Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Кастодианның есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2941 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Кастодианның есеп беру ережесінде:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Ереженің 2-қосымшасының нысаны бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын және инвестициялық портфельді басқаратын ұйымдардың тоқтатылған (орындалмаған) тапсырмалары туралы есепті;»;
2-қосымша осы Қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Агенттік Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 330 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3329 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, № 20, 186-құжат) қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесінде:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
9) тармақшасындағы «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бөлігінде осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес «Инвестициялау лимиттері» пруденциалдық нормативтерін сақтауы туралы есеп.»;
2-қосымшада:
«1. Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздар» деген кесте мынадай мазмұндағы 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-бағандармен толықтырылсын:
«
Портфельдегі ағымдағы купондық ставка 16 |
Тәуекелдің тиісті түрін мөлшерлеу коэффициентінің дәрежесі17 |
Кезең ішіндегі кіріс/шығын18 |
Есепке қойылған күннен бастап алынатын кіріс/шығын19 |
|||||
Кредиттік тәуекел |
Ерекше пайыздық тәуекел |
Ортақ пайыздық тәуекел |
Валюталық тәуекел |
Қор тәуекелі |
Операциялық тәуекел |
|||
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
х |
||||||||
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
»;
Ескерту мынадай мазмұндағы 16, 17, 18 және 19-тармақтармен толықтырылсын:
«16. Борыштық қаржы құралдары бойынша есеп беру күніндегі купондық ставка көрсетіледі.
17. Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 тіркелген) қаулысымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта (бұдан әрі – № 180 Нұсқаулық), Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген) қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта (бұдан әрі – № 181 Нұсқаулық), Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген) қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде көзделген тәуекел түрлері көрсетіледі.
18. Аяқталған есепті кезең ішіндегі қаржы құралынан алынған кіріс/шығын сомасы көрсетіледі.
19. Есепке қойылған күннен бастап есепті кезеңнің соңғы күнін қоса алғандағы кезең ішінде қаржы құралынан алынған кіріс/шығын сомасы көрсетіледі.»;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын.
3. Агенттік Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 375 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3376 тіркелген) қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
атауында «мәмілелер және» деген сөздерден кейін «жинақтаушы зейнетақы қорлары мен» деген сөздермен толықтырылсын;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 49-бабының 1-тармағына және 55-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ «мәмілелер және» деген сөздерден кейін «жинақтаушы зейнетақы қорлары мен» деген сөздермен толықтырылсын;
Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың меншікті активтері жөнінде есеп беру ережесінде:
атауында «мәмілелер және» деген сөздерден кейін «жинақтаушы зейнетақы қорлары мен» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереже зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер және жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі – Қор) мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың (бұдан әрі – Ұйым) меншікті активтері жөнінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есеп беру тәртібін, нысанын және мерзімдерін белгілейді.»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұйым уәкілетті органға:»;
1) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) тармақшаның бірінші абзацындағы «тасымалдағыштағы» деген сөз «және электронды тасымалдағыштардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын Қор уәкілетті органға:
1) күн сайын, есепті күннен кейінгі күні Алматы уақыты бойынша сағат 16.00-ден кешіктірмей меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есептерді осы Ереженің 2-қосымшасына (1, 2, 3-нысандарды) сәйкес электронды нысанда;
2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз және электронды тасымалдағыштардағы есепті мыналарға:
өткен айдың әр жекелеген жұмыс күні үшін меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелері туралы осы Ереженің 2 (1, 2, 3-нысандарды), 3, 4-қосымшаларына сәйкес;
есептік айдан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына (4, 5, 6, 7-насандарды) сәйкес ұсынады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қағаз тасымалдағышта жасалған есепке басшы (немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға), бас бухгалтер (немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға) қол қояды, Қордың (Ұйымның) мөрімен куәландырылады және еркін нысанда жасалған ілеспе хатпен жіберіледі.»;
6-тармақтағы «зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым» деген сөздер «Қор (Ұйым)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымнан» деген сөздер «Қордан (Ұйымнан)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым» деген сөздер «Қор (Ұйым)» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы «мәмілелер және» деген сөздерден кейін «жинақтаушы зейнетақы қорлары мен» деген сөздермен толықтырылсын;
