың басымен салыстырғанда тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектің, оның ішінде пайда болған берешектердің себептерін көрсете отырып өткен жылдар берешегінің болуы және оларды өтеу жөнінде қабылданған (қабылданатын) шаралар туралы ақпаратты;
6) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес бюджет қаражатын пайдалану жөнінде бақылау органдарымен өткізілген ақпаратты, сондай-ақ, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шараларды баяндай отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы тұрғысынан тексеру жөніндегі ақпаратты;
20. Мақсаттар бойынша ақпарат (Әдістемеге 2-қосымша) мынадай тәртіппен жасалады:
«Мемлекеттік органның атауы» деген жол бойынша мемлекеттік органның атауы көрсетіледі;
«Стратегиялық бағыттардың, мақсаттардың, міндеттер мен іс-шаралардың атауы» деген 1-бағанда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында қарастырылған стратегиялық бағыттардың, мақсаттардың, міндеттер мен іс-шаралардың атауы көрсетіледі;
«Стратегиялық бағыттардың, мақсаттардың, міндеттердің, іс-шаралардың орындауға арналған бюджет қаражатының сомасы (мың теңге)» деген 2-бағанда стратегиялық мақсаттар мен бағыттардың міндеттері мен іс-шараларын іске асыруға есепті қаржы жылына жоспарланған сома көрсетіледі;
«Іс-шаралардың көрсеткіштері» деген 3-бағанда орталық мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында қарастырылған тиісті стратегиялық мақсаттар мен бағыттар бойынша міндеттер іс-шараларының жоспарланған көрсеткіштері көрсетіледі;
«Стратегиялық бағыттардың, мақсаттардың міндеттердің, іс-шаралардың орындауға арналған бюджет қаражатының іс жүзінде атқарылған бюджет қаражатының сомасы (мың теңге)» деген 4-бағанда стратегиялық мақсаттар мен бағыттардың міндеттерін орындаудың іс-шараларына арналған есепті қаржы жылында іс жүзінде жұмсалған сома көрсетіледі;
«Іс-шаралардың көрсеткіштері» деген 5-бағанда есепті қаржы жылында іс жүзінде орындалған іс-шаралардың (әрбір іс-шара бөлінісінде) қол жеткізілген көрсеткіштері көрсетіледі. Іс-шараның орындалмағаны кезінде себептері көрсетіледі;
«Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы» деген 6-бағанда тиісті іс-шара жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның атауы және коды көрсетіледі;
«1-стратегиялық бағыт», «2-стратегиялық бағыт» және т.с.с деген жолдарда мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында қарастырылған стратегиялық бағыттардың атауы көрсетіледі;
«1.1-мақсат», «1.2-мақсат», «2.1-мақсат», «2.2-мақсат» және т.с.с. деген жолдарда стратегиялық бағыттарға қол жеткізуге бағытталған мақсаттар көрсетіледі;
«1.1.1-міндет», «1.1.2-міндет», «1.1.1-міндет», «1.2.1-міндет», «1.2.2-міндет», «2.1.1-міндет», «2.1.2-міндет», «2.2.1-міндет», «2.2.2-міндет» және т.с.с. жолдарда стратегиялық бағыттардың мақсаттарына қол жеткізу үшін қойылған міндеттердің атауы көрсетіледі;
Міндеттердің «Іс-шаралар» жолында стратегиялық бағыттардың қойылған мақсаттарына кол жеткізу үшін міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылатын іс-шаралар атауы көрсетіледі.
