Қолданушылардың назарына!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2010 жылғы 2 сәуіріндегі 167-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет туралы ереженің 14-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: қараңыз.U101039
1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушыларының есептік тіркеу ережесі бекітілсін.
2. Атқарушылық іс жүргізуді ұйымдастыру департаменті және Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық-құқықтық қатынастар басқармасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның сот актілерін орындау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2010 жылдың 25 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Г. Ким
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі
комитет Төрағасының
2010 жылғы 26 сәуіріндегі
№ 01-01-31/144
бұйрығымен бекітілген
Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу ережесі
1. Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу шарттары мен тәртібін айқындайды.
2. Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеудің (бұдан әрі - есептік тіркеу) міндетті келу сипаты бар және тиісті атқарушылық округтің жеке сот орындаушылары туралы деректер банкін қалыптастыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеуден өткен және жеке сот орындаушыларының алқасына мүшелікке өткен адамды уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі - аумақтық орган) тіркеушілік есепке қоюға арналған.
3. Есептік тіркеуден өту үшін бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеуден өткен және жеке сот орындаушыларының алқасына мүшелікке өткен тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) аумақтық органға осы Ережеге сәйкес 1-қосымша нысаны бойынша өтініш береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) суретімен қоса кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұрғылықты жерін және байланыс телефондарын көрсетумен);
2) азаматтың жеке басын куәландыратын нотариалды куәландырылған құжатының көшірмесі;
3) атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы басқармасының өтініш берушіні жеке сот орындаушылары алқасына мүшелікке қабылдау туралы шешімінен үзінді көшірме;
5) егер өтініш беруші бұрын басқа атқарушылық округте атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда тиісті атқарушылық округте есептік тіркеуден шығару туралы аумақтық органның бұйрығының көшірмесі.
Есептік тіркеуге қою туралы өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық органда қаралады.
4. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша аумақтық орган өтініш берушіні есептік тіркеуге қою немесе есепке тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Осы Ереженің 3-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда есептік тіркеуге қоюдан бас тартылуы мүмкін.
Есептік тіркеуге қоюдан бас тарту аймақтық және уәкілетті органдарға немесе сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.
5. Өтініш берушіні есептік тіркеуге қою және оған қызмет аумағын айқындау туралы мәліметтер Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу кітабына (бұдан әрі - Кітап) енгізіледі (2-қосымша).
6. Кітап аумақтық органда жүргізіледі.
Кітаптағы парақтар нөмірленген, бау тағылған және аумақтық органның мөрімен бекітілген болуы тиіс.
Оған енгізілетін мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы және уақтылылығы үшін, сондай-ақ сақталуы үшін аумақтық органның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен айқындалған аумақтық органның қызметкері жауапты болады.
7. Есептік тіркеуден өткен адам (бұдан әрі - жеке сот орындаушысы) бір ай мерзімде аумақтық органға:
1) жеке сот орындаушыларының аумақтық органы мен өңірлік алқасы айқындаған қызмет аумағында үй-жайдың (кеңсе үшін) бар екендігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін (жалдау, сатып алу-сату шартын және тағы сол сияқты).
2) жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебіне қою куәлігінің нотариалды куәландырылған салық органымен берілген көшірмесін;
3) жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының нотариалды куәландырылған көшірмесін тапсырады.
8. Жеке сот орындаушысы жеке мөрін алғаннан кейін аумақтық орган он күн ішінде уәкілетті органға жеке сот орындаушысының жеке сауалнамасын жібереді (3-қосымша).
Жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты не оның кеңсесінің орналасқан жері өзгерген жағдайда аумақтық орган жеке сот орындаушысынан тиісті мәліметтер түскен күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға осы өзгерістер туралы мәліметтерді ұсынады.
Бұл ретте жеке сот орындаушысы өзінің тегі, аты, әкесінің аты не оның кеңсесінің сәйкесінше өзгергені туралы өзінің ақпаратында орын алған өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін аумақтық органға береді.
9. Жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу жеке сот орындаушысы лицензиясының қызмет етуін тоқтата тұру жағдайында Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдылығымен көзделген негіздер немесе уәкілетті органның талап-арызы бойынша сот тәртібімен, сонымен қатар Заңмен көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады және аумақтық органның бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ресімделеді.
Жеке сот орындаушысын есептік тіркеуден алу туралы мәліметтер Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу кітабына енгізіледі.
10. Аумақтық орган он күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органды жеке сот орындаушысының есептік тіркеуден алынғаны туралы хабардар етеді.
Жеке сот орындаушыларын
есептік тіркеу ережеге
1-қосымша
Нысан
Сот әкімшісі
_________________________
_________________________
_________________________
_________________________
Өтініш
___________________________________________________________
(бос орын пайда болған атқарушылық округтің
___________________________________________________________
әкімшілік-аумақтық бірлігі)
жеке сот орындаушысы ретінде есептік тіркеу жүргізуді сұраймын.
Осы өтінішке мыналарды қоса беремін:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________ ________________
(Қолы) (Т.А.Ә.)
20 ж. «___»_____________
Жеке сот орындаушыларын
есептік тіркеу ережеге
2-қосымша
Нысан
______________________(қаласының) облысының
жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу кітабы
Р/с |
Жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты |
Жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен берілген күні |
Мемлекеттік лицензияның нөмірі мен берілген күні |
Нотариалды палатаның мүшелігіне кірген күн |
Есептік тіркеуге қойылған күн |
Жеке сот орындаушысы қызметінің аумағы |
Жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жері |
Жеке сот орындаушысының үйінің мекенжайы |
Жеке сот орындаушылары өңірлік алқасының мүшелігінен шығарылған күн |
Есептік тіркеуден алынған күн |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Жеке сот орындаушыларын
есептік тіркеу ережеге
3-қосымша
Нысан
Жеке сот орындаушысының жеке сауалнамасы
Жалпы мәліметтер
1. Тегі ______________________________________________________
Аты _______________________________________________________
Әкесінің аты ______________________________________________
2. Туған күні ________________________________________________
(жылы, күні, айы)
3. Туған жері ________________________________________________
4. Білімі ____________________________________________________
(жоғары оқу орнының атауы және бітірген күні)
5. Дипломы бойынша мамандығы _________________________________
Диплом ____ж. «___»________________ № ________________________
6. Жалпы жұмыс өтілі _________________________________________
7. Заңгер мамандығы бойынша жұмыс өтілі ______________________
Оның ішінде атқарушылық іс жүргізу саласында _________________
8. Жеке сот орындаушылары алқасының мүшелігіне кірген күні____
басқа алқаларға мүшелігі _____________________________________
9. Есептік тіркелген күні ____________________________________
10. Сақтандыру компаниясының атауы және жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы шарт жасасқан күні
______________________________________________________________
_____________________________________________________________.
11. Жеке куәлігі (паспорты):
№ ________ кім берді __________ берілген күні ________________
13. Жеке сәйкестендіру коды (ЖСК) ________________
12. Үй мекенжайы _____________________________________________
______________________________________________________________
үй тел. ______________________________________
13. Кеңсенің мекенжайы _______________________________________
жұмыс тел. _______________
Мемлекеттік лицензияның нөмірі мен берілген күні |
Жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі |
Жеке сот орындаушысының қолының үлгісі |