Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 16 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6217 болып енгізілді

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 3 ақпандағы № 21 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3495 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      4. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және өкілдігіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамына жіберсін.
      5. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                            Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2010 жылғы 29 наурыздағы
№ 16 қаулысымен    
бекітілді       

Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ
электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша
төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну
ережесі

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Осы Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесі (бұдан әрі – осы Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының, «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – банктер) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысандарын және мерзімдерін айқындайды..
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы Ережеде «Ақша төлемi мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1260 тіркелген «Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 24 тамыздағы № 331, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4468 тіркелген «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5189 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметiн көрсету ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 28 наурыздағы № 18 қаулыларында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) банктік киоск – өзіне-өзін қызмет көрсету режимінде, банктің банктік ақпарат жүйесіне қосылу арқылы немесе қолма-қол ақша беру (қабылдау), ақша төлемі мен аударымы бойынша операцияларды, шетел валютасын айырбастау операцияларын және банк операцияларының өзге түрлерін жүргізуді, оның ішінде төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізуді қоса алғанда, интернет-ресурсқа кіру арқылы ақпараттық-банктік қызмет көрсетуді алуға, сондай-ақ тиісті операцияларды жүргізу фактісін растайтын құжаттарды жасауға арналған электрондық-механикалық құрылғы;
      2) банктің қызмет көрсету желісі – банктің иелігіндегі, электрондық банк қызметін көрсету кезінде пайдаланылатын электрондық-механикалық құрылғылардың жиынтығы;
      3) басқа банктің қызмет көрсету желісі – кез келген басқа банктің иелігіндегі, электрондық банк қызметін көрсету кезінде пайдаланылатын электрондық-механикалық құрылғылардың жиынтығы;
      4) импринтер – төлем карточкасының бет жағына слиптегі таңба түсіруді орындау арқылы слиптерді ресімдеуге арналған механикалық құрылғы;
      5) қашықтан кіру жүйесі – төлем және өзге хабарларды өткізу үшін банкпен байланыс жасалатын арна;
      6) қолдан жасалған төлем карточкасы – заңсыз жолмен жасалған, ішінара немесе толық қолдан жасалған төлем карточкасы;
      7) қосарланған прокат – төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылған бір операция бойынша бірнеше чекті ресімдеу;
      8) қосымша төлем карточкасы – клиенттің сенім білдірілген тұлғасының атына эмиссияланған төлем карточкасы;
      9) кредиттік лимиті бар дебеттік төлем карточкасы – төлем карточкасын беру және қызмет көрсету шартына сәйкес не ұстаушының келесі өтінімі бойынша эмитент берген заем сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігі берілетін дебеттік төлем карточкасы;
      10) негізгі төлем карточкасы – ұстаушысы клиент болып табылатын төлем карточкасы;
      11) POS-терминал – төлем карточкасын пайдалану және банктің банктік ақпарат жүйесімен қосылу арқылы тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін, оның ішінде POS-терминал орнатылған банкке ақы төлеу, сондай-ақ қолма-қол ақша беру жүзеге асырылатын электрондық-механикалық құрылғы;
      12) сауда нүктесі – тауарлар және қызмет көрсету үшін ақы төлеуді жүзеге асыруға арналған POS-терминалдың орналасқан жері;
      13) төлем карточкаларын пайдалана отырып алаяқтық операциялар – төлем карточкасын, оның деректемелерін, қолдан жасалған төлем карточкасын немесе өзге заңсыз тәсілді пайдалана отырып, төлем карточкасының ұстаушысы немесе үшін тұлға жасаған заңсыз қолма-қол емес төлемдер, ақша аударымдары және/немесе қолма-қол ақша беру бойынша операциялар;
      14) төлем карточкасының сәйкестендіру нөмірі – төлем карточкасындағы, эмитент осы төлем карточкасын сәйкестендіру мақсатында қолданатын цифрлардың комбинациясы.
      3. Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерге:
