Төлем карточкалары бойынша мәліметтер жасау және ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 3 ақпандағы N 21 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 16 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3495. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 16 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007.03.19 N 60 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148  Заңы 27-бабы 1 тармағы 21) тармақшасы мен "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213  Заңы 28-бабы негiзiнде облыс әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Бюджеттiк саланың бiлiктi қызметкерлер мен мамандарға сұранысын болжау жөнiнде комиссия құру туралы" облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы  N 31 қаулысына (тiркеу N 1160 2004 жыл 25 ақпан, "Солтүстiк Қазақстан" 2004 жыл 1 наурыз, "Северный Казахстан" 2004 жыл 1 наурыз) мына өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1 тармақта:
      "қосымшаға сәйкес құрамда" деген сөздер алып тасталсын;
      облыс әкiмдiгiнiң жоғарыда аталған қаулысымен бекiтiлген Бюджеттiк саланың бiлiктi қызметкерлер мен мамандарға сұранысын болжау жөнiндегi комиссия туралы ереженiң 1.5. тармағында "еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" деген сөздер "Солтүстiк Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Облыс әкiмi