Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы N 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 6 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6208 болып енгізілді. Күші жойылды - Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен.

Күшін жойған

      Күші жойылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.01.31 № 3 қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есепті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2002 жылғы 30 шілдедегі № 275 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1973 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
      1-тарауда:
      7-тармақта:
      1458-шоттар тобындағы 1458 нөмірі 1460 нөмірімен ауыстырылсын;
      1480-шоттар тобынан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен толықтырылсын:
      «1490 «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да
            борыштық құралдар»;
      1890-шоттар тобының аты «операциялар» деген сөзден кейін «және дилингтік операциялар» деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақта:
      2030-шоттар тобының аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «2030 Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан
            Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және
            ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар»;
      2890-шоттар тобының аты «операциялар» деген сөзден кейін «және дилингтік операциялар» деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақта:
      4200-шоттар тобының аты «Бағалы» деген сөздер «Пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша есептелетін бағалы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4450-шоттар тобының аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «4450 Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша сыйақы алумен
            байланысты кірістер»;
      4480-шоттар тобынан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен толықтырылсын:
      «4490 «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да
            борыштық құралдар бойынша сыйақы алумен байланысты
            кірістер»;
      11-тармақта:
      5030-шоттар тобының аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «5030 Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан
            Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және
            ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша
            сыйақы төлеумен байланысты шығыстар»;
      2-тарауда:
      1052-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «1053 Ипотекалық ұйымдардың банктердегі ағымдағы шоттары»;
      1054-шоттың атында «бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер» деген сөздер «және ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1202-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «1202 Пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша есептелетін
            бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек»;
      1204 «Бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер», 1207 «Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есептелетін бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушылар есептеген сыйақы» шоттарының нөмірлері мен аттары алынып тасталсын;
      1450-шоттар тобының атынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «1451 Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша шығындарды
            жабуға арналған резервтер (провизиялар)»;
      1455 «Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушыларға есептелген сыйақы», 1458 «Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары» шоттарының нөмірлері мен аттары алынып тасталсын;
      1458-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен және шоттар тобымен толықтырылсын:
      «1459 Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен
            берешек
      1460 Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары
      1461 Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары
      1462 Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары бойынша
           мерзімі өткен берешек
      1463 Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары бойынша
           шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)»;
      1476-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «1477 Еншілес және қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар бойынша
            шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)»;
      1484 «Өтелгенге дейінгі ұсталатын бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушылар есептеген сыйақы» шотының нөмірі және аты алынып тасталсын;
      1484-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен және шоттар тобымен толықтырылсын:
      «1485 Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі
            өткен берешек
      1486 Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша
           шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)
      1490 «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да
           борыштық құралдар
      1491 «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да
           борыштық құралдар
      1492 «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да
           борыштық құралдар бойынша дисконт
      1493 «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да
           борыштық құралдар бойынша сыйлықақы
      1494 «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да
           борыштық құралдар бойынша мерзімі өткен берешек
      1495 «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да
           борыштық құралдар бойынша шығындарды жабуға арналған
           резервтер (провизиялар)»;
      1749-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «1750 Бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы»;
      1756-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «1757 «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да
            борыштық құралдар бойынша есептелген кірістер»;
      1890-шоттар тобының аты «операциялар» деген сөзден кейін «және дилингтік операциялар» деген сөздермен толықтырылсын;
      2030-шоттар тобының және 2036-шотының аттары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2030 Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан
            Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және
            ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар»;
      «2036 Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан
            Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және
            ұлттық басқарушы холдингтен алынған ұзақ мерзімді
            заемдар»;
      2040-шоттар тобынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      «2041 Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша
            дисконт
      2042 Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша
           сыйлықақы»;
      2201-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «2202 Жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық
            портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға
            кастодиан-банктер ашқан ағымдағы шоттардағы
            инвестицияланбаған қалдықтар»;
      2230-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «2231 Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша
            мерзімі өткен берешек»;
      2703-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «2703 Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан
            Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және
            ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша
            есептелген шығыстар»;
      2706-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «2707 Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қардарлық, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар»;
      2869-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «2869 Берілген кепілдіктер»;
      2890-шоттар тобының аты «операциялар» деген сөзден кейін «және дилингтік операциялар» деген сөздермен толықтырылсын;
      3590 «Гиперинфляцияға арналған түзету шоты», 4091 «Басқа банктермен операциялар бойынша сыйақы алуға байланысты басқа кірістер» шоттарының нөмірлері мен аттары алынып тасталсын;
      4200-шоттар тобының атындағы «Бағалы» деген сөз «Пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4482-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттар тобымен және шоттармен толықтырылсын:
      «4490 «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да
            борыштық құралдар бойынша сыйақы алумен байланысты
            кірістер
      4491 «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да
           борыштық құралдар бойынша сыйақы алумен байланысты
           кірістер
      4492 «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да
           борыштық құралдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша
           кірістер»;
      4894 «Спот операциялары бойынша кірістер» шотының нөмірі мен аты алынып тасталсын;
      4896-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «4897 Туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы алумен байланысты
            кірістер»;
      5030-шоттар тобының аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «5030 Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан
            Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және
            ұлттық басқарушы холдингтен алынған заемдар бойынша
            сыйақы төлеумен байланысты шығыстар»;
      5228-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «5229 Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қардарлық,
            кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы
            төлеумен байланысты шығыстар»;
      5308-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «5309 «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да
            борыштық құралдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау
            бойынша шығыстар»;
      5894 «Спот операциялары бойынша шығыстар» шотының нөмірі мен аты алынып тасталсын;
      5896-шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «5897 Туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты
            шығыстар»;
      7404, 7410-шоттардың атындағы «А» санаты бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
      7415 «Зейнетақы активтері орналастырылған бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушылар есептелген сыйақы» шотының нөмірі мен аты алынып тасталсын;
      3-тарауда:
      1052-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1053-шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «1053. Ипотекалық ұйымдардың банктердегі ағымдағы шоттары (актив).
      Шоттың мақсаты: Ипотекалық ұйымдардың екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шоттарындағы ақша сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша ипотекалық ұйымның банкте ашылған ағымдағы шотына түскен ақша сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша ипотекалық ұйымның банкте ашылған ағымдағы шотынан ақша сомалары есептен шығарылады.»;
      1054-шоттың атында және сипаттамасында:
      атында «бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер» деген сөздер «және ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      сипаттамада «бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер» деген сөздер «, ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1202-шоттың атында және сипаттамасында:
      атында «Банк сатып алынған» деген сөздер «Пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша есептелетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      сипаттамада:
      бірінші бөлікте «Сатып алынған» деген сөздер «Пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша есептелетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші және үшінші бөліктерде «сатып алынған» деген сөздер «пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша есептелетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1204, 1207-шоттардың нөмірлері, аттары мен сипаттамалары алынып тасталсын;
      1445-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1451-шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «1451. Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар) (контрактив)».
      Шоттың мақсаты: Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар) сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арнап құрылатын резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арнап құрылған резервтердің (провизиялардың) сомалары олардың күші жойылған немесе бағалы қағаз бойынша талап баланстан есептен шығарылған жағдайда есептен шығарылады.»;
      1452-шот сипаттамасының үшінші бөлігінде «1202» деген цифрлар «1459» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      1455, 1458-шоттардың нөмірлері, аттары мен сипаттамалары алынып тасталсын;
      1458-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1459, 1461, 1462, 1463-шоттардың аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      «1459. Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек (актив).
      Шоттың мақсаты: Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек сомалары олар сатылған, өтелген немесе олар баланстан есептен шығарылған жағдайда есептен шығарылады.
      1461. Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары (актив).
      Шоттың мақсаты: Болашақта сатушыға бағалы қағаздарды келісілген баға бойынша қайтару міндеттемесімен операция ашылған күні кепілге алынған бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары бойынша талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциясы бойынша талаптардың операция ашылған күнгі сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары бойынша талаптардың сомалары операция жабылған немесе күші жойылған жағдайда есептен шығарылады.
      1462. Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары бойынша мерзімі өткен берешек (актив).
      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары бойынша мерзімі өткен берешектің сомалары олар сатылған, өтелген немесе олар баланстан есептен шығарылған жағдайда есептен шығарылады.
      1463. Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар) (контрактив).