      1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес № 1 нысан бойынша электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер;
      2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес № 2 нысан бойынша айналыстағы төлем карточкаларының саны туралы мәліметтер;
      3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес № 3 нысан бойынша төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер;
      4) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес № 4 нысан бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер;
      5) осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес № 5 нысан бойынша аймақтар бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер;
      6) осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес № 6 нысан бойынша төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған алаяқтық операциялардың көлемі туралы мәліметтер;
      7) осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес № 7 нысан бойынша электрондық ақша эмитенті агенттерінің және электрондық ақша иелерінің саны туралы мәліметтер;
      8) осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес № 8 нысан бойынша электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер;
      9) осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес № 9 нысан бойынша айналыстағы электрондық ақшаның саны және электрондық ақшаны шығару мен өтеу бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер;
      10) осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес № 10 нысан бойынша электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны иемдену және өткізу бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер кіреді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Банктер Ұлттық Банкке:
      1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 7-нен кешіктірмей осы Ереженің 3-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көзделген;
      2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 7-нен кешіктірмей осы Ереженің 3-тармағының 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген мәліметтерді ұсынады.
      Ескерту. 4-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Төлем карточкаларының эмитенттері Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген мәліметтерді ұсынады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5-1. Электрондық ақша эмитенттері Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген мәліметтерді ұсынады.
      Ескерту. Ережені 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Төлем карточкаларының эмитенттері болып табылмайтын эквайерлер Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген мәліметтерді ұсынады.
      7. Басқа банктерден POS-терминалдарды және/немесе импринтерлерді пайдалану үшін алған және кәсіпкерлермен төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін шарт жасаған банк Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген операциялар туралы мәліметтерді ұсынады.
      8. Басқа банктерден банкоматтарды және банктік киоскілерді пайдалану үшін алған банк Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 1), 3)-5) тармақшаларында көзделген операциялар туралы мәліметтерді ұсынады.
      9. Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттері шығарған төлем карточкаларын тарататын Қазақстан Республикасының банктері Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәліметтерді ұсынады.
      10. Төлем карточкаларының эмитенттері және/немесе эквайерлері болып табылмайтын, электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйесі арқылы клиенттерге электрондық банк қызметін көрсететін банктер Ұлттық Банкке осы Ереженің 3-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәліметтерді ұсынады.
      11. Есепті кезеңде қызмет көрсету желісінде басқа банктердің төлем карточкаларын ұстаушыларына қызмет көрсетілген банктер, оның ішінде процессингті жүзеге асыратын банктер төлем карточкаларының эмитенттері банктерге осы Ереженің 3-тармағының 3-6) тармақшаларында көзделген мәліметтерді ұсынады.
      12. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ол бойынша мәліметтер операция жүргізу сәтіндегі валюталардың нарықтық айырбастау бағамы бойынша тенгеде қайта есептеліп ұсынылады.
      13. Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтер Ұлттық Банкке Ұлттық Банк белгілеген ақпарат беру форматтарында электрондық тәсілмен ұсынылады.
      14. Есепті кезең үшін осы Ереженің 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген мәліметтер болмаған жағдайда банктер Ұлттық Банкке есепті кезеңнен кейінгі айдың 7-нен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.

