Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 39 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6203 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138 тіркелген)қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінде:
      21-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) клиент мәміленің тіркелуі үшін белгіленген мерзімде ірі қатысушы мәртебесін иеленуге берілген уәкілетті органның келісімін растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ұсынбаса;»;
      22-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Орталық депозитарий «International bank account number» (IBAN) банк шоттарының халықаралық стандарттарға көшуіне байланысты Орталық депозитарийдің есебі жүйесіндегі депоненттердің жеке шоттарының аясында ашылған қосалқы шоттардың деректемелерінде қамтылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтердің өзгеруі бойынша операцияны осы депоненттің жеке шоты аясында ашылған барлық қосалқы шоттар бойынша депонент бұйрығының негізінде жүргізеді.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды ұстаушылардың шоттарынан/шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу операцияларын мына жағдайлардан:
      1) орталық депозитарийдің және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес тіркелетін, ұйымдастырылған нарықта жасалған операциялардан;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті деректемелерді қамтитын орындау парағының негізінде тіркелетін сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтардың өзгеруі немесе тоқтатылуы бойынша операциялардан;
      3) клиенттердің жеке шоттарынан оларға тиесілі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын екінші деңгейдегі банктердің акцияларын есептен шығару және осы акцияларды уәкілетті органның шотына есепке алу бойыншаҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 113 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3576 тіркелген) қаулысының 6-тармағында белгіленген тәртіпте қабылданған уәкілетті органның шешімі негізінде тіркелетін операциялардан;
      4) тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу операциялары мұрагер немесе оның өкілі берген тиісті бұйрықтың, мұрагерлік құқығы туралы куәлік түпнұсқасының немесе нотариат куәландырған көшірмесінің, мұрагер өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттардың және номиналды ұстау жүйесінде мұрагердің жеке шоты болмаған жағдайда, осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттардың негізінде тіркелетін бағалы қағаздарды мұрагерлікке алу жағдайларынан;
      5) тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу операциялары бағалы қағаздардың эмитенті болып табылатын екінші деңгейдегі банк бұйрығының және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сот бекіткен банктің қайта құрылымдау жоспарына сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушының міндеттемелерді орындау нұсқаларының ішіндегі біреуін таңдағанын растайтын құжаттың негізінде тіркелетін ұстаушыларға тиесілі екінші деңгейдегі банктер шығарған бағалы қағаздарды қайта құрылымдау аясында осы екінші деңгейдегі банктер шығарған бағалы қағаздарға ауыстыру жағдайларынан;
      6) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар айналымы саласындағы заңнамасында белгіленген жағдайлардан басқа жағдайда бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтары негізінде жүргізеді.
      Егер мәмілені жасау үшін мәміле тараптарының біреуіне уәкілетті органның рұқсаты (келісімі) қажет болған жағдайда, номиналды ұстаушы осындай келісімнің бар екенін растайтын құжатты сұратады.».
      2. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген) қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргізу ережесінде:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың не заңды тұлға болып табылатын тіркелген тұлға ұсынған осы Ереженің 13-тармағының 2) және 4) тармақшаларында белгіленген құжаттардың көшірмелері;
      3-2) мүлікті сенімгерлік басқару шарттарының көшірмелері оған енгізілген барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге;»;
      15-тармақта:
      бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «9, 10,» деген цифрлар алынып тасталсын;
      екінші бөлігіндегі «1) тармақшасының» деген цифр мен сөз алынып тасталсын;
      19-тармақта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) тіркеушінің ішкі құжаттарында белгіленген көлемдегі сенімгерлік басқарушы;»;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) сенімгерлік басқаруға берілген бағалы қағаздардың саны туралы мәліметтер болады.»;