      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары бойынша шығындарды жабуға арналған резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары бойынша шығындарды жабуға арнап құрылатын резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша құрылған резервтердің (провизиялардың) сомалары олардың күші жойылған немесе баланстан есептен шығарылған жағдайда есептен шығарылады.»;
      1476-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1477-шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «1477. Еншілес және қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар) (контрактив).
      Шоттың мақсаты: Еншілес және қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша еншілес және қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша еншілес және қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтердің (провизиялардың) сомалары олардың күші жойылған немесе баланстан есептен шығарылған жағдайда есептен шығарылады.»;
      1481-шот сипаттамасының үшінші бөлігінде «1202» деген цифрлар «1485» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      1484-шоттың нөмірі, аты мен сипаттамасы алынып тасталсын;
      1484-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1485, 1486, 1491, 1492, 1493, 1494, 1495-шоттардың аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      «1485. Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек (актив).
      Шоттың мақсаты: Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешектің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек сомалары олар өтелген немесе олар баланстан есептен шығарылған жағдайда есептен шығарылады.
      1486. Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар) (контрактив).
      Шоттың мақсаты: Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтердің (провизиялардың) сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арнап құрылатын резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арнап құрылған резервтердің (провизиялардың) сомалары олардың күші жойылған немесе бағалы қағаз бойынша талап баланстан есептен шығарылған жағдайда есептен шығарылады.
      1491. «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар (актив).
      Шоттың мақсаты: «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдардың номиналды құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдардың номиналды құны жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар өтелген, олардың құны № 1494 баланстық шотқа жатқызылған не қаржы активтерінің басқа санатына ауыстырылған жағдайда олардың номиналды құны есептен шығарылады.
      1492. «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша дисконт (контрактив).
      Шоттың мақсаты: «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдардың номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан асып кететін сомаларын (дисконт) есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдардың номиналдық құнының оларды сатып алу құнынан асып кететін сомасы (дисконт) жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша дисконт амортизациясының сомасы № 4492 баланстық шотпен байланыстыра отырып жазылады.
      1493. «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша сыйлықақы (актив).
      Шоттың мақсаты: «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдардың сатып алу құнының олардың номиналды құнынан асып кететін сомаларын (сыйлықақы) есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдардың сатып алу құнының олардың номиналды құнынан асып кететін сомалары (сыйлықақы) жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша сыйлықақы амортизациясының сомасы № 5309 баланстық шотпен байланыстыра отырып жазылады.
      1494. «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша мерзімі өткен берешек (актив).
      Шоттың мақсаты: «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша мерзімі өткен берешек сомалары олар өтелген немесе олар баланстан есептен шығарылған жағдайда есептен шығарылады.
      1495. «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар) (контрактив).
      Шоттың мақсаты: «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша шығындарды жабуға арналған резервтер (провизиялар) сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша шығындарды жабуға арнап құрылатын резервтердің (провизиялардың) сомалары жазылады. Шоттың дебеті бойынша «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша шығындарды жабуға арнап құрылған резервтердің (провизиялардың) сомалары олардың күші жойылған немесе баланстан есептен шығарылған жағдайда есептен шығарылады.»;
      1749-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1750-шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «1750. Бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы (актив).
      Шоттың мақсаты: Бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы сомалары оларды эмитент төлеген немесе баланстан есептен шығарылған жағдайда есептен шығарылады.»;
      1756-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1757-шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «1757. «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша есептелген кірістер.
      Шоттың мақсаты: «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша есептелген кірістер сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша есептелген кірістер сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша есептелген кірістер сомалары олар алынған жағдайда есептен шығарылады.»;
      1855-шот сипаттамасының үшінші бөлігі «өткен» деген сөзден кейін «және несиелік берешекке қайта ресімделген немесе оларды баланстан есептен шығарған» деген сөздермен толықтырылсын;
      2036-шоттың атында және сипаттамасында «және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан» деген сөздер «, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2038-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 2041, 2042-шоттардың аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      «2041. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша дисконт (контрпассив).
      Шоттың мақсаты: Өтелетін заем сомасының халықаралық қаржы ұйымдарынан нақты алынған заем сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есептегенде) асып кететін сомаларды (дисконт) есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша өтелетін заем сомасының халықаралық қаржы ұйымдарынан нақты алынған заем сомасынан (мәміле бойынша шығындарды есептегенде) асып кететін сомалары (дисконт) жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заем бойынша дисконттың амортизациялау сомасы № 5069 баланстық шотпен байланыстыра отырып жазылады.