21. Даму бағдарламасы бойынша есеп (Әдістемеге 3-қосымша) мынадай тәртіппен жасалады:
«Өңірдің атауы» деген жол бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атауы көрсетіледі;
«р/с №» деген бағанда нөмір рет-ретімен көрсетіледі;
«Даму бағдарламасының бағыттары, мақсаттары, міндеттері, көрсеткіштері және іс-шаралар» деген 2-бағанда Даму бағдарламасының бағыттары, мақсаттары, міндеттері, көрсеткіштері және іс-шаралары көрсетіледі;
«Іс-шараны орындауға арналған бюджеттік қаражаттардың сомасы (мың теңге)» деген 3-бағанда есепті қаржы жылына жоспарланған Даму бағдарламасының тиісті міндеттері мен бағыттары бойынша іс-шараларды орындауға арналған сомасы, тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) бірлігіне жоспарланған шығыстар сомасы көрсетіледі;
«Іс-шаралардың көрсеткіштері» деген 4-бағанда Даму бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес жоспарланған іс-шаралардың атқарылуның негізгі парамтерлерімен көрсетіледі (орналасқан жері, өлшемі, ауданы, көлемі, ара қашықтығы және т.б.);
«Іс-шараны орындауға арналған бюджеттік қаражаттардың нақты орындалу сомасы (мың теңге)» деген 5-бағанда есепті қаржы жылына нақты орындалған Даму бағдарламасының тиісті міндеттері мен бағыттары бойынша іс-шараларды орындауға арналған сомасы, тауардың (жұмыстардың, қызметтердің) бірлігіне нақты орындалған шығыстар сомасы көрсетіледі;
«Іс-шаралардың көрсеткіштері» деген 6-бағанда Даму бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес нақты орындалған іс-шаралардың атқарылуның негізгі парамтерлерімен көрсетіледі (орналасқан жері, өлшемі, ауданы, көлемі, ара қашықтығы және т.б.);
«Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы» деген 7-бағанда шеңберінде сәйкес іс-шаралар іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар атауы мен коды көрсетіледі;
«1-бағыт», «2-бағыт» деген жолдар бойынша даму бағдарламаларының бағыттары көрсетіледі;
«1.1-мақсат», «1.2-мақсат», «2.1-мақсат» және т.б. деген жолдар бойынша даму бағдарламаларының бағыттарында көзделген мақсаттар көрсетіледі;
«1-міндет», «2-міндет» және т.б. деген жолдарда даму бағдарламасының мақсатына жетуге арналған міндеттер көрсетіледі;
«Іс-шаралар» деген жолдар бойынша тиісті бағыттың міндеттерін орындауға арналған даму бағдарламасында көзделген іс-шаралар көрсетіледі;
22. Даму бағдарламасы жөніндегі есеппен бір уақытта берілетін түсіндірме жазба әр мақсат кескінінде мыналарды:
1) мақсаттарға және міндеттерге жетуге бюджеттік қаражаттың жоспарлы және нақты шығындарын;
2) мақсаттарға және міндеттерге жетуге бюджеттік қаражаттардың жоспарлыдан нақты шығындардың ауытқу (сәйкес міндет немесе мақсаттың орындалмаған немесе жете орындалмаған іс-шаралары, бюджеттік қаражатты аса шығындау немесе экономдау) себептерін қамтуы тиіс.
23. Талдамалы есепке, Даму бағдарламасы жөніндегі есепке және оларға түсіндірме жазбаларға, Мақсаттар жөніндегі ақпарат орталық атқарушы органның Жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен оған орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік органның басшысы және мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе тиісті жергілікті атқарушы органның басшысы қол қояды.
3. «Тікелей нәтиже көрсеткіші» критерийі бойынша бағалау
24. Тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалау қаржы жылының қорытындылары бойынша бюджетті қаражаттарды пайдалануға талдау жүргізу және бюджеттік бағдарламалардың іс-шараларын орындау, алдыңғы екі қаржы жылдарының нәтижелерімен тікелей нәтижелерінің көрсеткіштерін салыстыру жолымен жүргізіледі.
Бюджеттік бағдарламаның/Даму бағдарламасының іс-шараларына бюджеттік қаражаттарды қолданудың тікелей нәтижесіне қол жеткізуді бағалау қол жеткізілген нақты санды көрсеткіштерді жоспарланған санды көрсеткіштермен салыстыру жолымен анықталады.
25. Тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалау кезінде Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасының талаптарына сәйкестігіне және бюджеттік қаражаттарды пайдаланудың тиімділігіне сәйкес жүргізілген тиісті мемлекеттік органдардың есепті қаржы жылына берілген бақылау материалдары пайдаланылады.
Бір санды көрсеткіштер артық көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламалар бойынша бағалау әрбір санды көрсеткіші бойынша жүргізіледі.
26. Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижеге жету/Даму бағдарламасы іс-шараларына бюджет қаражатын пайдалану дәрежесі бюджеттік бағдарламаның сандық көрсеткіштерінің орындалу/Даму бағдарламасы іс-шараларына бюджет қаражатын пайдалану дәрежесінен шыға келесі формулаға сәйкес 10-балдық шкала бойынша бағаланады:
Р=Vф*10
Vn
мұнда, Р - тікелей нәтиже балы;
Vф - сандық көрсеткіштердің нақты көлемі;
Vn - сандық көрсеткіштердің жоспарлы көлемі;
10 - пайыздан балға өту коэффициенті.
Алынған балл:
1 балл - қаржылық бақылау органдарымен әшкереленген қаржылық бұзушылыққа жол берілген жағдайда;
1 балл - инвестициялық жоба құнының қымбаттауына жол берілген жағдайда;
1 балл - өткен жылдардың дебиторлық және кредиторлық қарыздары болған, өткен жылмен салыстырғанда оның өсуі жіберілген жағдайда кемітіледі;
Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесін/Даму бағдарламасы іс-шараларына бюджет қаражатын пайдаланудың қорытынды бағалауы келесі формуламен анықталады:
Рор.=Р1+Р2+...Рn
n
мұнда, Рор. - бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесінің/Даму бағдарламасы іс-шараларына бюджет қаражатын пайдаланудың орташа балы;
Р1, Р2...Рn - әр сандық көрсеткіштер саны;
n - көрсеткіштер саны.
27. Орталық мемлекеттік органдардың барлық бюджеттік бағдарламаларының тікелей нәтижелерінің орташа балы келесі формула бойынша анықталады:
Sтн.—Рор1 + Рор2 + ... Рopn
n
мұнда, Sтн. - орталық мемлекеттік органдардың барлық бюджеттік бағдарламаларының тікелей нәтижелерінің орташа балы;
Рор1, Рор2... Рopn - бюджеттік бағдарламалар тікелей нәтижесінің орташа балы;
n - орталық мемлекеттік органдардың барлық бюджеттік бағдарламалары.
4. «Түпкілікті нәтиже көрсеткіші» критерийі бойынша бағалау
28. Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуді бағалау тиісті саладағы жағдайды жақсартуға (өзгертуге) арналған нәтижеге қол жеткізу әсерін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау үшін нақты қол жеткізілген нәтижелер жоспарланған түпкілікті нәтижелермен салыстырылады.
Шығыстардың түпкілікті нәтижеге қол жеткізуін Даму бағдарламасының іс-шарасына бағалау жүргізілмейді.
Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтиже көрсеткішіне жету дәрежесі нақты қол жеткен нәтижені жоспарланғанмен салыстыру жолымен келесі формулаға сәйкес 10-балдық шкала бойынша бағаланады:
К=RФ*10
Rn
мұнда, К - түпкілікті нәтиже балы;
Rф - нақты жеткен нәтижелер;
Rn - жоспарланған нәтижелер;
10 - пайыздан балға өту.
29. Орталық мемлекеттік органдардың барлық бюджеттік бағдарламаларының түпкілікті нәтижелерінің орташа балы келесі формула бойынша анықталады:
Sтн.=К1 + К2 + ...Кn
n
мұнда, Sтн. - орталық мемлекеттік органдардың барлық бюджеттік бағдарламаларының түпкілікті нәтижелерінің орташа балы;
К1, К2... Кn - әр бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті балдары;
n - орталық мемлекеттік органдардың барлық бюджеттік бағдарламалар саны.
5. «Тиімділік көрсеткіші» критерийі бойынша бағалау
30. Бюджеттік бағдарламаның/Даму бағдарламасы іс-шараларына бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштерін бағалау тауардың (еңбек, қызмет) бір данасына нақты шығынды жоспарланғанмен салыстыру жолымен жүзеге асырылады.
Тиімділік көрсеткішін бағалау он балдық шакала бойынша жүргізіледі және бюджеттік бағдарламаның/Даму бағдарламасы іс-шараларына бюджет қаражатын пайдаланудың тікелей көрсеткіштеріне жету дәрежесіне тәуелді болады.
