Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 113 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6283 болып енгізілді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) тармақшасына және 26-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереженің 19-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті (С.К. Бралина) Жарияланымдар және ақпараттық технологиялар департаментімен (Д.Т. Жармұхамбетов) бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы Ю.К. Шоқамановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                             Ә. Смайылов

Қазақстан Республикасы     
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 20 мамырдағы № 113 
бұйрығымен бекітілген    

Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген
және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну
графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық
деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты
өтеусіз негізде ұсыну ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы заңының 26 бабының 3 тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Ереже уәкілетті органның мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында олардың біржолғы сауалдары негізінде ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпараттарды беру тәртібін регламенттейді.
      3. Осы ережеде келесі негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
      1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      2) электронды сандық қолтаңба – электронды сандық қолтаңба құралдары арқылы құрылған және электронды құжаттың нақтылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгертілмейтіндігін растайтын электронды сандық символдардың жиынтығы.

2. Мемлекеттік органдардың біржолғы сұрау салуларын
беру және қарастыру тәртібі

      4. Мемлекеттік органдар уәкілетті органға ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректердің негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсынуға біржолғы сұрау салу (бұдан әрі – ресми сұрау салулар) жолдайды.
      5) Ресми сұрау салулар және оларға жауаптар қағаз тасымалдағыш арқылы немесе электронды-сандық қолтаңба болған жағдайда электронды түрде ұсынылуы мүмкін және:
      1) почталық байланыс;
      2) курьерлік жеткізілім;
      3) электронды құжатайналымының бірыңғай жүйесі;
      4) факстық байланыс құралдары арқылы жеткізілуі мүмкін.
      6. Ресми сұрау салулар талап етілетін статистикалық мәліметтердің құрамын бір мағыналы анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттардан тұруы тиіс (статистикалық көрсеткіштердің атауы, кезеңі, бөліністік).
      7. Ресми сұрау салу түскен күні құжаттық қамтамасыз ету қызметінде тіркеледі және жетекшілік ететін мәселелеріне сәйкес уәкілетті органның басшылығына (бұдан әрі – басшылық) қарауға беріледі.
      8. Басшы ресми сұрау салуларға жауап дайындау және статистикалық ақпаратты ұсынуға жауапты құрылымдық бөлімшені (бұдан әрі – жауапты бөлімше) анықтайды.
      9. Егер сұралып жатқан статистикалық ақпарат бірнеше құрылымдық бөлімшеде әзірленетін болса, жауапты құрылымдық бөлімше болып, статистикалық ақпараттың және статистикалық жұмыстардың орындалуын жиынтықтауға жауапты құрылымдық бөлімше табылады.
      10. Ресми сұрау салуға жауап дайындау барысында жауапты бөлімше қажетті ақпаратты қызметінің мақсаты статистиканың барлық бөлімдері бойынша статистикалық деректер қорын қалыптастыру және жүргізу болып табылатын «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан (бұдан әрі – «АЕО» РМК) сұратады және алады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 22.01.2014 № 8 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Басшы сұрау салынған статистикалық ақпарат қоса берілген ілеспе хатқа қол қояды.
      12. Құжат айналымын қамтамасыз ететін қызмет, жұмыс күнінен кешіктірмей қол қойылған құжат түскеннен кейін өтініш берушіге жолдайды.

3. Мемлекеттік органдардың біржолғы сұрау салулары
бойынша статистикалық ақпаратты ұсынудан бас тартуы

      13. Ресми сұрау салуға сәйкес статистикалық ақпаратты ұсынудан бас тарту келесі жағдайларда рәсімделеді:
      1) талап етілетін статистикалық ақпарат мемлекеттік статистика органдарымен қалыптастырылатын мәліметтердің есеп айырысуы негізінде жиналмаса және алына алмаса;
      2) талап етілетін статистикалық ақпарат мемлекеттік статистика органдарымен қалыптастырылатын мәліметтерді есептеу негізінде жиналынбайды және алынбаса;
      3) сұралған статистикалық ақпарат құпия болып табылса.
      14. Егер ресми сұрау салу статистикалық көрсеткіштердің құрамын бір мағыналы анықтауға мүмкіндік бермесе, уәкілетті орган талап етіліп жатқан мәліметтерді телефон арқылы нақтылайды. Бұл мәселені телефон арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік органның келесі жолы қарауға ресми сұрауды қайта енгізу ескертпемен бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша бас тарту жібереді.

4. Мемлекеттік органдардың біржолғы сұрау салуларды
қарастыру мерзімдері

      15. Қарастыру үшін «АЕО» РМК-дан ақпарат алуды талап етпейтін ресми сұрау салулар 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 22.01.2014 № 8 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. «АЕО» РМК-дан ақпарат алуды талап ететін ресми сұрау салулар 30 күнтізбелік күн ішінде қарастырылады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 22.01.2014 № 8 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Егер ресми сұрау салу бас тарту критерияларын қанағаттандыратын болса, жауапты бөлімше сұрау салуға 2 жұмыс күні ішінде ақпаратты ұсынуға бас тарту себебі көрсетілетін теріс жауапты дайындайды.