Электрондық терминалдар мен қашықтан 
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне   
1-қосымша             

№ 1 нысан

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер
_________________________________
банктің атауы
20___ жылғы «_____» ________________
       күні        айы

Облыстың (қаланың) атауы

POS-терминалдар саны (бірлік)

Импринтерлер саны (бірлік)

Банкоматтар саны (бірлік)

Банктік киоскілердің саны (бірлік)

Сауда нүктелерінің саны (бірлік)

Кәсіпкерлердің саны (бірлік)

банктердегі

кәсіпкерлердегі

банктердегі

кәсіпкерлердегі

қолма-қол ақша беру функциясымен

қолма-қол ақша беру және қабылдауфункциясымен

төлем карточкаларын пайдалану мүмкіндігінсіз

төлем карточкаларын пайдалану мүмкіндігімен

төлем карточкаларын пайдалану мүмкіндігімен және қолма-қол ақша қабылдау (беру) функциясымен

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Ақмола












Ақтөбе












Алматы












Атырау












Шығыс Қазақстан












Жамбыл












Батыс Қазақстан












Қарағанды












Қостанай












Қызылорда












Маңғыстау












Павлодар












Солтүстік Қазақстан












Оңтүстік Қазақстан












Алматы қаласы












Астана қаласы












      Басшы     ___________________________________
                           (аты-жөні)
      Орындаушы ___________________________________ _________________
                           (аты-жөні)                    телефоны
      20__ жылғы «___» _______________

Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. Осы Мәліметтердің 2-10-бағандарында көзделген, электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер жабдықтың орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
      2. 2 және 3-бағандарда банктің POS-терминалдарының саны есепті айдың соңғы күніне, орналасқан жері бойынша (банктерде немесе кәсіпкерлерде) көрсетіледі.
      3. 4 және 5-бағандарда банктің импринтерлерінің саны есепті айдың соңғы күніне, орналасқан жері бойынша (банктерде немесе кәсіпкерлерде) көрсетіледі.
      4. 6 және 7-бағандарда банктің банкоматтарының саны есепті айдың соңғы күніне, функционалдық мүмкіндіктері бойынша көрсетіледі.
      5. 8, 9 және 10-бағандарда банктік киоскілердің саны есепті айдың соңғы күніне, функционалдық мүмкіндіктері бойынша көрсетіледі.
      6. 11-бағанда POS-терминалдар орнатылған сауда нүктелерінің саны есепті айдың соңғы күніне, сауда нүктелерінің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
      7. 12-бағанда эквайермен төлем карточкаларына қызмет көрсету шартын жасаған кәсіпкерлердің саны есепті айдың соңғы күніне, кәсіпкердің орналасқан жері бойынша көрсетіледі.

Электрондық терминалдар мен қашықтан 
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне   
2-қосымша             

№ 2 нысан

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Айналыстағы төлем карточкаларының саны туралы мәліметтер
_________________________________
банктің атауы
20___ жылғы «_____» ________________
      күні        айы

Облыстың (қаланың) атауы

Төлем карточкасы жүйесінің атауы

Айналыстағы төлем карточкаларының саны (бірлік)

Пайдаланылған төлем карточкаларының саны (бірлік)

Төлем карточкаларын ұстаушылардың саны (адам)

дебеттік

кредиттік лимиті бар дебеттік

кредиттік

алдын ала төленген

дебеттік

кредиттік лимиті бар дебеттік

кредиттік

алдын ала төленген

дебеттік

кредиттік лимиті бар дебеттік

кредиттік

алдын ала төленген

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Ақмола














Ақтөбе














Алматы














Атырау














Шығыс Қазақстан














Жамбыл














Батыс Қазақстан














Қарағанды














Қостанай














Қызылорда














Маңғыстау














Павлодар














Солтүстік Қазақстан














Оңтүстік Қазақстан














Алматы қаласы














Астана қаласы














Қазақстан Республикасынан тысқары














      Басшы     ___________________________________
                           (аты-жөні)
      Орындаушы ___________________________________ _________________
                           (аты-жөні)                   телефоны
      20__ жылғы «___» _______________

Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. 2-бағанда мәлімет ұсынылатын төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі.
      2. 3-6-бағандарда айналысқа шығарылған төлем карточкаларының саны есепті айдың соңғы күніне, негізгі және қосымша төлем карточкалары ескеріле отырып көрсетіледі.
      3. 7-10-бағандарда операциялар жүргізу және ақпараттық-банктік қызмет көрсетулер алу үшін есепті айда пайдаланылған төлем карточкаларының саны негізгі және қосымша төлем карточкалары ескеріле отырып көрсетіледі. Есепті айда бірнеше рет пайдаланылған төлем карточкасы бір рет көрсетіледі.
      4. 11-14-бағандарда төлем карточкаларын ұстаушылардың саны есепті айдың соңғы күніне көрсетіледі.
      5. «Қазақстан Республикасынан тысқары» деген жолда банк шетелде таратқан төлем карточкалары бойынша мәліметтер көрсетіледі.