Бюджеттік бағдарламаның/Даму бағдарламасы іс-шараларына бюджет қаражатын пайдаланудың жоспарланған тікелей нәтижеге 100% жеткен жағдайда және қызметтің (тауар, еңбек) бір данасына нақты шығын жоспарланғанмен сәйкес келсе, немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланғанда 10 балл беріледі.
Бюджеттік бағдарламаның/Даму бағдарламасы іс-шараларына бюджет қаражатын пайдаланудың жоспарланған тиімділік көрсеткіші 70% жеткенде және бюджет шығынының аз тиімділігі 0 балға тең.
Бюджеттік бағдарламаның/Даму бағдарламасы іс-шараларына бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігінің нақты жеткен көлемі келесі формула бойынша анықталады:
Ееф=10-((100%-Рср)/10%)/0,7
мұнда,
Ееф. - бюджеттік бағдарламаның/Даму бағдарламасы іс-шараларына бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділік балы;
10 балл - бюджеттік бағдарламаның/Даму бағдарламасы іс-шараларына бюджет қаражатын пайдаланудың тікелей нәтижесінің максимальді балы;
100% - бюджеттік бағдарламаның/Даму бағдарламасы іс-шараларына бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігінің максимальді деңгейі;
Рср - бюджеттік бағдарламаның/Даму бағдарламасы іс-шараларына бюджет қаражатын пайдаланудың тікелей нәтижесінің орташа балы;
0,7 - тиімділіктің төменгі деңгейінің жоғарғы деңгейіне қатынасы (70%/100%).
Мысалға, бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесі бюджеттік бағдарламаның/Даму бағдарламасы іс-шараларына бюджет қаражатын пайдаланудың тікелей нәтижесінің орташа балы 76% жеткенде, бұл жағдайда бюджеттік бағдарлама тиімділік деңгейі мынаған тең болады:
10 бал - (100% - 76%)/10%/0,7 = 6,6 бал.
31. Орталық мемлекеттік органның барлық бюджеттік бағдарлмаларының тиімділік көрсеткішінің орташа балы келесі формула бойынша анықталады:
S ТИІМД. = Е ТИІМД.1 + Е ТИІМД.2.... Е ТИІМД.n
n
мұнда, S тиімд. - орталық мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларының тиімділік көрсеткішінің орташа балы;
Е тиімд.1, Е тиімд.n, - Е тиімд. - бюджеттік бағдарламалар тиімділігінің орташа балы;
n - орталық мемлекеттік атқарушы органның бюджеттік бағдарламаларының жалпы саны.
6. Бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігін қорытынды бағалау туралы қорытынды (бұдан әрі - Қорытынды)
32. Орталық мемлекеттік органды/жергілікті атқарушы органды қорытынды бағалау келесі формула бойынша анықталады:
орталық мемлекеттік органдар бойынша:
Iomo = S т.н. + S т.н.+ S тиімд.
3
мұнда, Iomo - орталық атқарушы органның қорытынды бағасы;
S т.н., S т.н., S тиімд. - орталық мемлекеттік органының бюджеттік бағдарламалар критерийлерінің орташа балы;
жергілікті атқарушы органдар бойынша:
Iжао = Рорт + Е.тиімд.
2
мұнда, Iжао - жергілікті атқарушы органның қорытынды бағасы;
Рорт. - Даму бағдарламасының іс-шараларына бюджеттік қаражаттарды қолданудың тікелей нәтижесінің орташа балы;
Е.тиімд. - Даму бағдарламасының іс-шараларына бюджеттік қаражаттарды қолданудың тиімділік балы.
33. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган қызметінің нәтижелілігін және тиімділігін бағалау тиімділік көрсеткішін бағалау қорытындылары бойынша алынған баллдарға сәйкес анықталады:
9-дан 10 баллға дейін - тиімді;
7-ден 8,99 баллға дейін - тиімділігі жеткіліксіз;
6,99 баллдан төмен - тиімсіз.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетті атқару кезіндегі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша орталық мемлекеттік органның жиынтық бағалауы туралы Қорытындыны және 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жиынтық бағалауы туралы Қорытындыны нәтижелілік және тиімділік туралы тұжырымдарымен және Даму бағдарламасы іс-шараларына бюджеттік бағдарламаларды іске асыру/бюджет қаражаттарын шығындау тиімділігін жоғарылату және оларды одан әрі қаржыландыру бойынша ұсыныстарымен қоса мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
Облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетті атқару кезіндегі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органның жиынтық бағалауы туралы Қорытындыны нәтижелілік және тиімділік туралы тұжырымдарымен және Даму бағдарламасы іс-шараларына бюджет қаражаттарын шығындау тиімділігін жоғарылату және оларды одан әрі қаржыландыру бойынша ұсыныстарымен қоса облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына ұсынады.
Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың нәтижелері туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның және облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органының қорытындысына Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, жергілікті атқарушы органдарының қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі Сараптамалық комиссиясының Жұмыс органының кіші тобының басшысы/облыс бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның басшысы қол қояды.
37. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қорытындымен қоса мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдау нәтижесін ұсынады.
Бюджетті атқару кезінде бюджеттік
бағдарламалардың іске асырылуын
бағалау әдістемесіне 1-қосымша
Нысан
__________ қаржылық жылға арналған бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуының талдамалық есебі
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің коды ________________________
және атауы: ________________________
Бюджеттік бағдарлама (және бар болған ________________________
жағдайда кіші бағдарлама): ________________________
Сипаттамасы: ________________________
Стратегиялық бағыт: ________________________
Мақсат: ________________________
Міндеттері: ________________________
Мақсатты индикаторлар: ________________________
№ |
Көрсеткіштердің атауы |
Өлшем бірліктері |
Есепті қаржы жылында жоспарланған бюджеттік бағдарлама көрсеткіштері |
Көрсеткіштердің іс жүзінде орындалуы |
Ауытқу |
Көрсеткіштердің орындалу % (5б./ 4б.* 100%) |
Бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізбеудің және қаражаттарының орындалмау себептері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
2 |
Тікелей нәтиже көрсеткіші |
||||||
3 |
Тиімділік көрсеткіші |
||||||
4 |
Түпкілікті нәтиже көрсеткіші |
||||||
5 |
Бағдарламаны іске асыруға жұмсалатын шығыстар (мың теңге) |
Орталық атқарушы органның Жауапты
хатшысы (белгіленген тәртіппен оған
орталық атқарушы органның жауапты
хатшысының өкілеттігі жүктелген
лауазымды тұлға), ал мұндайлар
болмаған жағдайда - мемлекеттік
мекеменің басшысы және мемлекеттік
мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесінің
басшысы ___________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
___________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
«__» ________ 20___ж.
Бюджетті атқару кезінде бюджеттік
бағдарламалардың іске асырылуын
бағалау әдістемесіне 2-қосымша
Нысан
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер бойынша бюджеттік қаражатты пайдалану жөніндегі ақпарат
Мемлекеттік органның атауы ____________________
Стратегиялық бағыттардың, мақсаттардың, міндеттер мен іс-шаралардың атауы |
Есепті қаржы жылына арналған жоспар |
Есепті қаржы жылына арналған нақты орындалу |
Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы |
||
Стратегиялық бағыттардың, іс-шаралардың, мақсаттардың, міндеттердің және іс-шаралардың орындауға арналған бюджет қаражатының сомасы (мың теңге) |
Іс-шаралардың көрсеткіштері |
Стратегиялық бағыттардың, іс-шаралардың, мақсаттар мен міндеттердің іс-шараларын орындауға арналған іс жүзінде атқарылған бюджет қаражатының сомасы (мың теңге) |
Іс-шаралардың көрсеткіштері |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1-стратегиялық бағыт |
|||||
1.1-мақсат |
|||||
1.1.1 -міндет |
|||||
Іс-шаралар |
|||||
.......... |
|||||
1.1.2-міндет |
|||||
Іс-шаралар |
|||||
.......... |
|||||
1.2-мақсат |
|||||
1.2.1-міндет |
|||||
Іс-шаралар |
|||||
.......... |
|||||
1.2.2 -міндет |
|||||
Іс-шаралар |
|||||
......... |
|||||
2-стратегиялық бағыт |
|||||
2.1-мақсат |
|||||
2.1.1-міндет |
|||||
Іс-шаралар |
|||||
.......... |
|||||
2.1.2-міндет |
|||||
Іс-шаралар |
|||||
......... |
|||||
2.2-мақсат |
|||||
2.2.1-міндет |
|||||
Іс-шаралар |
|||||
.......... |
|||||
2.2.2-міндет |
|||||
Іс-шаралар |
|||||
.......... |
Орталық атқарушы органның Жауапты
хатшысы (белгіленген тәртіппен оған
орталық атқарушы органның жауапты
хатшысының өкілеттігі жүктелген
лауазымды тұлға), ал мұндайлар
болмаған жағдайда - мемлекеттік
мекеменің басшысы және мемлекеттік
мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесінің
басшысы ___________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
___________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
«__» ________ 20___ж.