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«(Қордың қысқартылған атауы ілік септігінде) (Ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде) зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасаған мәмілелері туралы ________________ бастап _______________
аралығындағы кезең ішіндегі ЕСЕБІ»;
«1-нысан. Зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздар» деген кестеде:
1-бағанның екінші жолындағы «1» деген цифр «10» деген цифрмен ауыстырылсын;
14-бағанның атауы «сатып алу» деген сөздерден кейін «(сату)» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 19, 20-бағандармен толықтырылсын:
«
Қарсы әріптестің атауы |
Қарсы әріптестің рейтингі |
199 |
209 |
»;
«Бірінші басшы [қолы] Бас бухгалтер [қолы]
мөр орны
Орындаушы [қолы, телефон нөмірі]» деген сөздер
«Бірінші басшы
(есепке қол қоюға (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты
уәкілетті тұлға) (бар болса)
Бас бухгалтер
(есепке қол қоюға (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты
уәкілетті тұлға) (бар болса)
мөр орны
Орындаушы (қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)»
деген сөздермен ауыстырылсын;
Зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті толтыруға ескертулерде:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«0 Мәмілелер бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында жасалған жағдайда оны жасасу күні (trade date) көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:
«9 Бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында жасасқан мәмілелер бойынша толтырылады.»;
2-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы «мәмілелер және» деген сөздерден кейін «жинақтаушы зейнетақы қорлары мен» деген сөздермен толықтырылсын;
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«(Қордың қысқартылған атауы ілік септігінде) (Ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде) меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасаған мәмілелері туралы ______________ бастап ________________ аралығындағы кезең ішіндегі ЕСЕБІ»;
«1-нысан. Меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар» деген кестеде:
1-бағанның екінші жолындағы «1» деген цифр «10» деген цифрмен ауыстырылсын;
14-бағанның атауы «сатып алу» деген сөздерден кейін «(сату)» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 19, 20-бағандармен толықтырылсын:
«
Қарсы әріптестің атауы |
Қарсы әріптестің рейтингі |
199 |
209 |
»;
Меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасалған мәмілелер туралы есепті толтыруға ескертулерде:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«0 Мәмілелер бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында жасалған жағдайда оны жасасу күні (trade date) көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:
«9 Бағалы қағаздардың халықаралық (шетелдік) нарықтарында жасасқан мәмілелер бойынша толтырылады.»;
3-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы «мәмілелер және» деген сөздерден кейін «жинақтаушы зейнетақы қорлары мен» деген сөздермен толықтырылсын;
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«(Қордың қысқартылған атауы ілік септігінде) (Ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде) зейнетақы активтерін және меншікті активтерін туынды қаржы құралдарына инвестициялау бойынша жасаған мәмілелері туралы _________________ бастап _________________ аралығындағы кезең ішіндегі ЕСЕБІ»;
4-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы «мәмілелер және» деген сөздерден кейін «жинақтаушы зейнетақы қорлары мен» деген сөздермен толықтырылсын;
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«(Қордың қысқартылған атауы ілік септігінде) (Ұйымның қысқартылған атауы ілік септігінде) аффилиирленген тұлғалармен* зейнетақы активтері мен меншікті активтерін инвестициялау бойынша жасаған мәмілелері туралы ________________ бастап _________________ алығындағы кезең ішіндегі ЕСЕБІ».
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап алпыс күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
6. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдары
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы
1 маусымдағы № 73 қаулысына
1-қосымша
«Кастодианның есеп беру ережесіне
2-қосымша
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын және инвестициялық портфельді басқаратын ұйымдардың тоқтатылған (орындалмаған) тапсырмалары туралы есебі
Күні |
Клиент атауы 1 |
Активтердің түрі 2 |
Қаржы құралының түрі |
Эмитенттің атауы |
Бағалы қағаздың коды |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Ұлттық сәйкестендіру нөмірі |
Нарық3 |
Мәмілелерді жасау туралы тоқтатылған (орындалмаған) тапсырманың түрі4 |
Мәмілелерді жасау туралы тоқтатылған (орындалмаған) тапсырманың мөлшері, теңге |
Ауытқу негізі5 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Басшы (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бас бухгалтер (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
мөр орны
Орындаушы (қолы Тегі, аты, әкесінің аты
телефон нөмірі) (бар болса)
Ескертулер:
1Кастодиан клиенті болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның атауы көрсетіледі.
