РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) тармақшасына және 26-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереженің 19-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті (С.К. Бралина) Жарияланымдар және ақпараттық технологиялар департаментімен (Д.Т. Жармұхамбетов) бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы Ю.К. Шоқамановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 20 мамырдағы № 113
бұйрығымен бекітілген
Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беру қағидаларын бекіту туралы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қағидалар уәкілетті органның өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдардың біржолғы сұрау салулары негізінде, ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты беру тәртібін регламенттейді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) – мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік орган;
2) электронды сандық қолтаңба – электронды сандық қолтаңба құралдары арқылы құрылған және электронды құжаттың нақтылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгертілмейтіндігін растайтын электронды сандық символдардың жиынтығы.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Мемлекеттік органдардың біржолғы сұрау салуларын
беру және қарастыру тәртібі
4. Мемлекеттік органдар уәкілетті органның ведомствосына ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде беруге біржолғы сұрау салуларды (бұдан әрі – ресми сұрау салулар) жолдайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Ресми сұрау салулар және оларға жауаптар қағаз жеткізгіште немесе электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда электронды түрде берілуі және:
1) почталық байланыс;
2) курьерлік жеткізілім;
3) электронды құжатайналымының бірыңғай жүйесі жеткізілуі мүмкін.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Ресми сұрау салулар талап етілетін статистикалық мәліметтердің құрамын бір мағыналы анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттардан тұруы тиіс (статистикалық көрсеткіштердің атауы, кезеңі, бөліністік).
7. Ресми сұрау салулар түскен күні құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тіркейді және жетекшілік ететін мәселелеріне сәйкес уәкілетті органның ведомствосы басшылығына (бұдан әрі – басшы) қарауға береді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Басшы ресми сұрау салуларға жауап дайындау және статистикалық ақпаратты беруге жауапты құрылымдық бөлімшені (бұдан әрі – жауапты бөлімше) анықтайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Егер сұралып жатқан статистикалық ақпарат бірнеше құрылымдық бөлімшеде әзірленетін болса, жауапты құрылымдық бөлімше болып, статистикалық ақпараттың және статистикалық жұмыстардың орындалуын жиынтықтауға жауапты құрылымдық бөлімше табылады.
10. Ресми сұрау салуларға жауапты қалыптастыру процесінде жауапты бөлімше қажетті ақпаратты ведомстволық бағынысты ұйымнан қызметінің мақсаты статистиканың барлық бөлімдері бойынша статистикалық деректер қорын қалыптастыру және жүргізу болып табылатын «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) сұратады және алады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Басшы сұрау салынған статистикалық ақпарат қоса берілген ілеспе хатқа қол қояды.
12. Құжат айналымын қамтамасыз ететін қызмет, жұмыс күнінен кешіктірмей қол қойылған құжат түскеннен кейін өтініш берушіге жолдайды.
3. Мемлекеттік органдардың біржолғы сұрау салулар бойынша статистикалық ақпаратты беруден бас тарту
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Ресми сұрау салуларға сәйкес статистикалық ақпаратты беруден бас тарту:
1) сұрау салу бойынша сұрау салынған статистикалық ақпаратты біркелкі анықтау мүмкін болмаған;
2) талап етілетін статистикалық ақпарат мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын мәліметтерді есептеу негізінде жиналмаған және алу мүмкін болмаған;
3) сұратылған статистикалық ақпарат құпия болып табылған жағдайларда рәсімделеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Егер ресми сұрау салулар сұратылатын статистикалық көрсеткіштердің құрамын біржақты айқындауға мүмкіндік бермеген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы талап етілетін мәліметтерді телефон арқылы нақтылайды. Бұл мәселені телефон арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы, мемлекеттік органның кейін қарау үшін ресми сұрау салуларды қайта енгізу туралы ескертпесімен, бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде бас тартады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Мемлекеттік органдардың біржолғы сұрау салуларды
қарастыру мерзімдері
15. Қарастыру үшін ведомстволық бағынысты ұйымнан ақпарат алуды талап етпейтін ресми сұрау салулар он бес күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Қарастыру үшін ведомстволық бағынысты ұйымнан ақпарат алуды талап ететін ресми сұрау салулар отыз күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Егер ресми сұрау салу бас тарту критерияларын қанағаттандыратын болса, жауапты бөлімше сұрау салуға 2 жұмыс күні ішінде ақпаратты ұсынуға бас тарту себебі көрсетілетін теріс жауапты дайындайды.