      26-тармақтың 7) тармақшасындағы «жазбалар» деген сөз «жазба» деген сөзбен ауыстырылсын;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Осы Ереженің 15-тармағына сәйкес ашылған жеке шоттар бойынша осы Ереженің 26-тармағының 2), 3), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар (мұраға қалдырған немесе заңды тұлға таратылған кезде бағалы қағаздар бойынша меншік құқығы ауысқан жағдайда бағалы қағаздарды бір жеке шоттан басқа жеке шотқа аударуды қоспағанда) тіркелген тұлға жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты не тіркелген тұлға заңды тұлға болып табылған жағдайда, осы Ереженің 13-тармағының 2) және 4) тармақшаларында белгіленген құжаттарды тіркеушіге бергенге дейін жүргізілмейді.
      Ұсынылған құжаттардың деректемелері тіркелген тұлғаның осы Ереженің 15-тармағына сәйкес ашылған жеке шотының деректемелеріне сәйкес келмеген не осы шоттың өзге де деректемелері оны ашқан сәттен бастап өзгерген жағдайда, осы Ереженің 26-тармағында көзделген жеке шоттар бойынша операциялар тіркелген тұлға туралы мәліметтердің өзгеруі жөніндегі бұйрықты тіркеушіге бергенге дейін жүргізілмейді.»;
      32-1-тармақта:
      1) тармақшасындағы «құжаттың көшірмесін» деген сөздер «құжатты» деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақшасындағы «құжаттардың көшірмелерін» деген сөздер «құжаттарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      34-тармақта:
      бірінші бөлігінде:
      орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
      «35-тармағында» деген цифрлар мен сөз «34-1, 34-2, 34-3 және 35-тармақтарында» деген цифрлар мен сөздерге ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 34-1, 34-2 және 34-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «34-1. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан оларға тиесілі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын банктердің акцияларын есептен шығару және осы акцияларды уәкілетті органның шотына есепке алу операциялары Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 113 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3576 тіркелген) қаулысының 6-тармағында белгіленген тәртіпте қабылданған уәкілетті органның шешімі негізінде тіркеледі.
      34-2. Ұстаушыларға тиесілі екінші деңгейдегі банктер шығарған бағалы қағаздарды қайта құрылымдау аясында осы екінші деңгейдегі банктер шығарған бағалы қағаздарға ауыстырған жағдайда, тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу операциялары бағалы қағаздардың эмитенті болып табылатын екінші деңгейдегі банк бұйрығының және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сот бекіткен банктің қайта құрылымдау жоспарына сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушының міндеттемелерді орындау нұсқаларының ішіндегі біреуін таңдағанын растайтын құжаттың негізінде тіркеледі.
      34-3. Тіркеуші осы Ереженің 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған тіркелген тұлғаның жеке шотына бағалы қағаздарды есепке алу операцияларын орталық депозитарийдің жеке шотынан бағалы қағаздарды есептен шығару және осы Ереженің 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған тіркелген тұлғаның жеке шотына есепке алу жөніндегі орталық депозитарийдің бұйрығы негізінде жүргізеді.»;
      37-тармақтағы «мұрагердің» деген сөзден кейінгі «немесе оның өкілінің» деген сөздер алынып тасталсын;
      40-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Жеке шотқа бағалы қағаздарды» деген сөздер «Бағалы қағаздарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      54-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) клиент мәміленің тіркелуі үшін белгіленген мерзімде ірі қатысушы мәртебесін иеленуге берілген уәкілетті органның келісімін растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ұсынбаған;»;
      1-қосымшасының екінші кестесінің бағаны

«

пайдасына оқшаулау жүзеге асырылған тұлғаны көрсете отырып, оқшауланған бағалы қағаздар

                                                             »
      мынадай редакцияда жазылсын:
«

оқшауланған бағалы қағаздар

                                                              »;
      2-қосымшасының үшінші кестесінің
«

пайдасына ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғаны көрсете отырып, ауыртпалық салынғандар, (немесе) оқшауланғандар

                                                              »
      деген бағанындағы «, (немесе) оқшауланғандар» деген сөздер алынып тасталсын;
      4-қосымшасының екінші кестесінің
«

пайдасына ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғаны көрсете отырып, ауыртпалық салынғандар, (немесе) оқшауланғандар

                                                              »
      деген бағанындағы «, (немесе) оқшауланғандар» деген сөздер алынып тасталсын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының 1-тармағының бесінші және алтыншы абзацтары 2010 жылғы 7 маусымды қоса алғанда қолданыста болады.
      5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      6. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                       Е. Бахмутова