Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерінің тізімі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлері;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтiрудi болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметiне айтарлықтай зиян келтiру қаупiнiң алдын алу мақсатында саны реттелуге тиiс түрлері;
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Күрішбаев |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 258 бұйрығына 1-қосымша |
Жануарлардың өзге де шаруашылық мақсаттарда (аң аулау мен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын түрлерiнің
тізбелері
№ р/с | Жануарлардың түрлері |
1. Сүт қоректілер: | |
1. | Шұбар мысық немесе дала мысығы |
2. | Қарақас |
2. Құстар: | |
1. | Кiшкене, қара мойын, қызыл мойын, сұржақ, үлкен сұқсыр, үлкен суқұзғын, үлкен көлбұқа, бақылдақ құтан, көкқұтан және сары құтан |
2. | Үлкен аққұтан |
3. | Маусымқұс, қошқылқанат және алтынжон татрең, шүрілдек, шаушүрiлдек, моңғол шүрiлдегi, сарысағақ шүрiлдек, шығыс шүрiлдегi, теңiз шүрілдегi, алқалы татрең, тасшырған, сутартар, тартар, кiшкене тартар, титтей тартар, қызылқасқа сутартар, дала қарақасы, қарала балшықшы, бұлыңғыр, фифи, үлкен балшықшы, шөпiлдек, тәкiлдек балшықшы, бұлақшы, мамырқұс, қайқытұмсық балшықшы, ақжал қалтқы, ақтамақ қалтқы, құмғақша, қызылмойын құмдауық, ұзынсаусақ құмдауық, аққұйрық құмдауық, қызылбауыр құмдауық, қаратөс құмдауық, сүйiрқұйрық құмдауық, құмқұс, тұнбашы, шалғын және дала қарақасы, сақиналы түркептер, сарыжағал қараторғай, сарытұмсық шауқарға, қараторғай, пайыз торғай, қызылтелпектi құнақ, көкқарға, бозторғайлар (айдарлы, теңбiлтөс, ұзынтұмсық, сұр, сор, дала бозторғайы, қараалқалы, аққанат, қара, құлақты), орман бозторғайы, егіс бозторғайы, шауторғай, қызылтұмсық шауқарға, алабажақ сайрауық |
4. | Қаршыға |
5. | Қырғи, маубас жапалақ, байғыз, жүнбалақ байғыз, құлақты жапалақ, саз жапалағы, жамансары |
3. Бауырымен жорғалаушылар: | |
1. | Орта Азия тасбақасы, саз тасбақасы |
2. | Ешкіемер, бат-бат кесiртке, жұмырбас құм кесiртке, сығыркөз |
3. | Бозша жылан |
4. | Өрнектi қарашұбар жылан, шығыс және құм жыланы |
5. | Көлбақа |
4. Балықтар: | |
1. | Орыс бекіресі |
2. | Пілмай |
3. | Парсы бекіресі |
4. | Шоқыр |
5. | Қортпа |
6. | Микижа |
7. | Сұр дөңмаңдай |
8. | Ақ амур |
9. | Сазан, тұқы |
10. | Ақ дөңмаңдай |
11. | Сырдария тасбекіресі |
12. | Жолақ үкішабақтектес |
13. | Ташкент үкішабақтектес |
14. | Үкішабақ |
15. | Жетісу гольяны |
16. | Көл гольяны |
17. | Кәдімгі гольян |
18. | Балқаш гольяны |
19. | Теңбіл кекіре |
20. | Кәдімгі кекіре |
21. | Қытай кекіресі |
22. | Шырма балық |
23. | Оңтүстік кішкентай шаншар балығы |
24. | Тоғызтікенекті шаншар балығы |
25. | Теңіз тебені |
26. | Хольбрук гамбузиясы |
27. | Жолақ үкішабақтектес |
28. | Ташкент үкішабақтектес |
29. | Медака |
5. Омыртқасыз су жануарлары: | |
1. | Артемия |
2. | Дафниялар |
3. | Сүлiктер |
4. | Гаммарус |
5. | Басқа да су омыртқасыздары |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 258 бұйрығына 2-қосымша |
Жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ
экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерiнің
тізбелері
№ р/с | Жануарлардың түрлері |
1. | Сирек кездесетін және жоғалып кету қауіпі бар жануарлардың түрлері |
2. | Балқаш алабұғасы – Балқаш - Алакөл бассейінінің эндемигі |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 258 бұйрығына 3-қосымша |
Жануарлардың халықтың денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай зиян келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс түрлерінің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 09.10.2020 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Жануарлардың түрлері |
1. Сүтқоректілер: | |
1. | Қасқыр |
2. | Шибөрі |
2. Құстар: | |
1. | Қарға |
2. | Үлкен суқұзғын |
3. Балықтар: | |
1. | Балқаш қара балығы |
2. | Кәдімгі қара балық |
3. | Қабыршақты көкбас |
4. | Қабыршақсыз көкбас |
5. | Кушакевич талма балығы (салпыерін) |
6. | Северцов талма балығы |
7. | Терс талма балығы |
8. | Тибет талма балығы |
9. | Сұр талма балығы |
10. | Біртүсті талма балық |
11. | Теңбіл талма балығы |
12. | Сібір шырма балығы |
13. | Кәдімгі шырма балық |
14. | Арал шырма балығы |
15. | Алдыңғы азиялық шырма балығы |
16. | Каспий шырма балығы |
17. | Каспий атеринасы |
18. | Қазақ қарақшысы |
19. | Бэр қарақшысы |
20. | Тікенекті қарақшы |
21. | Түйіршікті қарақшы |
22. | Гримм қарақшысы |
23. | Кесслер қарақшысы |
24. | Жіңішкебасты қарақшы |
25. | Жіңішкетұмсықты қарақшы |
26. | Каспий қарақшысы |
27. | Азов қарақшысы |
28. | Махмудбеков қарақшысы |
29. | Тікенекті қарақшы |
30. | Жұлдызша қарақшысы |
31. | Световидов қарақшысы |
32. | Каспиосома бұзаубас балығы |
33. | Берг бұзаубас балығы |
34. | Бубырь бұзаубас балығы |
35. | Ильин бұзаубас балығы |
36. | Книповичтің ұзынқұйрықты бұзаубас балығы |
37. | Қарашұбар бұзаубас балығы |
38. | Тереңдік бұзаубас балығы |
39. | Хвалын бұзаубас балығы |
40. | Каспий құмдауыт бұзаубас балығы |
41. | Қуғыншы бұзаубас балығы |
42. | Каспий - ұлкенбасты бұзаубас балығы |
43. | Жұмыр бұзаубас балығы |
44. | Ратан бұзаубас балығы |
45. | Шырман бұзаубас балығы |
46. | Мыжырайған бұзаубас балығы |
47. | Қытай бұзаубас балығы |
48. | Қытай шырма балығы |
49. | Медака |
50. | Амур үшеріні |
51. | Қытай элеотрисі |
52. | Көпқабыршақты анабарилиус |
53. | Сібір теңге балығы |
54. | Кәдімгі теңге балық |
55. | Кәдімгі қырлықұрсақ |
56. | Қара тыран |
57. | Қытай шабағы |
58. | Қарадақты кекіре |
59. | Кәдімгі кекіре |
60. | Қытай кекіресі |
61. | Балқаш гольяны |
62. | Мұртты талма балығы |
63. | Сібір талма балығы |
64. | Өзен абботинасы |