Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 39 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6203 болып енгізілді

Жаңартылған

      Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138 тіркелген)қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінде:
      21-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) клиент мәміленің тіркелуі үшін белгіленген мерзімде ірі қатысушы мәртебесін иеленуге берілген уәкілетті органның келісімін растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ұсынбаса;»;
      22-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Орталық депозитарий «International bank account number» (IBAN) банк шоттарының халықаралық стандарттарға көшуіне байланысты Орталық депозитарийдің есебі жүйесіндегі депоненттердің жеке шоттарының аясында ашылған қосалқы шоттардың деректемелерінде қамтылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтердің өзгеруі бойынша операцияны осы депоненттің жеке шоты аясында ашылған барлық қосалқы шоттар бойынша депонент бұйрығының негізінде жүргізеді.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды ұстаушылардың шоттарынан/шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу операцияларын мына жағдайлардан:
      1) орталық депозитарийдің және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес тіркелетін, ұйымдастырылған нарықта жасалған операциялардан;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті деректемелерді қамтитын орындау парағының негізінде тіркелетін сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтардың өзгеруі немесе тоқтатылуы бойынша операциялардан;
      3) клиенттердің жеке шоттарынан оларға тиесілі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын екінші деңгейдегі банктердің акцияларын есептен шығару және осы акцияларды уәкілетті органның шотына есепке алу бойыншаҚазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 113 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3576 тіркелген) қаулысының 6-тармағында белгіленген тәртіпте қабылданған уәкілетті органның шешімі негізінде тіркелетін операциялардан;
      4) тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу операциялары мұрагер немесе оның өкілі берген тиісті бұйрықтың, мұрагерлік құқығы туралы куәлік түпнұсқасының немесе нотариат куәландырған көшірмесінің, мұрагер өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттардың және номиналды ұстау жүйесінде мұрагердің жеке шоты болмаған жағдайда, осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттардың негізінде тіркелетін бағалы қағаздарды мұрагерлікке алу жағдайларынан;
      5) тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан/жеке шоттарына бағалы қағаздарды есептен шығару/есепке алу операциялары бағалы қағаздардың эмитенті болып табылатын екінші деңгейдегі банк бұйрығының және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сот бекіткен банктің қайта құрылымдау жоспарына сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушының міндеттемелерді орындау нұсқаларының ішіндегі біреуін таңдағанын растайтын құжаттың негізінде тіркелетін ұстаушыларға тиесілі екінші деңгейдегі банктер шығарған бағалы қағаздарды қайта құрылымдау аясында осы екінші деңгейдегі банктер шығарған бағалы қағаздарға ауыстыру жағдайларынан;
      6) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар айналымы саласындағы заңнамасында белгіленген жағдайлардан басқа жағдайда бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтары негізінде жүргізеді.
      Егер мәмілені жасау үшін мәміле тараптарының біреуіне уәкілетті органның рұқсаты (келісімі) қажет болған жағдайда, номиналды ұстаушы осындай келісімнің бар екенін растайтын құжатты сұратады.».
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының 1-тармағының бесінші және алтыншы абзацтары 2010 жылғы 7 маусымды қоса алғанда қолданыста болады.
      5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      6. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                       Е. Бахмутова