Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 200 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6182 болып енгізілді

Жаңартылған

      «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің мына бұйрықтарына келесідей өзгерістер енгізілсін:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 10 қарашадағы «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі уәкілетті және аумақтық органдардың, мемлекеттік мекемелердің, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандандырылған ұйымдардың лауазымды тұлғаларының арнайы құралдарды қолдану ережесін бекіту туралы» № 639 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3222 енгізіліп, 2005 жылдың 7 қазанында № 121-122 (746) «Заң газетіне» жарияланған):
      тақырыпта және мәтін бойынша «уәкілетті және аумақтық органдардың» деген сөздер «уәкілетті мекеме және аумақтық бөлімдердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «Бірінші Вице-Министр А.И. Мырзахметовке» деген сөздер «Вице-Министр М.А. Оразаевқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі уәкілетті және аумақтық органдардың, мемлекеттік мекемелердің, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы, мамандандырылған ұйымдардың лауазымды тұлғаларының арнайы құралдарды қолдану ережесінде:
      Осы Ереженің қосымшасындағы «аумақтық басқарма» деген сөздер «аумақтық бөлімше» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 10 қарашадағы «Сирек кездесетін және құрып кету қатері төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарға, оның ішінде зоологиялық коллекциялар жасау үшін пайдалану ережесін бекіту туралы» № 652 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3250 енгізіліп, 2005 жылдың 7 қазанында № 121-122 (746) «Заң газетіне» жарияланған):
      2-тармақтағы «Е.Ә. Келемсейт» және «М.Х. Мұсатаевқа» деген сөздер тиісінше «Е.Н. Нысанбаев» және «Ю.Т. Ромашовқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген сирек кездесетін және құрып кету қатері төнген жануарлардан басқа жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарға, оның ішінде зоологиялық коллекциялар жасау үшін пайдалану ережесінде:
      10-тармақтың 3) тармақшасындағы «аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы ұйымдарының» деген сөздер «аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 27.09.2013 № 292-ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        А. Күрішбаев