"Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы № 93-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 28 сәуірдегі N 127-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 31 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6264 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 176 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.05.2018 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын және 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 3536 нөмірмен тіркелген) 2005 жылғы 23 наурыздағы № 93-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын және 1-тармағының 3) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:";

      Сол жақтағы төменгі бұрыштағы "Келісілген: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық Комитетінің төрағасы 2005 жылғы 30 наурыз" деген сөздер алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Суды магистральдық құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесінде:

      1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:

      жетінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын пайдаланатын немесе пайдалануға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;";

      "уәкілетті орган - табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарық салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";

      оныншы абзацтағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      16-тармақта "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (бұдан әрі - Салық комитеті) және" деген сөздер алып тасталсын;

      17-тармақтағы және бүкіл мәтін бойынша "Салық комитеті,", "Салық комитеті", ", Салық комитеті", "Салық комитеті,", "және Салық комитетіне", ", Салық комитеті" деген сөздер алып тасталсын;

      18-тармақта "Салық комитеті, құзыретті орган" деген сөздер "Құзыретті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдары және су кәрізі жүйелері саласындағы реттеу департаменті осы бұйрықты заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Н. Алдабергенов

КЕЛІСІЛГЕН


Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі


А. Күрішбаев


2010 жылғы 26 сәуір


КЕЛІСІЛГЕН


Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі


Б. Жәмішев


2010 жылғы 27 сәуір