Электрондық терминалдар мен қашықтан 
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне   
3-қосымша              

№ 3 нысан

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша
операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер
_________________________________
банктің атауы
20___ жылғы «_____» ________________
       күні        айы

Операция жүргізу ортасы

Төлем карточкасы жүйесінің атауы

Операция белгісі

Қолма-қол ақша беру бойынша операциялар

Саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

1

2

3

4

5

      Басшы     _________________________
                        (аты-жөні)
      Орындаушы _________________________ _________________
                        (аты-жөні)             телефон
      20__ жылғы «___» _______________

Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. Төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер тұтастай алғанда, банк бойынша ұсынылады.
      2. 1-бағанда операция жүргізудің тиісті ортасы көрсетіледі:
      1) банкомат;
      2) POS–терминал;
      3) импринтер;
      4) банктік киоск.
      3. 2-бағанда төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі, ол бойынша мәліметтер ұсынылады. Халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкасын пайдалана отырып, осы төлем жүйесіне хабарламалар жібермей-ақ, операциялар жүргізілген жағдайда, 2-бағанда төлем карточкасы жүйесі атауының орнына - «H2H»- байланыс арнасы көрсетіледі.
      4. 3-бағанда операцияға сәйкес келетін белгі көрсетіледі (банк шотынан ақшаны есептен шығарған кезде), ол бойынша мәліметтер ұсынылады:
      I - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;
      II - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасының басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;
      III - банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасынан тысқары басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;
      IV – банктің төлем карточкаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының эмитенттері шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;
      V - Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттері шығарған, сондай-ақ эмитенттері Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын банктер тарататын төлем карточкаларын пайдалана отырып, банктің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;
      5. 4 және 5-бағандарда осы Мәліметтердің 4-тармағына сәйкес номерге, тиісті операцияға сәйкес төлем карточкалары бойынша қолма-қол ақшаны беру бойынша жүргізілген операциялар саны және сомасы көрсетіледі.

Электрондық терминалдар мен қашықтан 
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне   
4-қосымша                 

№ 4 нысан

     Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер
_________________________________
банктің атауы
20___ жылғы «_____» ________________
       күні        айы

Операцияның түрі

Операция жүргізу ортасы

Төлем карточкасын пайдалана отырып

Төлем карточкаларын пайдаланбай қолма-қол ақшаны салу арқылы

Төлем карточкаларын пайдаланбай банк шотынан ақша аудару арқылы

Төлем карточкасы жүйесінің атауы

Операция белгісі

Операциялар саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

Операциялар саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

Операциялар саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Басшы     ____________________________________
                            (аты-жөні)
      Орындаушы ____________________________________ ________________
                            (аты-жөні)                   телефоны
      20__ жылғы «___» _______________

Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. Операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер төлем карточкаларын пайдалана отырып, сондай-ақ оларды электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақша салу, электрондық терминалдарды және қашықтан кіру жүйесін пайдалану бойынша банк шотынан ақша аудару арқылы пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын төлемдер және ақша аударымы бойынша беріледі.
      2. 1-бағанда операциялардың мынадай түрлері көрсетіледі:
      1) тауарларға және материалдық емес құндылықтарға ақы төлеу;
      2) коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеу;
      3) ұялы байланыс операторларының қызметіне ақы төлеу;
      4) «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қызметіне ақы төлеу;
      5) кабельдік теледидарға ақы төлеу;
      6) салық төлемдері:
      7) кеден төлемдері;
      8) сақтандыру;
      9) заемдар беру;
      10) заемдарды өтеу;
      11) сыйақы төленетін салымдарды орналастыру;
      12) сыйақы төленетін салымдарды алу;
      13) клиенттің бір банк шотынан басқа банк шотына аударымдар;
      14) банк шотын қолма-қол ақша салу арқылы толықтыру;
      15) ақша төлемі мен аударымының өзге түрлері.
      3. 2-бағанда операциялар жүргізудің тиісті ортасы көрсетіледі:
      Төлем карточкаларын пайдалану кезінде:
      1) банкомат;
      2) POS-терминал;
      3) импринтер;
      4) банктік киоск;
      5) интернет-ресурс;
      6) ұялы телефон;
      7) өзге де құрылғы немесе қашықтан кіру жүйесі (атауы).
      Төлем карточкаларын пайдаланбай:
      1) банктік киоск;
      2) интернет-ресурс;
      3) ұялы телефон;
      4) өзге де құрылғы немесе қашықтан кіру жүйесі (атауы).
      4. 3-6-бағандарда төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымы бойынша мәліметтер көрсетіледі.
      5. 3-бағанда төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі, ол бойынша мәліметтер ұсынылады. Халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, осы төлем жүйесіне хабарламалар жібермей-ақ, операциялар жүргізілген жағдайда, 3-бағанда төлем карточкасы жүйесі атауының орнына - «H2H»- байланыс арнасы көрсетіледі.
      6. 4-бағанда операцияға сәйкес келетін белгі көрсетіледі (банк шотынан ақшаны есептен шығарған кезде), ол бойынша мәліметтер ұсынылады:
      I – банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;
      II – банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасының басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;
      III – банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасынан тысқары басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;
      IV – банктің төлем карточкаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының эмитенттері шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;
      V – Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттері шығарған, сондай-ақ эмитенттері Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын Қазақстан Республикасының банктері тарататын төлем карточкаларын пайдалана отырып, банктің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар.
      7. 5 және 6-бағандарда осы Мәліметтердің 6-тармағына сәйкес номерге, тиісті операцияға сәйкес төлем карточкалары бойынша қолма-қол ақшаны беру бойынша жүргізілген операциялар саны және сомасы көрсетіледі.
      8. 7 және 8-бағандарда осы Мәліметтердің 6-тармағына сәйкес номерге, тиісті операцияға сәйкес электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақшаны салу бойынша төлем карточкаларын пайдаланбай жүзеге асырылған операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.
      9. 9 және 10-бағандарда осы Мәліметтердің 6-тармағына сәйкес номерге, тиісті операцияға сәйкес электрондық терминалдарды және қашықтан кіру жүйесін пайдалану бойынша банк шотынан ақша аудару арқылы төлем карточкаларын пайдаланбай жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымының саны және сомасы көрсетіледі.

Электрондық терминалдар мен қашықтан 
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне   
5-қосымша                

№ 5 нысан

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Аймақтар бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер
_________________________________
банктің атауы
20___ жылғы «_____» ________________
      күні        айы

Облыстың (қаланың) атауы

Операция жүргізу ортасы

Төлем карточкасын пайдалана отырып

Төлем карточкаларын пайдаланбай қолма-қол ақшаны салу арқылы

Төлем карточкаларын пайдаланбай банк шотынан ақша аудару арқылы

Қолма-қол жасалмайтын төлемдер

Қолма-қол ақша беру бойынша операциялар

Операциялар саны (бірлік)

сомасы

(мың теңге)

Операциялар саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

Операциялар саны (бірлік)

сомасы (мың теңге)

Операциялар саны (бірлік)

сомасы

(мың теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Ақмола










Ақтөбе










Алматы










Атырау










Шығыс Қазақстан










Жамбыл










Батыс Қазақстан










Қарағанды










Қостанай










Қызылорда










Маңғыстау










Павлодар










Солтүстік Қазақстан










Оңтүстік Қазақстан










Алматы қаласы










Астана қаласы










      Басшы     ___________________________________
                            (аты-жөні)
      Орындаушы ___________________________________ _________________
                            (аты-жөні)                   телефоны
      20__ жылғы «___» _______________

Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. Аймақтар бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер төлем карточкаларын пайдалана отырып, сондай-ақ электрондық терминалдарды және қашықтан кіру жүйесін пайдалану бойынша банк шотынан ақша аудару арқылы төлем карточкаларын пайдаланбай жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымдары, сондай-ақ қолма-қол ақша беру операциялары бойынша ұсынылады.
      2. Мәліметтер операция жүргізу үшін пайдаланылған жабдықтың тұрған жері бойынша көрсетіледі. Операциялар интернет-ресурсы, ұялы телефон немесе өзге де қашықтан кіру жүйесі арқылы жүргізілген жағдайда, мәліметтер банктің ақпарат жүйесіндегі клиенттің банк шотын ағымдағы жүргізу орны бойынша көрсетіледі.
      3. 2-бағанда операциялар жүргізудің тиісті ортасы көрсетіледі:
      Төлем карточкаларын пайдалану кезінде:
      1) банкомат;
      2) POS-терминал;
      3) импринтер;
      4) банктік киоск;
      5) интернет-ресурс;
      6) ұялы телефон;
      7) өзге де құрылғы немесе қашықтан кіру жүйесі (атауы).
      Төлем карточкаларын пайдаланбай:
      1) банктік киоск;
      2) интернет-ресурс;
      3) ұялы телефон;
      4) өзге де құрылғы немесе қашықтан кіру жүйесі (атауы).
      4. 3-6-бағандарда қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымдары бойынша операциялардың, төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі. Көрсетілген бағандарда көзделген операциялардың саны және сомасы операциялардың мынадай белгілері бойынша операциялардың санына және сомасына қосу арқылы есептелінеді (банк шотынан ақшаны есептен шығару кезінде):
      I – банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;
      IV – банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасының басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;
      V – Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттері шығарған, сондай-ақ эмитенттері Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын Қазақстан Республикасының банктері тарататын төлем карточкаларын пайдалана отырып, банктің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;
      5. 7 және 8-бағандарда электрондық терминалдар арқылы қолма-қол ақшаны салу бойынша төлем карточкаларын пайдаланбай жүзеге асырылған төлемдер саны және сомасы көрсетіледі.
      6. 9 және 10-бағандарда электрондық терминалдарды және қашықтан кіру жүйесін пайдалану бойынша банк шотынан ақша аудару арқылы төлем карточкаларын пайдаланбай жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымының саны және сомасы көрсетіледі.

Электрондық терминалдар мен қашықтан 
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне   
6-қосымша            

№ 6 нысан

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған алаяқтық
операциялардың көлемі туралы мәліметтер
_________________________________
банктің атауы
20___ жылғы «_____» ________________
      күні       айы 

Төлем карточкасы жүйесінің атауы

Операция жүргізу күні

Алаяқтық тәсілі

Операцияның түрі

Операция жүргізу ортасы

Операция белгісі

Жүргізілген операция сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

      Басшы     _________________________
                         (аты-жөні)
      Орындаушы _________________________ _________________
                         (аты-жөні)            телефон
      20__ жылғы «___» _______________

Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған алаяқтық операциялар туралы мәліметтерде тоқтатылған алаяқтық операцияларын қоспағанда, төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген алаяқтық операциялардың көлемі көрсетіледі. Мәліметтер әрбір операция бойынша жеке көрсетіледі және эмитент банк немесе эквайер операцияны алаяқтық операция деп белгілеген уақыттың есепті кезеңіне жатқызылады.
      2. 1-бағанда төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі, ол бойынша мәліметтер ұсынылады. Халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкасын пайдалана отырып, осы төлем жүйесіне хабарламалар жібермей-ақ, операциялар жүргізілген жағдайда, 1-бағанда төлем карточкасы жүйесі атауының орнына «H2H» байланыс арнасы көрсетіледі.
      3. 2-бағанда операция жүргізу күні көрсетіледі.
      4. 3-бағанда алаяқтық тәсілдері көрсетіледі:
      1 – жоғалған, ұрланған төлем карточкалары;
      2 – шығару және қайта шығару кезінде төлем карточкасының ұстаушысы алмаған төлем карточкалары;
      3 – қолдан жасалған төлем карточкалары;
      4 – қосарланған прокат;
      5 - почта, телефон, интернет-ресурс бойынша тапсырыс;
      6 – басқалары.
      5. 4-бағанда операциялардың түрлері көрсетіледі:
      A – қолма-қол жасалмайтын төлемдер;
      B – қолма-қол ақша беру бойынша операциялар.
      6. 5-бағанда операция жүргізу ортасы көрсетіледі:
      A - банкомат;
      B - pos-терминал;
      C - импринтер;
      D – интернет-ресурс;
      E – банктік киоск;
      F – ұялы телефон.
      G – өзге де құрылғы немесе қашықтан кіру жүйесі (атауы).
      7. 6-бағанда мәліметтер ұсынылатын тиісті операцияның белгісі көрсетіледі:
      I – банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар немесе төлем карточкаларын шығару үшін қолданылатын банктің сәйкестендіру нөміріне сәйкес келетін нөмір;
      II – банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасының басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар немесе төлем карточкаларын шығару үшін қолданылатын банктің сәйкестендіру нөміріне сәйкес келетін нөмір;
      III – банк шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстан Республикасынан тысқары басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар немесе төлем карточкаларын шығару үшін қолданылатын банктің сәйкестендіру нөміріне сәйкес келетін нөмір;
      V – Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттері шығарған, сондай-ақ эмитенттері Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын банктер тарататын төлем карточкаларын пайдалана отырып, банктің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар немесе төлем карточкаларын шығару үшін қолданылатын банктің сәйкестендіру нөміріне сәйкес келетін нөмір;
      8. 7-бағанда төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген алаяқтық операцияның сомасы көрсетіледі.

Электрондық терминалдар мен қашықтан 
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне   
7-қосымша             

      Ескерту. Ереже 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

№ 7 нысан

Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және электрондық ақша
иелерінің саны туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
банктің атауы

20___ жылғы «___» _______________
       күні       айы

Электрондық ақша жүйесінің атауы

Электрондық ақша эмитенті агенттерінің саны

Электрондық ақша иелері – жеке тұлғалардың саны

Электрондық ақшаны ақы төлеуге қабылдайтын дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың саны

Барлығы

Активті

Барлығы

Активті

Сәйкестендірілген

Барлығы

Активті

1

2

3

4

5

6

7

8









Басшы     ______________________________________
           (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

Орындаушы ______________________________________     ___________
           (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)       телефоны

20__ жылғы «___» _____________

Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. 1-бағанда Мәліметтер ұсынылатын электрондық ақша жүйесінің атауы көрсетіледі.
      2. 2-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніне электрондық ақша эмитенті агенттерінің саны көрсетіледі.
      3. 3-бағанда есепті тоқсан ішінде электрондық ақшаны иемденуді немесе өткізуді жүзеге асырған электрондық ақша эмитенті агенттерінің саны көрсетіледі.
      4. 4-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніне электрондық ақша иелері – жеке тұлғалардың саны көрсетіледі.
      5. 5-бағанда есепті тоқсан ішінде электрондық ақшамен операциялар жүргізген электрондық ақша иелері – жеке тұлғалардың саны көрсетіледі.
      6. 6-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніне электрондық ақша эмитенті сәйкестендірген электрондық ақша иелері – жеке тұлғалардың саны көрсетіледі.
      7. 7-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніне электрондық ақшаны төлем жасауға қабылдайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.
      8. 8-бағанда есепті тоқсанда электрондық ақшамен операциялар жүргізген электрондық ақшаны төлем жасауға қабылдайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.
      9. 7 және 8-бағандарда электрондық ақшаны төлем жасауға қабылдайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ретінде Мәліметтерді берген эмитентпен немесе тиісті электрондық ақша жүйесінің өзге қатысушысымен шарт жасаған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар түсініледі.