      2042. Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша сыйлықақы (пассив).
      Шоттың мақсаты: Халықаралық қаржы ұйымдарынан нақты алынған заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды есептегенде) өтелетін заем сомасының асып кететін сомаларын (дисконт) есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан нақты алынған заем сомасының (мәміле бойынша шығындарды есептегенде) өтелетін заем сомасынан асып кететін сомасы (дисконт) жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заем бойынша сыйлықаны амортизациялау сомасы № 4331 баланстық шотпен байланыстыра отырып жазылады.»;
      2201-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 2202-шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «2202. Жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға кастодиан-банктер ашқан ағымдағы шоттардағы инвестицияланбаған қалдықтар (пассив).
      Шоттың мақсаты: Жинақтаушы зейнетақы қорларымен және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен жасалған кастодиандық шарттардың талаптарымен екінші деңгейдегі банктер қабылдаған ақша қаражатының инвестицияланбаған қалдықтарын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың ағымдағы шотына түскен, екінші деңгейдегі банктердің кастодиандық шарт талаптарымен қабылдаған ақша сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың ағымдағы шотынан түскен ақша сомалары шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақсат бойынша есептен шығарылады.»;
      2230-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 2231-шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «2231. Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек (пассив).
      Шоттың мақсаты: Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек сомалары есептен шығарылады.»;
      2703-шоттың аты мен сипаттамасындағы «Үкіметінен» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен» деген сөздермен толықтырылсын;
      2706-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 2707-шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «2707. Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қардарлық, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар (пассив).
      Шоттың мақсаты: Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қардарлық, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қардарлық, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қардарлық, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты есептелген шығыстар сомалары есептен шығарылады.»;
      2869-шоттың аты мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2869. Берілген кепілдіктер (пассив).
      Шоттың мақсаты: 39 «Қаржы құралдары: тану және өлшеу» халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (IAS) сәйкес берілген кепілдіктің құнын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша берілген кепілдіктің 39 «Қаржы құралдары: тану және өлшеу» халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (IAS) сәйкес айқындалған құны жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша берілген кепілдіктің құны берілген кепілдік бойынша міндеттемелерді банк орындаған немесе күші жойылған жағдайда № 4958 баланстық шотпен байланыстыра отырып есептен шығарылады.»;
      3590, 4091-шоттардың нөмірлері, аттары мен сипаттамалары алынып тасталсын;
      4482-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 4491, 4492-шоттардың аттарымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:
      «4491. «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
      Шоттың мақсаты: «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.
      4492. «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша дисконтты амортизациялау бойынша кірістер.
      Шоттың мақсаты: «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша дисконтты амортизациялаумен байланысты кірістер сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша дисконтты амортизациялаумен байланысты кірістер сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.»;
      4894-шоттың нөмірі, аты мен сипаттамасы алынып тасталсын;
      4896-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 4897-шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «4897. Туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер.
      Шоттың мақсаты: Туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы алумен байланысты басқа кірістер сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы алумен байланысты басқа кірістер сомалары жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша басқа кірістер сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.»;
      5228-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 5229-шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «5229. Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қардарлық, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қардарлық, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (қардарлық, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.»;
      5308-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 5309-шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «5309. «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша сыйлықақыны амортизациялау бойынша шығыстар.
      Шоттың мақсаты: «Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша сыйлықақыны амортизациялаумен байланысты шығыстар сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша «заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша сыйлықақыны амортизациялаумен байланысты шығыстар сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.»;
      5894-шоттың нөмірі, аты мен сипаттамасы алынып тасталсын;
      5896-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 5897-шоттың атымен және сипаттамасымен толықтырылсын:
      «5897. Туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар.
      Шоттың мақсаты: Туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты шығыстар сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша туынды қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеумен байланысты басқа шығыстар сомалары жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша келтірілген шығыстар сомалары № 4999 баланстық шотқа есептен шығарылады.»;
      7404, 7410-шоттардың аттары мен сипаттамаларындағы «А» санаты бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
      7415-шоттың нөмірі, аты мен сипаттамасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына, екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                            Г. Марченко