Бюджетті атқару кезінде бюджеттік
бағдарламалардың іске асырылуын
бағалау әдістемесіне 3-қосымша
нысан
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) Даму бағдарламаларының орындалуына бағытталған іс-шараларды іске асыру туралы талдамалық есеп
Өңірдің атауы: ____________________________
р/с |
Даму бағдарламасының бағыттары, мақсаттары, міндеттері, көрсеткіштері және іс-шаралар |
Жоспар |
Нақты орындалу |
Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы |
||
Іс-шараны орындауға арналған бюджеттік қаражаттардың сомасы (мың теңге) |
Іс-шаралардың көрсеткіштері |
Іс-шараны орындауға арналған бюджеттік қаражаттардың нақты орындалу сомасы (мың теңге) |
Іс-шаралардың көрсеткіштері |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1-бағыт |
||||||
1.1-мақсат |
||||||
1-міндет |
||||||
1-іс-шара |
||||||
......... |
||||||
2-міндет |
||||||
1-іс-шара |
||||||
......... |
||||||
1.2-мақсат |
||||||
1-міндет |
||||||
1-іс-шара |
||||||
......... |
||||||
2-бағыт |
||||||
2.1-мақсат |
||||||
1-міндет |
||||||
1-іс-шара |
||||||
........ |
Жергілікті атқарушы органның басшысы ________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Есептілікті құруға жауапты ________ ____________________
құрылымдық бөлімшенің басшысы (қолы) (қолды таратып жазу)
Бюджетті атқару кезінде бюджеттік
бағдарламалардың іске асырылуын
бағалау әдістемесіне 4-қосымша
Нысан
Орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер бойынша бюджеттік қаражатты пайдалану жөніндегі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның талдамалық ақпараты
Мемлекеттік органның атауы _________________________
Стратегиялық бағыттардың, мақсаттардың, міндеттер мен іс-шаралардың атауы |
Есепті қаржы жылына арналған жоспар |
Есепті қаржы жылына арналған нақты орындалу |
Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы |
||
Стратегиялық бағыттардың, іс-шаралардың, мақсаттардың, міндеттердің және іс-шаралардың орындауға арналған бюджет қаражатының сомасы (мың теңге) |
Іс-шаралардың көрсеткіштері |
Стратегиялық бағыттардың, іс-шаралардың, мақсаттар мен міндеттердің іс-шараларын орындауға арналған іс жүзінде атқарылған бюджет қаражатының сомасы (мың теңге) |
Іс-шаралардың көрсеткіштері |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1-стратегиялық бағыт |
|||||
1.1-мақсат |
|||||
1.1.1 -міндет |
|||||
Іс-шаралар |
|||||
.......... |
|||||
1.1.2-міндет |
|||||
Іс-шаралар |
|||||
.......... |
|||||
1.2-мақсат |
|||||
1.2.1-міндет |
|||||
Іс-шаралар |
|||||
.......... |
|||||
1.2.2 -міндет |
|||||
Іс-шаралар |
|||||
......... |
|||||
2-стратегиялық бағыт |
|||||
2.1-мақсат |
|||||
2.1.1-міндет |
|||||
Іс-шаралар |
|||||
.......... |
|||||
2.1.2-міндет |
|||||
Іс-шаралар |
|||||
......... |
|||||
2.2-мақсат |
|||||
2.2.1-міндет |
|||||
Іс-шаралар |
|||||
.......... |
|||||
2.2.2-міндет |
|||||
Іс-шаралар |
|||||
.......... |
Орталық атқарушы органның Жауапты
хатшысы (белгіленген тәртіппен оған
орталық атқарушы органның жауапты
хатшысының өкілеттігі жүктелген
лауазымды тұлға), ал мұндайлар
болмаған жағдайда - мемлекеттік
мекеменің басшысы және мемлекеттік
мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесінің
басшысы ___________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
___________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
«__» ________ 20___ж.