2Кастодианның кастодиандық қызмет етуіндегі зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның меншікті, зейнетақы активтері не клиенттерінің активтері көрсетіледі.
3«Қор биржасы», «ұйымдастырылмаған нарық», «халықаралық нарық» форматындағы нарықтың атауы көрсетіледі, егер мәміле қор биржасының сауда жүйесінде жүзеге асырылса, онда «қор биржасының атауы/елі» форматындағы оның резиденттігінің елі көрсетіледі.
4Тоқтатылған (орындалмаған) мәміле (сатып алу, сату, «репо» ашу және жабу операциялары, банктік салым шартын жасасу және өзге де мәмілелер) түрі көрсетіледі. «Репо» операциялары бойынша «репо» операцияларының: тікелей немесе кері «репо» деген түрлері көрсетіледі.
5Кастодиан банктің мәмілені жасасу туралы тапсырманы тоқтатуға (орындамауға) себеп болған негіздемесі көрсетіледі.»;
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдары
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2010 жылғы
1 маусымдағы № 73 қаулысына
2-қосымша
«Зейнетақы активтерін
инвестициялық басқару
жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын заңды тұлғалардың
есеп беру ережесіне
10-қосымша
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың 20 ___ жылғы «___» ___________ жағдай бойынша «Инвестициялау лимиттері» пруденциалдық нормативін сақтауы туралы есебі6
(Қордың қысқартылған атауы (ілік септігінде), Ұйымның қысқартылған атауы (ілік септігінде))
мың теңге1
№ р/с |
Эмитенттің атауы |
Бағалы қағаздың коды |
Ұлттық сәйкестендіру нөмірі |
Бағалы қағаздың түрі |
Эмитенттің меншікті капиталының мөлшері |
Бір шығарылымның борыштық бағалы қағаздарының жалпы саны, данасы |
А |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Эмитент бойынша жиынтығы: |
||||||
Акциялардың барлығы: |
||||||
Инвестициялық қорлардың пайларының барлығы |
кестенің жалғасы
Дауыс беретін акциялардың жалпы саны, данасы2 |
Орналастырылған акциялардың жалпы саны, данасы 2,3 |
Зейнетақы активтері есебінен |
Меншікті активтері есебінен |
||
Саны (бағалы қағаздардың данасы) |
Құнсыздануды ескеріп, ағымдағы жиынтық құны (теңгемен)4 |
Зейнетақы активтерінің ағымдағы құнынан жиынтығы пайызбен |
Саны (бағалы қағаздардың данасы) |
||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
кестенің жалғасы
Меншікті активтері есебінен |
Эмитенттің меншікті капиталының үлесі, пайызбен5 |
Эмитенттің осы шығарылымының борыштық бағалы қағаздарының жалпы санынан борыштық бағалы қағаздардың үлесі, пайызбен5 |
Осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санынан дауыс беретін акциялардың үлесі, пайызбен5 |
Осы эмитенттің орналастырылған акцияларының жалпы санынан орналастырылған акциялардың үлесі, пайызбен3, 5 |
|
Құнсыздануды ескеріп, ағымдағы жиынтық құны (теңгемен)4 |
Меншікті активтерінің ағымдағы құнынан жиынтығы пайызбен |
||||
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
____________________________ күні ________________
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
____________________________ күні ________________
Орындаушы _________________ күні ________________
Телефон:____________________
Мөр орны
Ескерту:
1 Атауының мазмұнында басқа өлшем бірлігі бар бағаналарды қоспағанда, барлық сома үтірден кейін екі таңбамен мың теңгеде көрсетіледі.
2 Деректер № 180 Нұсқаулықтың 29-тармағына және № 181 Нұсқаулықтың 38-тармағына сәйкес толтырылады.
3 Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің акциялары бойынша толтырылады.
4 Есептелген жиынтық сыйақыны ескергендегі сома көрсетіледі.
5 Үлесі зейнетақы және меншікті активтерінің жиынтық есебінен инвестициялар мөлшері бойынша не тек ғана зейнетақы немесе меншікті активтерінің есебінен есептеледі. Халықаралық қаржы ұйымдары шығарған (ұсынған) қаржы құралдары бойынша және шетел мемлекеттерінің орталық үкіметтері шығарған (ұсынған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар бойынша толтырылмайды.
6 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар бойынша толтырылмайды.».