Электрондық терминалдар мен қашықтан 
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне   
8-қосымша             

      Ескерту. Ереже 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

№ 8 нысан

Электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялардың
саны мен көлемі туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
банктің атауы

20___ жылғы _______________ үшін
      тоқсан

Электрондық ақша жүйесінің атауы

Операция жүргізу ортасы

Электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялар

Жеке тұлғалардың пайдасына

Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалардың пайдасына

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

Басшы     ______________________________________
           (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

Орындаушы ______________________________________     __________
           (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)       телефоны

20__ жылғы «___» _____________

Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. 1-бағанда Мәліметтер ұсынылатын электрондық ақша жүйесiнiң атауы көрсетiледi.
      2. 2-бағанда операция жүргiзудiң тиiстi ортасы көрсетiледi:
      1) интернет-ресурс;
      2) мобильді телефон;
      3) электрондық терминалдар;
      4) өзге де.
      3. 3 және 4-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақшаны пайдалана отырып жеке тұлғалардың пайдасына жеке тұлғалар жүргізген операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.
      4. 5 және 6-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақшаны пайдалана отырып дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың пайдасына жеке тұлғалар жүргізген операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.

Электрондық терминалдар мен қашықтан 
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне   
9-қосымша             

      Ескерту. Ереже 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

№ 9 нысан

Айналыстағы электрондық ақшаның саны туралы және электрондық
ақшаны шығару мен өтеу бойынша операциялардың саны және көлемі
туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
банктің атауы

20___ жылғы _______________ үшін
       тоқсан

Электрондық ақша иелері

Электрондық ақша жүйесінің атауы

Айналыстағы электрондық ақшаның барлығы (теңге)

Электрондық ақшаны шығару

Электрондық ақшаны өтеу

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

Электрондық ақша эмитентінің агенттері







Жеке тұлғалар







Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар







Басшы     ______________________________________
           (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

Орындаушы ______________________________________     __________
           (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)       телефоны

20__ жылғы «___» _____________

Мәліметтерді толтыру бойынша түсініктемелер

      1. 2-бағанда Мәліметтер ұсынылатын электрондық ақша жүйесiнiң атауы көрсетiледi.
      2. 3-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніне шығарылған электрондық ақша сомасы көрсетіледі.
      3-баған электрондық ақша эмитентінің агенттері, жеке тұлғалар, есепті тоқсанның соңғы күніне электрондық ақшаның иесі болып табылатынына байланысты дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бойынша толтырылады.
      3. 4 және 5-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақша шығарылымы бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.
      4 және 5-бағандар электрондық ақша эмитентінің агенттері және электрондық ақша берілгеніне байланысты жеке тұлғалар бойынша толтырылады.
      4 және 5-бағандар дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бойынша толтырылмайды.
      4. 6 және 7-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақшаны өтеу бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.
      6 және 7-бағандар электрондық ақша эмитентінің агенттері, жеке тұлғалар, электрондық ақшаның оларды өтеу кезінде иесі болып табылатынына байланысты дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бойынша толтырылады.

Электрондық терминалдар мен қашықтан 
кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық
ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған
ақша төлемдері мен аударымдары бойынша
мәлiметтердi ұсыну ережесіне   
10-қосымша             

      Ескерту. Ереже 10-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 268 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

№ 10 нысан

Электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны
иемдену және өткізу бойынша операциялардың саны мен көлемі
туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
банктің атауы

20___ жылғы _______________ үшін
       тоқсан

Электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны өткізуі

Электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны иемденуі

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

Операциялар саны

Сомасы (теңге)

1

2

3

4

Басшы     ______________________________________
           (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

Орындаушы ______________________________________     __________
           (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)       телефоны

20__ жылғы «___» _____________

Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірмелер

      1. 1 және 2-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны жеке тұлғаларға өткізуі бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.
      2. 3 және 4-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны жеке тұлғалардан иемденуі бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.