Бюджетті атқару кезінде бюджеттік
бағдарламалардың іске асырылуын
бағалау әдістемесіне 5-қосымша
Нысан
Бюджетті атқару кезіндегі бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы жөніндегі орталық мемлекеттік органның жиынтық бағасы туралы қорытынды
__________________________________________________________
(орталық мемлекеттік органның атауы)
______________
(есепті кезең)
№ |
Бағалау критерийі |
Әрбір критерийді бағалау балы |
1 |
Тікелей нәтиженің көрсеткіші |
|
2 |
Түпкілікті нәтиженің көрсеткіші |
|
3 |
Тиімділік көрсеткіші |
|
Жалпы баға*: |
||
Жалпы бағаның мәні**: |
Орталық мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін бағалаудың әрбір критерийі бойынша талдау:
«Тікелей нәтиженің көрсеткіші» критерийі бойынша
__________________________________________________________________
«Түпкілікті нәтиженің көрсеткіші» критерийі бойынша
__________________________________________________________________
«Тиімділік көрсеткіші» критерийі бойынша
__________________________________________________________________
Қорытындылар мен ұсыныстар:
____________________________________________________________
Орталық атқарушы органның Жауапты
хатшысы (белгіленген тәртіппен оған
орталық атқарушы органның жауапты
хатшысының өкілеттігі жүктелген
лауазымды тұлға), ал мұндайлар
болмаған жағдайда - мемлекеттік
мекеменің басшысы және мемлекеттік
мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесінің
басшысы ___________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
___________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
«__» ________ 20___ж.
*Жалпы баға барлық критерийлер балдарының сомасының жалпы критерийлердің санына ара қатынасы арқылы есептеледі;
** Жалпы бағаның мәні: 9 балдан 10 балға дейін - тиімді
7 балдан 8,99 балға дейін - тиімділігі
жеткіліксіз;
6,99 балдан темен - тиімсіз.
Бюджетті атқару кезінде бюджеттік
бағдарламалардың іске асырылуын
бағалау әдістемесіне 6-қосымша
Нысан
Бюджетті атқару кезіндегі бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы жөніндегі жергілікті атқарушы органның жиынтық бағасы туралы қорытынды
_________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
______________
(есепті кезең)
№ |
Бағалау критерийі |
Әрбір критерийді бағалау балы |
1 |
Тікелей нәтиженің көрсеткіші |
|
2 |
Тиімділік көрсеткіші |
|
Жалпы баға*: |
||
Жалпы бағаның мәні**: |
Жергілікті атқарушы органның қызметінің тиімділігін бағалаудың әрбір критериqі бойынша талдау:
«Тікелей нәтиженің көрсеткіші» критерийі бойынша
_________________________________________________________________
«Тиімділік көрсеткіші» критерийі бойынша
_________________________________________________________________
Қорытындылар мен ұсыныстар:
___________________________________________________________
Орталық атқарушы органның Жауапты
хатшысы (белгіленген тәртіппен оған
орталық атқарушы органның жауапты
хатшысының өкілеттігі жүктелген
лауазымды тұлға), ал мұндайлар
болмаған жағдайда - мемлекеттік
мекеменің басшысы және мемлекеттік
мекеменің тиісті құрылымдық бөлімшесінің
басшысы ___________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
___________ ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
«__» ________ 20___ж.
*Жалпы баға барлық критерийлер балдарының сомасының жалпы критерийлердің санына ара қатынасы арқылы есептеледі;
** Жалпы бағаның мәні: 9 балдан 10 балға дейін - тиімді
7 балдан 8,99 балға дейін - тиімділігі
жеткіліксіз;
6,99 балдан темен - тиімсіз.